Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мемлекет: функциялары, құрылымы  мен басқарылуы. -

Мемлекет: функциялары, құрылымы мен басқарылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 318 | Просмотров: 3001 | Размер: 147.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Мемлекет: функциялары, құрылымы мен басқарылуы.
Мақсаттары:
Мемлекеттің атқаратын функцияларын айқындау; оқушыларды мемлекетті басқарудың заңды және өзге формаларымен таныстыру;мемлекеттік құрылулардың түрлерін ажырату; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару формасы туралы ой қозғап отырып, қоғамның дамуының келешегіне ой жүгірту; демократизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Өткізілу әдісі: Интерактивті тақтамен тірек-сызба арқылы түсіндіру, деңгейлік сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Жоспары:
1. Мемлекеттің функциялары.
2. Мемлекетті басқару формалары.
3. Мемлекеттік құрылудың әртүрлілігі.
Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
II.Жаңа сабақ.
Сабақты бастамас бұрын оқушылардан мемлекет туралы не білетіні сұралады, тарих пәнімен байланыстырып мемлекеттің түрлері және пайда болу себептері анықталады.

Білемін. Білгім келеді. Білдім.


Сабақ тірек-сызбалар негізінде түсіндіріледі.


Билік басына келу жолдары:













Тарихи сынақхат.
Қазақстан ... республика.1933 жылы Германияда фашистік … орнатылды. 17 ғасырда Ресейде ... монархия билігі күшейді. Францияда
революциядан кейін король билігі … шектелді.

Кілт сөздері: президенттік, диктатура, абсолюттік, конституция.

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:

I деңгейлік сұрақтар.

1. Мемлекеттің үш функциясы?
2. Билікке келу жолдары?
3. Мемлекеттің басқару формалары?
4. Монархияның екі түрі?
5. Абсолюттік монархия дегеніміз не?
6. Конституциялық монархия дегеніміз не?
7. Республикалық басқарудың екі түрі?
8. Диктатура дегеніміз не?
9. Мемлекеттің құрылуының түрлері?

II деңгейлік сұрақтар.
1. Абсолюттік монархияның конституциялық монархиядан айырмашылығы неде?
2. Президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңдар?
3. Тоталитаризмнің авторитаризмнен айырмашылығы неде?

III деңгейлік сұрақтар.

1. Тарих пәнімен байланыстырып буржуазиялық революцияға дейін монархиялық атап өтіңдер?
2. Ең бірінші рет парламенттік республика қай елде, қандай тарихи оқиғадан кейін орнатылды?
3. Фашистік диктатура қашан, қандай елдерде орнатылды, көсемдері-кімдер?

Қорытындылау. «Білемін, білгім келеді, білдім» тапсырмасының соңғы бөлігі толтырылады.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.