Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Билердің сөзі – ақылдың көзі. -

Билердің сөзі – ақылдың көзі.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 520 | Просмотров: 5637 | Размер: 23.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Сексенбаева Жанаргуль Тулегеновна
БҚО,Жәнібек ауданы,
Т.Жароков ЖББОМ-нің қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Билердің сөзі – ақылдың көзі.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың қазақтың бас билері туралы білімдерін тереңдетіп, шешендік сөздерді жаттап, талдай білуге үйрету. ә) Оқушыларды өз бетімен ізденуге талпындыру арқылы ой көкжиегін дамыту, тілдерін жетілдіру.
б) Ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Білімді бекіту, тиянақтау сабағы

Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Үш биге қатысты мәліметтер, сызба-кестелер, венн диаграмма.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.

Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

I. Сабақтың өту тәртібі. Қызығушылықты ояту. 1. Сауат ашу
2. Ой шақыру
II. Мағынаны таныту. 1. Шешеннен асыл сөз қалар.
2. Топтастыру.
3. Венн диаграммасы.
4. Тест сұрақтары. III. Ой толғаныс. Өлең шығару.
Асан қайғы, жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл
Ата-анамыз әлдилеп
Уатқан бізді баба тіл
Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр- дегендей сөз асылын шешендер мен билердің мұрасын табамыз. Шешендер-ердің құнын ені ауыз сөзбен бітіретін жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбататын даналық сөздер иесі.
I. «Сауат ашу».
Өнегелі тапқыр
сөздер Дау, талас
Өмір шындығы мәселесін шеш

Халықтың
ақыл-ойы, арманы Бата-тілек,
Ауызша тараған насихат түрінде

Шешендік сөздердің құндылығы тек шынайылығында емес, ойының тапқырлығында.
II. Қазақстанда үш би болған ел қалаған
Аузына не айтар деп жұрт қараған
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би
Әйтеке үшеуінен сөз тараған.
Сұрақ: 1. Тағы қандай шешен билерді білеміз?

Ой шақыру:
а) 1. 15 жасынан ел дамуына араласқан би?
2. Төле бидің туған жылы (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы.
3. Төле би қай тілді меңгерген? (араб, парсы)
4. Төле би қоғамдық қызметі қай кезде анық көрінеді? (1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде)
5. Төле бидің әкесі кім? (Әлібек сөзге шешен би)
Төле би қазақтың ежелгі құжаты «жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын жасауда жетекші роль атқарған. Бұл құжат ел арасындағы әдет-ғұрып дәстүрлерін бұзушыларға тыйым салуда елеулі қызмет атқарған. Халық арасындағы Төле би тауып айтады деген сөз бар.

ә)1. Қалмақ ханы Қоңтажымен кездескен би. (Қазыбек би)
2. Қазыбек би есімдерін қатар аталатын тарихи тұлғаларынан кімдерді білесің? (Абылай, Бұқар, Төле, Әйтеке)
3. Қазыбектің туған жері? (1668 жылы Сырдария жағалауы)
4. Арғы аталары қандай адам болған? (Оқыған, тоқығаны көп ақылгөй, абыз шешен, би)
Қазіргі дәуір Қазыбек кезінде атақты беделді билердің бірі болған. Ол Абылай хан, Тәуке, Әбілмәмбет хандардың тұсында халық ханы үшін ел қорғау ісіне белсене араласқан. Қазақ хандығы Россияға қосылуын жақтаған. 1764 жылы 97 жасында дүниеден озған. Туысы Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне әкеп қойған. Халық ой қазып айтқан Қазыбек деп қастерлеген.
б) 1. Билікті мақал-мәтелмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін би.
2. Әйтекенің туған жылы?
3. Қайда оқып білім алады?
4. Кімнің кеңесшісі биі болған?
5. Қазір бидің бейіті қай жерде?
Әйтекенің қай мұрасын алып қарасақ та, ел қамын, туған халқының зор мұңын айтқан пікірін көреміз. Ел ішінде Әйтеке жарып айтады деген сөз бар.
ІІІ. Шешеннен асыл сөз қалар.
Семантикалық карта.
№ Ш.с тақырыбы Төле Әйтеке Қазыбек
1 Он жұмбақтың шешуін тапқан би? +
2 Қалай еткенде бірлік болмақ? +
3 Бір сөз айтсан жақсыға? +
4 Жаңа үйреткен жас тұлпар? +
5 Кім жақын, не қымбат, не қиын?
6 Адамның екі көз, екі қолының қайсысы кем? +

Түсініктеме күнделігі. Шешендік сөздердің мазмұнын айтады.

ІV. Шешен сөз-сөйлер сөзден қамалмаса.

Көрініс. Қазыбек би «Екі әйелдің дауы»

V. «Топтастыру» әдісі арқылы шешен-бидің қоғамдағы қызметін анықтау.

Мәмлегер Елші Ақын

Заңгер Шешен

Тәрбиеші Қоғам қайраткері
Айтылған ойларды нақты әңгіме- мысалмен үзінді келтіріп дәлелдеу.
VI. Венн диаграммасы. Бұрынғы және қазіргі шешендік сөздерді салыстыру.
Бұрынғы ш.с Ортақ ш.с Қазіргі ш.с
Ауызша айтқан Халықтың қамы Жоғары лауазымды адамдар айтады
Ақсақал шешен билер Өсиет сөздер Лекция, баяндама
Ақыл- нақыл Көркем тілмен баяндалады Алдын ала дайындалады
Сол уақытта шығарылады Жақсылыққа баулиды Сот төрағасы шешеді
Дау, таласты билер шешкен Өмір шындығы

VII. Әдеби диктант. ( Отырғандар үшін) 1. Шешендік сөз дегеніміз не? 2. Риторика қандай ұғымды білдіреді? 3. Үш биге бата берген хан?
4. Сөз өнері алғаш қай жерде пайда болған? 5. Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі- кімнің сөзі ( Төле би)
6. Қазақстан мемлекеттік мәртебеге қашан ие болды? (1984 жылы 22 қыркүйек)

Тест сұрақтары
1. Шешендік сөзді тап?
Ашу- дұшпан, ақыл- дос
Ақылыңа ақыл қос.
2. Үш би қай ғасырда өмір сүрді? (ХVIII- ғасыр)
3. Сен- темір де, мен- көмір
Еріткелі келгенмін,- деген кімнің сөзі ? (Қазыбек би)
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.