Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қожа Ахмет Иассауи "Диуани хикмет" -

Қожа Ахмет Иассауи "Диуани хикмет"

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 286 | Просмотров: 1885 | Размер: 13.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Тақырыбы: Қожа Ахмет Иассауи
"Диуани хикмет"
Сабақтың мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, сопылық әдебиетті түсіндіре отырып, философиялық ой-өрісін дамыту. Сопылық әдебиет арқылы рухани тазалыққа, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру.
Оқып-үйренудің негізгі идеясы: XI-XII ғасыр ғұламалары туралы кеңірек мағлұмат алады.
Түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дінінің ұштасуы.
"Диуани хикмет" жырының тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан талдау жасай алады.Топта бірлесе жұмыс жасай біледі, ұтқыр ой айтып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары:кубизм, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Тапсырмалар: 1.Блум таксономиясы арқылы оқушыларға өлең мәтінімен таныса отырып, сатылай кешенді талдау жасау, өлең мазмұны мен идеясын анықтау.
2.Оқулықпен жұмыс жасау.
3.Шығармашылық жұмыстар.

Дерексөздер: Оқулық, интертақта, флипчарт.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
Білім Қожа Ахмет Иассауи кім?
Қандай еңбегі бар ? Топтастыру әдісі бойынша жауап береді.
Түсіну Слайд арқылы Қожа Ахмет Иассауи, Киелі Түркістан қаласы жайында мағлұмат беру ."Диуани хикмет "еңбегінің тақырыбы, идеясын таныту. Тілдік талдау жасау.
Қолдану Хикметтерінен үзінді оқи отырып , жыраулар поэзиясынан үзінді келтіріп салыстыру.
Талдау Венн диаграммасы Абай мен А.Иассауи.
Жинақтау "Киелі сол екі су жағасына, Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін..."
ойтолғау жазу.
Бағалау Бағалау бетшелерін толтыру Өзін-өзі бағалайды,бірін-бірі бағалайды.Күнделікке жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.