Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер. -

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4422 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін»
_____________ ______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысы.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- «Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?
- Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?
- Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және айырым белгілер. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.
ҚР ҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:
- ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
- әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
- командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
- әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
- өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
- әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;
- әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
- қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.
ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.

Құрамы
Әскери атақтар
әскерлік Әскери атақтар
кемелік
Жауынгер мен
матростар Қатардағы жауынгер
Ефрейтор Матрос
Аға матрос
Сержанттар
(старшиналар) Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші дәрежелі сержант
Екінші дәрежелі сержант
Бірінші дәрежелі сержант
Штаб - сержант
Шебер - сержант Екінші сатылы старшина
Бірінші сатылы старшина
Бас старшина
Үшінші сыныпты старшина
Екінші сыныпты старшина
Бірінші сыныпты старшина
Штаб – старшина
Шебер - старшина
Кіші
офицерлер Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант
Аға
офицерлер Майор
Подполковник
Полковник Үшінші дәрежелі капитан
Екінші дәрежелі капитан
Бірінші дәрежелі капитан
Жоғары

офицерлер Генерал – майор
Генерал – лейтенант
Генерал – полковник
Армия генералы Контр адмирал
Вице адмирал
Адмирал
Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.
Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.
Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.
Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.
Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».
Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.
Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.
Аға және кіші шенділер.
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.
Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.
Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.
Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.
Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.
Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
- армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
- старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.
Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.
Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
- ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.
- әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.
- бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.