Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі,эвакуациядағы адамдардың міндеттері -

Эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі,эвакуациядағы адамдардың міндеттері

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6487 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін»
______________

Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі,эвакуациядағы адамдардың міндеттері

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға эвакуация сөзіне түсінік және орналастыру әдістері мен тәртібін таныстыру.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,эвакуация жоспары

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
-Панажай
-Оның құрылымы
б) Негізгі бөлім – 22 мин.
Халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және осы заманғы жою құралдарынан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі оны эвакуациялау болып табылады.Эвакуация алдында халық хабарланады..Эвакуация ойдағыдай болуы халықтың өзінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне көп байланысты. Эвакуация болатынын білгеннен кейін азаматтар дереу шығуға дайындалуы тиіс (қала сыртына шығу:қажетті заттарды жинау,жеке қорғаныш заттарын(тыныс алу құралдарын міндетті түрде),құжаттар мен ақшаны дайындау қажет,пәтерде( үйде)терезелердің перделері алынып,жанатын заттар қараңғыланған жерге қойылуы керек) Заттардың ең қажеттілері-киім,іш киім,плащ,спорт костюмы,,аяқ киім (резеңке немесе резеңке ұлтанды болғаны жақсы) алынады.Сондай ақ өзімен бірге 2-3 тәуліктік тамақ және ауыз су қорын алу қажет.Тамақ өнімдерінен тез бұзылмайтын,оңай сақталатын және тұтыну алдында ұзақ дайындауды керек етпейтін түрлері-консервілер,концентраттар,галеттер,кепкен нан алынады.Эвакуация жаяу ретпен жүзеге асырылған жағдайда эвакуацияланатындардың 500-ден 1000 адамға дейін лектер құрылады..Қозғалыс жылдамдығы 4-5 км\ сағ ,1-1,5 сағаттан кейін 10-15 минут шағын аялдама,тәуліктің өтудің екінші жартысында 1-2 сағатқа үлкен аялдама белгіленеді.
Өрт кезінде зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау
Өрт адамдарға күшті психологиялық әсер етеді.Адамдар арасындағы үрейленушілік тіпті шағын өрттерде едәуір құрбандықтар болуына себеп болады. Мінез-құлық ережелерін білсе де осы кеселге тап болған адам кез келген жағдайда төтеп беріп қана қоймай ,өз өмірін сақтаумен қатар ,басқа адамдарды құтқару,а,материалдық игіліктерді сақтауға көмек көрсете алады.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.