Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ХХІ ғасыр көшбасшысы -

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2234 | Размер: | Автор: Тәрбие
. ХХІ ғасыр көшбасшысы(зияткерлік сайысы). Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылдық округінің №213 "Қыркеңсе" орта мектебінің адам және қоғам пәні мұғалімі Әблеметов Рахымжан.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
(зияткерлік сайысы)
Іріктеу кезеңі
1 Белгілі бір ғылым саласына ғана қатысты сөздер не деп аталады?
кәсіби сөздер диалект сөздер кірме сөздер
2 Шешендік өнер туралы ғылым
этимология риторика геральдика
3 Грек тілінен аударғанда «шаруашылық жүргізу өнері» деген мағына беретін ғылым?
экономика этнология этнография
4 Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
Б.Саттарханов И.Ильин Ж.Үшкемпіров
5 «Көзді ашып жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің мәні
жылдам баяу кербез
6 Грек тілінен аударғанда «халық билігі» деген мағына беретін сөз
монополия демократия геноцид
7 ҚР ұлттық валютасы теңге қай күні, қай айда айналымға енгізілді?
14 қараша 1992ж 15 қараша 1993ж 15 қараша 1993ж
8 Америка құрама штаттарының мемлекеттік тілі қай тіл?
француз американ ағылшын
9 1771 – 1781ж.ж қазақ тарихында қандай оқиға болды
Абылай ханның ел билеуі К.Қасымұлы көтерілісі Жоңғар шапқыншылығы
10 ҚР Конституциясына соңғы рет өзгертулер мен толықтырулар қашан енгізілді?
1993ж 1995ж 2007ж
11 Қазақтан шыққан тұңғыш грек рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы
Балуан Шолақ Қажымұқан Ж.Үшкемпіров
12 Футболдан биылғы жылғы ел біріншілігінің алтын жүлде иегері?
Тобыл Алматы Ақтөбе
13 Қазақстан құрамасы 2008ж Пекинде өткен жазғы олимпиадада бейресми жалпыкомандалық есепте нешінші орынды иеленді?
22 35 29
14 Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі
маймыл дельфин Адам
15 Nokia маркалы ұялы телефондары қай елде шығарылады?
Швеция Финляндия Жапония

ІІ тур К Ө К П А Р
Қазақстан тарихы
1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қандай оқиғаға апарып соқтырды? Отырар апаты
2. 1598ж Есім сұлтан қазақ хандығына хан сайланғаны белгілі. Хан сайлана алмай қалған Тұрсын сұлтан 1613ж қазақ хандығы қарамағындағы Ташкентті басып алып, өзін хан деп жариялайды. 1627ж Есім хан жоңғарларға қарсы жорыққа аттанғанда Тұрсын хан Түркістанда бүлік шығарады. Осы оқиғадан соң Сайрам қамалының түбінде екі ханның арасында қанды қырғын соғыс болып Тұрсын хан жеңіліс табады. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Бұл оқиға тарихта қандай атпен қалды? «Қатаған қырғыны»
3. 1643ж Орбұлақ шайқасында 600 әскермен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шығып, жеңіске жеткен қазақтың атақты ханы кім? Салқам Жәңгір
4. Қазақ халқының 300 жылдай Ресейге (КСРО-ға) бодан болғаны белгілі. Осы кезеңдерде елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғалардың аз болмағаны белгілі. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен, 1942 жылы жат жерде қаза тапқан қайраткер кім? М.Шоқай
5. 1991 жылдың 1 желтоқсанында қазақ тарихында қандай оқиға болды?
Тұңғыш Президент сайлауы өтті

Дүние тарихы
1. Александр Македонский көптеген жерлерді жаулап алып өзіне тірек қалалар салдырғаны белгілі. Орта Азия жерін жаулап алып, Яксарт (Сырдария) өзенінің бойына қандай қала салдырған? Александрия Эсхата
2. 1337 – 1453 жылдар аралығында Англия мен Франция арасында тарихтағы ең ұзақ соғыс болғандығы белгілі. Бұл соғыс ежелгі дүние тарихында қандай атпен қалды? «Жүз жылдық соғыс»
3. Инквизиция дегеніміз не? Шіркеу соты
4. Екінші дүние жүзілік соғыс қай күні, қай айда басталып, қай күні, қай айда аяқталды? 01.ІХ.1939 – 02.ІХ.1945ж.ж
1991 жылы дүние жүзіндегі алып империялардың бірі ыдырағаны белгілі. Бұл оқиға қай елге қатысты? КСРО (Ресей)

География
1. Уран өндіру, өңдеу және оны шетелге экспортқа шығарумен айналысатын Қазақстандық ұлттық компания Қазатомөнеркәсіп
2. “Республикалық маңызы бар қала” бұл терминді қалай түсінесің?
Мәртебесі облыспен теңестірілген қала
3. Ірі қаланың маңына елді мекендердің шоғырлануы не деп аталады?
агломерация
4. Мұхит суы тұздылығының өлшем бірлігі промилле
5. “Тұманды альбион елі” бұл атау қай елге қатысты айтылған?
Ұлыбритания

Биология
1. Қызыл, сары немесе қызылсары бояутекті – каротиноидтары бар органойд
хромопласт
2. Әлемдегі тіршілік иелері қандай жолдармен көбейеді? жынысты және жыныссыз
3. Клондау дегеніміз не? тіршілік иелерін қолдан көбейту
4. Дальтонизм дегеніміз не? түсті ажырата алмаушылық
5. Жасушаны зерттейтін биология ғылымының бір саласы? Цитология

Информатика
1. Интерфейс дегеніміз не? Адам мен компьютер арасындағы байланыс
2. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? информатика
3. Программаның орындалу барысында әртүрлі мәндер қабылдай алатын шамаларды не деп атаймыз? айнымалы
4. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс
5. Өздігінен жұғуға және көбеюге қабілетті, көлемі шағын программалар компьютерлік вирус

