Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Егінші мен қасқыр. -

Егінші мен қасқыр.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 448 | Просмотров: 4699 | Размер: 29.5 Kb | Автор:
. Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Латвия ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу. Дамытушылық: оқушылардың танымдық білім,білік дағдысын дамыту; Тәрбиелік: Достыққа ,еңбекке тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
- Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта.
- Шегіртке жаздай не істеді?
- Құмырсқа ше?
- Саған қайсысы ұнайды?
- Неге?
Үй тапсырмасын пысықтау.
- Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Жаңа сабаққа даярлық.
Ексең егін , ішерсің тегін .
Жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
-Балалар қазі р қай мезгіл?
-Ендеше күз мезгілі туралы ойымызды тірек – сызба арқылы топтастырып көрейік.
егін жинау молшылық
Күз
күн салқындайды ет,май

-Көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық.
-Көбейту амалын орындап ,нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қою керек.
25:5 3х3 2:2 2х3 10х1 21:3
Ш Г Е Т І Е
1-Е 5-Р 6-Т 7-Е 9-Г 10-І

-Балалар,ендеше бүгін біз «Егінші мен қасқыр»литва ертегісімен танысамыз.

1.Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу.
- Адам не жеп отыр еді?
- Қасына не келді?
- Ол не жайлы сұрады?
- Нан дастарханға келгенше аз еңбек кетеді ме? Ретімен айтып көрші.
- Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма?
2. Сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Қандай?
3. Сызбадағы сөздерді ретімен ата.
1-қатар. Егіншінің еңбегі жайлы әңгімелеңдер?
2-қатар. Қасқыр жөнінде не білесіңдер?
3-қатар. Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсындар?

Сергіту сәті :
ҮІ. Қорыту: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде
ҮІІ.Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу. Бағалау




Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы В. Сухомлинский. Қатқан нан
Жалпы мақсаттар: Орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу.
Міндеттері - Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғындыру;
- Нанды қастерлеуді, ысырап етпеуді, адам еңбегін бағалай білу керектігін түсіндіру.
- «Нансыз – өмір жоқ» екенін білдіру;
Оқыту нәтижесі:
- Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғынды;
- Нанды қастерлеуді, ысырап етпеуді, адам еңбегін бағалай білу керектігін түсінді
- «Нансыз – өмір жоқ» екенін білді.
Тапсырмалар: 1 - тапсырма. (бір оқушы «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан келген журналист болып шығып, оқушылардан үй жұмысына байланысты сұхбат жүргізіп үй тапсырмасын қорытындылайды)
2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта, түйін. (Көрініс қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
3 - тапсырма. Серпілген сауал (Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар лақтыру)
4 - тапсырма. Алты ойлау қалпақтары (Жұптық жұмыс)
5 – тапсырма. Бірге ойлаймыз. В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтініндегі түйін оқушылар көзқарасымен.
6 – тапсырма. Жинақтау «Сен маған, мен саған»

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!
Бүгінгі көңіл - күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңдерші.
Топқа бөлу
Сынып оқушыларын 2 топқа отырғызу (жемістер арқылы топқа бөлу алма, шие)

Бағалау көрсеткіштері
(бағалау бетшесі топ басшысына беріледі)
1. Мәтінмен жұмыс
2. Мәтін бойынша жұптық, топтық тапсырмалар
3. «Сен маған, мен саған»
4. Инсерт әдісі

Ой қозғау (үй тапсырмасын қорыту)
1 - тапсырма. (бір оқушы «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан келген журналист болып шығып, оқушылардан үй жұмысына байланысты сұхбат жүргізіп үй тапсырмасын қорытындылайды)

Мұғалім: Балалар, бүгін бізге сендердің білімдеріңді тексеруге «Қазақстан» ұлттық телекомпаниясының журналисі келіп қалды. Олардың сендерге үй жұмысына байланысты бірнеше қоятын сұрақтары бар. Сұрақтарына жауап береміз бе?
1. Ғафу Қайырбековтың «Комбайыншы» өлеңі сіздерге ұнады ма?
2. Бұл өлеңдегі негізгі ой қандай?
3. Кім бұл өлеңді жатқа айтып береді?
4. Жер – Ана адамдарды ерте заманнан асырап келеді. Жер адамға жемісін бермей қойса, аштық басталады. Аштықты болдырмас үшін сен не істер едің?

