Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы. -

Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1728 | Размер: | Автор: balaseri
. Ырғыз ауданы,Құмтоғай селосы,
Қарақұдық негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Аймаганбетова Индира Амангелдиевна
Пәні: Дүниетану
Сынып: 4 клас
Күні: 10.04.2013 сжыл
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: :Оқушыларға қоғамның шаруашылық және мәдени
өмірі деген түсініктерді қалыптастыру,ауыл мен
қаланың айырмашылықтары туралы түсінік беру;
Тәрбиелілік: Дұрыс ойлай және қорытынды жасай білуге үйрету,
еңбекқорлыққа, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой – өрістерін, танымдық қызығушылық
-тарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу.
Көрнекіліктер: қала мен ауыл бейнелері, плакаты(шапшаң ойыны), кепе
қағаздар,буклет, көрме.

Сабақтың жүру барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі
-жоқ оқушыларды түгендеу;
-оқушылар назарын саббаққа аудару;
-оқу – құралдарын қадағалау

ІІ.Психологиялық дайындық
«Тілек шоғы»
Оқушылар қастарында отырған көршілеріне көршісінің есімінің бас әріпімен байланысты тілек айту.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А. 2-3 оқушыдан үйге берілген «Ауыл» тақырыбын сұрап, қосымша сұрақтар қойып бағалау.

Ә.Оқушылардың үйге жазуға берген «Менің ауылым» атты эсселерін дәптерлерінен оқыту, талдау.

ІІІ. Жаңа материал меңгерту
А. Оқушылр пікірін сұрап шығу
«Телекөпір» іскерлік ойыны арқылы
(Ауыл мен қала тұрғындары бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.)
-Ауылдарыңызда еңбектің қандай түрлерімен айналысасыздар?
-Соңғы жылдары ауылдарыңызда нендей өзгешелік бар?
-Қала тұрғындары сіздердің өнімдеріңізді пайдаланбай өмір сүре алама?
-Қалада тұрған сіздерге несімен қызықты?
-Ауыл тұрғындарының өндірген өнімдері сіздерге қажет пе?
-Ауылға бару ойларыңызда барма?

Ә. Балалар, ендеше мына жердегі еңбекпен жаалған жұмыстың нәтижесіне назар аударсақ. Әрине мұндай өнімдерді біз тек ауылдан ғана таба аламыз. Нағыз еңбек ауылда десек те болады.

Б.Өздеріңнің жасаған жұмыстарың «буклетке» тоқталайық.
(Тобынан бір оқушы түсіндіріп береді.)
Бұл да сіздердің еңбектеріңіз. Суретті өз қолдарыңызбен салып, бояп, әсемдеп жасауларың.
ІV.Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тақырыпты мәнерлеп оқып шығып, мазмұнын ашып түсіндіру.
Оқушыларға тізбектеп оқыту
V.Сергіту сәті
«Шапшаң ойыны» Аялдамадағы көліктерде сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға мүдірмей жауап берсек, бүгінгі сабақты толық меңгергендерің.
-Мәтіндегі халқымыздың еңбек туралы айтқан нақыл сөзін есіңе түсіріп,айт?
-Оқушы еліне пайда келтіру үшін не істеу керек?
-Еңбектену не үшін қажет?
-Ауылда балалар қандай шаруамен айналысады?
-«Мен еңбектенемін.Өйткені еңбек..» әңгіме жазыңдар
-Бес жолды өлең құрастырыңдар
VІ.Дәптермен жұмыс
Күннің жадын, тақырыпты жазу.
«Мен еңбектенемін.Өйткені еңбек..» әңгіме жазу немесе
бес жолды өлең құрастыру. Еңбек,ауыл.қала тақырыбына

VІІ.Үйге тапсырма беру
Тақырыпты оқып, мазмұндау. Жазбаша жұмыстарды аяқтау

VІІІ.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.