Құқықтану
1. Құқық дегеніміз не?
Мемлекет тарапына заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі
2. Белгілі бір мәселелерді шешу үшін бүкілхалықтық дауыс беру не деп аталады?
референдум
3. Қазақстан Республикасында биліктің неше тармағы бар?
үш тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы, сот билігі
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай күні, қай айда қабылданды?
30.VIII.1995 ж
5. Абсентеизм терминін қалай түсінесің?
Сайлауға келмей қалушылық

Физика
1. Энергия дегеніміз не? дененің жұмыс істей алу қабілеті
2. Электр тогының неше тегі бар? екі тегі: оң және теріс
3. Аттас зарядтар дегеніміз не? тегі бірдей зарядтарды айтамыз
4. Ауырлық күші дегеніміз не? дененің жерге тартылу күші
5. Ішкі энергия дегеніміз не?
кинетикалық және потенциалдық энергияның қосындысы

Химия
1. Суда жақсы еритін карбонаттар? сілтілік металдар
2. Асыл металдарға қандай металдар жатады? алтын, күміс, платина
3. Атомның басқа атомдарды өзіне қосып алу қасиеті не деп аталады? валенттілік
4. Атом ядросының құрамында электр заряды жоқ бөлшек? нейтрон
5. Д.И.Менделеев атақты орыс химигі, химия тарихында қандай еңбегімен орын алады? периодтық кестені жасауымен

Қазақ тілі
1. Орфография және орфоэпия дегеніміз не?
орфография – дұрыс жазамын
орфоэпия – дұрыс айтамын
2. Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңыз?
есептік, реттік, болжалдық, топтық, бөлшектік, жинақтық
3. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады? синтаксис
4. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? ашық, қысаң
5. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не деп атаймыз? Диалект

Қазақ әдебиеті
1. Эпифора дегеніміз не?
өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы
2. Мұхтар Әуезов қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 1897ж 28 қыркүйекте Семей облысында
3. Поэма дегеніміз не?
белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр толғау түрінде келетін көлемді шығарма
4. Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман эпопеясының басты кейіпкері кім? Абай
5. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы кім? І. Есенберлин

математика
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады?
5 бұрыш болады
2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атаймыз?
құрамында әрпі бар өрнекті
3. Пропорция дегеніміз не? екі қатынастың теңдігі
4. Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болуы мүмкін бе? ия, қарт 29 ақпанда дүниеге келген
5. “Функция” сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады? Бейнелеу

астрономия
1. Астрономия ғылымы нені зерттейді?
аспан денелерін, олардың құрылысын, пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылым
2. Күн жүйесіндегі алып планета Юпитердің қазақша атауы? есекқырған
3. Астрономиялық бірлік дегеніміз не? аспан денелерінің қашықтығын өлшеудің бірлігі
4. Галактика дегеніміз не?
құрамына күн жүйесі енетін аумақты жұлдыздық жүйе
5. Арнайы дайындықтар мен жаттығулардан өтіп, космостық ұшуларға қатысатын адам космонавт
ІІІ тур Бәйге
Ғылым
10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым
саласының таңбасы? медицина
20. Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм,
гидравлика, космология, энергетика бұл ататлған ғылым салалары мектепте
қай пәнге қатысты? Физика
30. Дәрілік заттардың адам мен мал организміне тигізетін әсерін зерттейтін
медицина ғылымының бір саласы? Фармакология
40. Тірі организмнің айнала қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология
ғылымының бір саласы? Экология
Қоғам
10. Республикалық басқару жүйесіндегі елдерде белгілі бір мерзімге сайланған
мемлекет басшысы? Президент
20. Тиым салу, заң шығарушы органдардың қаулы – қарарын тоқтатып тастау
немесе заңның күшін тоқтату вето
30. Халықтың саяси өмірге немқұрайлы қарауы, азаматтық міндеттерін атқарудан
бас тартуы немесе сайлауға қатыспаушылық не деп аталады? абсентеизм
40. Басқа елдердің жерін тартып алу, күшпен бағындыру, қарулы шабуыл жасау
не деп аталады? агрессия

Спорт
10. Қазақша күресте екі палуанның бірін – бірі жеңе алмай қатар жығылуы не деп
аталады? итжығыс
20. 2008ж австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының
алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? Испания
30. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді? Пекин 2008ж
40. Спортсаласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді?
бес дүркін чемпион
ІV тур Жорға
Жалпы сұрақтар (А нұсқасы)
1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі математигі
И.Ньютон
2. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан
3. Жердің табиғи серігі ай
4. Адамдар қауымдастығының рудан жоғары сатысы тайпа
5. Жойылып кеткен жануарларды қазба қалдықтары арқылы зерттейтін ғылым?
палеонтология
6. Ең жоғары ғылыми атақ академик
7. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай деп аталады? Ақорда
8. Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз темірқазық
9. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? газет, журнал, телевидение
10. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең кіші номиналы 1тг

(В нұсқасы)
1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
Ж. Үшкемпіров
2. Қазақтың тұңғыш романы қалай деп аталады? Қалың мал
3. Қазақ АКСР-ң алғашқы астанасы Орынбор
4. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат Бәйтерек
5. Әріп дегеніміз не? дыбыстың таңбасы
6. Гиппократ антын кімдер қабылдайды? дәрігерлер
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең үлкен номиналы 10000тг
8. Тамографияда қолданылатын сәулелер қалай аталады? Рентген
9. Алматы қаласының оңтүстік-шығысындағы тау жүйесі Іле алатауы
10. Жер мен күннің арақашықтығы 149млн км
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.