Ой дамыту.
2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта, түйін. (Көрініс қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
Балалар далада ойнап жүр. Үйден қолында наны бар Нұржігіт шықты. Ол нанын жеп тауыспай лақтыра сап балалармен ойнауға жүгірді.
Оны көріп қалған Жасұлан:
- Нұржігіт, нанды лақтыруға болмайды.
- Біздің үйде нан көп, қаласам басқасын жеймін.
- Сен олай деме, сен өзің нанның дастарханға қалай келетінін білесің бе?
- Нұржігіт үндемей тұрып қалды.
Айқындық сұрақтар
- Балалар, осы көріністе көргендеріңіз шындық деп ойлайсыз ба?
- Нұржігіттің осы істеген ісі дұрыс па?
- Ал, балалар Нұржігітке қандай ақыл кеңес берер едіңдер?
1. Нанды жерге лақтырма.
2. Нанды баспа, обал болады
3. Нансыз — өмір жоқ
Ал, балалар, қолымдағы мына нанға қарайықшы.
Ендеше осы нан қайдан келеді екен?
Нан туралы жырламаған ақын да, жазушылар да көп.
Нан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Ей, балалар, балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов).
- Бұл өлеңде не туралы айтылып тұр?
- Бұл тақпақта нанды қастерлеу қоқымын шашпау, жерде жатса баспау және теріп алып торғайларға тастау туралы айтылады.
- Дұрыс, балалар. Нан оңай келмейді. Ол көп еңбектің жемісі. Сондықтан нанды қадіреу керек, жерге тастамау керек.
Байланыстылық сұрақ.
- Біздің тамашалаған көрінісіміз, нан туралы айтқан өлең жолдарымыздың бүгінгі сабаққа қатысы қандай?

- Біз бүгін осы нан туралы орыстың ұлы ғалымы В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтінімен танысқалы отырмыз.
1 – слайд. В. Сухомлинский туралы мағлұмат беру.
«Мағынаны таны»
Визуалды айғақтар. (көзбен көретін айғақтар)
«Қатқан нан» мәтінін бейнеролик арқылы көрсету

3 - тапсырма. Серпілген сауал (Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар беру)
Осы мәтінді ести және көре отырып не ұқтық?
- Балаларға неге қатқан нан берілді?
- Балалар, қатқан нанның қиқымын еденге түсірмей, неге сақтықпен жеп отыр деп ойлайсың? Балалардың іс - әрекетіне баға беріңдерші?
- Егер сендер сол балалардың орнында болсаңдар қатқан нанды жер ме едіңдер?
Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді топта бөліктер бойынша тізбектей оқыту.
- Мәтін үзіндісінен түйінді ой айту және тақырып қою
- Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқытып, балалардың іс - әрекетіне баға бергізу.
(басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейлерін тексеру)

4 - тапсырма. Ойлау қалпақтары (Жұптық жұмыс)
Қызыл қалпақ – «Қатқан нан» мәтінінен қандай сезімдесіз?
Сары қалпақ – осы мәтіннен маған ұнаған жағымды тұстары
Жасыл қалпақ – осы тақырып төңірегінде қандай қызықты идея ұсынар едің?
Қара қалпақ – әзілмен ғана осы мәтіннен маған ұнамаған тұстары
Көк қалпақ – осы алты қалпақтың бағыттарын бақылай отырып, қорытынды жасау

(Оқушылар өздерін бағдаршамның түстері арқылы бағалау)

5 – тапсырма. Бірге ойлаймыз.
Топтық жұмыс. В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтініндегі түйін оқушылар көзқарасымен.
1 топ – Нансыз өмір жоқ» туралы эссе жазу.
2 топ – Авторға хат жазу

«Бірге ойлаймыз, сөйлесеміз, есептеу» (топтан бақылаушы қойып, топта жұмыс істеп отырған топ мүшелерінің жұмысын бақылайды)

6 – тапсырма. Жинақтау «Сен маған, мен саған»
- Мәтін бойынша бір – бірлеріне сұрақ қойдыру.
- Бүгінгі танысқан мәтіндеріңнен қандай түйінді ойға келдіңіздер?
- Ендеше сабағымызды ақын – жазушылардың Нан туралы өлеңімен аяқтағалы отырмыз.
О, адамдар, айтарым бар.
…Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар!
О, адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!
Бағалау. Инсерт әдісі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.