Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай. « Қыс» өлеңі -

Абай. « Қыс» өлеңі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 268 | Просмотров: 1893 | Размер: 47.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Абай. « Қыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу.
Табиғат лирикасы туралы түсінік беру.
«Қыс» өлеңінің көркемдік ерекшелігі.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адам мен табиғаттың байланысын түсіндіре отырып, жігерлілікке, қиындықты жеңуге, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Өлеңді оқыта отырып, оқушының сөйлеу
тілін дамыту.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Абайдың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Сұрақ- жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
- Автор қысты кімге теңеп тұр?
- Шалдың киімдері қандай?
-Киім деп отырғаны не?
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
- Түр- түсі қандай?
- Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер?
Міне осылай табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу
тәсілін кейіптеу деп аталады.
ІV.Өлеңді қыстың сипаты және қысқы ауыл деп, екі бөлімге бөліп сызба арқылы талдау жасату.

үскірік аяз бен қар
ақ қырау

ақ киімді
ақ сақалды соқыр мылқау

алты қанат үй малшы

шидем
мен тон
ит
балалар
қасқыр

V.Сөздік жұмысы.
VІ.Сабақты қорытындылау.


кейіптеу заманының суреті


бұрынғы қазіргі
тұрмыс қыстың
тіршілік көрінісі

Бағалау:

VІІ.Үйге тапсырма: Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.