Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі -

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 427 | Просмотров: 4303 | Размер: 101.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Надежда Аманшақызы Аманшина
Егіндікөл орта жалпы білім беретін
мектебінің мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы

Тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (қорытынды сабақ)
( 7-сынып)
Мақсаты:
Әңгіменің идеясын жан-жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып,
адамзат табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау
керектігіне көздерін жеткізу; іскерлік дағдыларын
қалыптастыру, ойларын еркін жеткізе білуге баулу,
көк тәңірісі көк бөрі екенін дәлелдеп, түрлі
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы таным көкжиектерін
арттыру.
Түрі: сын тұрғысынан ойлау, игерілген білімді қорытындылау

Әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу
Көрнекілігі:мультимедиа

Сабақ барысы:
1. Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету
Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау.

I. Композициялық жоспар:
( экрандағы композициялық жоспарға назар аударту)
Р/с
Әңгіменің композициялық
элементтері Композициялық жоспар Әңгіменің көркемдік әдіс-тәсілі
1 Оқиғаның басталуы Қараадыр табиғаты.Қасқырлар мекені. Суреттеу
2 Оқиғаның байланысы Адамдар шабуылы. Көксеректі
асырауы Баяндау
диалог
3 Оқиғаның дамуы Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы. Баяндау
Суреттеу
4 Оқиғаның шиеленісуі Көксеректің өз қандастарына қосылуы Суреттеу
5 Оқиғаның шарықтау шегі Көксеректің жойқын күшке айналуы Баяндау
Суреттеу
6 Оқиғаның шешімі Құрмаштың қазасы. Көксеректің
жазасын тартуы Баяндау
Диалог

II. Композициялық жоспарға сүйене отырып, нақты дәлелдер-
мен Көксерекке мінездеме беру

III. Семантикалық карта

Әрі қарай сабағымызды семантикалық картамен жалғастырамыз.
(Экраннан көрсетіледі)
Кейіпкерлер сөзі кімдікі?
Кейіпкер сөзі Ауыл адамдары Жұмаш Құрмаштың
әжесі Бейсембай
Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ? +
Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды. +
Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп,
терісін алайық . +
Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала
төбетім бір-ақ
соғады.Араша
лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. +
Іздегендерің-
нің өзі-сол,
бәрін істеп жүрген сол.
Енді соны бір қолға берсе-ау! +

IV. Кубизм
1. Суретте- Көксеректің сыртқы кескін-келбетін суреттеңіз
2. Салыстыр- Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз
3. Зертте- Көк бөрінің қадір-қасиеті туралы әңгімелеңіз
4. Талда- Кейіпкерлер тағдырын талқыға салыңыз.
V Проблемалық сұрақтар:
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
Қорытынды:
Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан,оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес!

Үйге тапсырма:
«Адам және табиғат» (эссе ) жазу
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.