Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аңыз әңгімелер - даналық бастауы -

Аңыз әңгімелер - даналық бастауы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 325 | Просмотров: 2999 | Размер: 13.4 Kb | Автор:
. Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер - даналық бастауы (Аңыз әңгімелерді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
А) Аңыз-әңгімелер туралы алған білімдерін кенейте отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету.
Ә) Оқушылардың тіл байлықтарын арттырып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу, тілдерін дамыту.
Б) Аңыз әңгімелер арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру. Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі:Білімдерін жинақтау, сайыс сабағы.
Сабақтың типі:Қайталау.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, Ой қозғау, сұрақ-жауап, эссе, топтастыру, АКТ, СТО стратегиялары.
Көрнекілігі: бағалау парағы, парақтар, суреттер
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. а) амандасу; б) назарларын сабаққа аудару.
Сабақ оқушылар бір-біріне сәттілік тілеуден басталады. Оқушыларға қосымша тапсырмалар берілген. Өздерің басқа аңыз әңгімелерден ізденіп, оқып көріністер дайындау тапсырылған.
Бүгінгі сабақта аңыз әңгімелерден алған білімімізді тиянақтау үшін сайыс сабағы өткізіледі.Сабағымыздың ұраны «Шығамын білім шыңына» деп аталады. Ендеше «Оқу инемен құдық қазғандай» деп тегін айтылмаған. Ұлы бабаларымыздың «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген нақыл сөзі көп мән жайды аңғартады, сондықтан «Аңыз әңгімелер - даналық бастауы» атпен осыған дейін өтілген аңыз әңгімелер бойынша алған білімімізді ортаға саламыз. Сынып оқушылары өз білімін, іскерліктерін байқату үшін үш топқа бөлініп сайысқа түседі.
№1 «Шығамын білім шыңына»
«Аңыз әңгімелер - даналық бастауы» (Аңыз әңгімелерді қайталау)
1-топ - «Тапқырлар» тобы.
2- топ - «Алғырлар» тобы.
3-топ - «Білгірлер» тобы.
Топтың атын, ұранын белгілеу. Топтың ұраны:
1. «Талапты бала талпынған құстай».
2. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін».
3. «Оқыған жетер мұратқа»
Топтың жетекшісін сайлау. Топ жетекшілеріне бағалау парағы беріледі. (Өзін-өзі бағалау және өзгені бағалау)
№2
II. Қызығушылықты ояту бөлімі (бейне таспа) бейне таспаны көріп болған соң оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. (Өзім қорытындылаймын)
№3
III. «Иә», «Жоқ» стратегиясы. Графикалық диктант.
1.Аңыз –ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма? +
2. Аңыздағы оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?. +
3.Жиренше мен Қарашаш өмірде болған жоқ деуге бола ма? -
4. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма? + 5.Аңыздағы кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр бола ма? + (оқушылар жауаптарының ұтымдылығын, ерекшелігін атап өту)
№4
IY. Ой шақыру.
*Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
*Қандай аңыздарды білесіздер?
*Асан қайғы деген кім?
*«Жерұйық» дегеніміз не?
*Шыңғыс ханға баласының өлгенін естірткен күйдің жырын кім айтады?
*Жиренше төрде отырып, қызға қарап басын сипайды. Бұл не дегені?
*Қыз астындағы тақыр тулақты сипайды. Ол не дегені?
*Жиреншеге мінездеме беріңдер. (1. Әрқашан әділдікті, шындықты айтады; 2. Кісімен ақылдасуды ұмытпайды; 3. Сөзді тауып айтады; 4. Хан екен деп жағымпазданбайды, өзін еркін ұстап, ханмен тең дәрежеде сөйлеседі).
Дәптермен жұмыс.

№5 (Аңыз кейіпкерлерінің суреттері)
Аңыздар бойынша әр топтың көріністерін тамашалауға кезек берейік.
№6 Сендер керемет шәкіртсіңдер!
Сендер керемет шәкіртсіңдер!
Бүгін аңыз әңгімелердің бір шыңына жеттіңдер.
Әлі талай шыңдар бар, сәттілік тілеймін!

Сабақты бекіту: (топ басшылары бағалау парағы бойынша сөйлейді)
Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Парақтағы ұпай арқылы бағаларын қою.
Үйге тапсырма: Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін)
1.Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (проблемалық сұрақ)
2.«Әңгімедегі бақытсыз жан» тақырыбына эссе жазу.
3. Хан мен Жиреншені көз алдыңа елестете отырып суретін салу.
Толғаныс сәті:
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Не ұнады? Не ұнамады?
Әр топтағы оқушылар парақшаға рефлексия жазады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.