Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұжымдық  қорғану құралдары-жасырынатын орын және радиацияға қарсы таса,олардың қорғау қасиеттері,жалпы құрылысы және бөлменің ішін жабдықта -

Ұжымдық қорғану құралдары-жасырынатын орын және радиацияға қарсы таса,олардың қорғау қасиеттері,жалпы құрылысы және бөлменің ішін жабдықта

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6758 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін»
______________ ______________

Мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Ұжымдық қорғану құралдары-жасырынатын орын және радиацияға қарсы таса,олардың қорғау қасиеттері,жалпы құрылысы және бөлменің ішін жабдықтау,жасырынатын орынға орналасу және ондағы тәртіп.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы туралы түсінік беру,және ұжымдық қорғаныс орнының құрылымын сараптау.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
- Ядролық жарылыстың радиациясы дегеніміз не?
- Сәуле ауруының қанша дәрежесін білесіңдер?
- Өткір радиацияны қалай әлсіретуге болады?

б) Негізгі бөлім – 20 мин.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш ғимараты-адамдарды,күштердің жеке құрамын,сондай ақ олардың техникасы мен мүлкін қарсыластың шабуыл құралдарының әсерінен қорғауға арналған арнаулы ғимарат.Орналасқан жеріне қарай паналар қоса салынған және жеке тұрған паналар болып бөлінеді. Қоса салынған паналарға ғимараттың жертөле қабаттарында орналасқан паналар,ал жеке тұрғандарына ғимараттардан бөлек паналар жатады.Паналар тасалануға тиіс адамдар барынша қысқа мерзімде келіп жетуі үшін адамдардың негізгі тобының тұрғылықты жеріне неғұрлым жақын салынады.Паналар негізгі жайлардан(бөлімдер мен тамбур-шлюздер),сондай-ақ қосалқы жайлардан-сүзгілі-желдеткішті камералардан,санитариялық тораптардан,дизельді электр станциялардан,қорғанышты кірер және шығар тұстардан тұрады.Паналар жарық беру жүйесімен,байланыс және хабарлау аппаратурасымен жабдықталады.Резервтегі байланыс құралы радиостанция болуы мүмкін.Барлық паналарда шығар есіктің біреуі авариялық болып жабдықталады. Сумен жабдықтау сыртқы су құбыры желісінен жүзеге асырылады.Су құбыры зақымдалған немесе ол болмағандай жағдайда панада болу мерзіміне лайықталған ыдыстарда ауызсудың авариялық қоры жасалады.Пананы сыртқы ауамен жабдықтау әдетте екі режімде:таза желдету және сүзгілі желдету режімдерінде қамтамасыз етіледі.Бірінші режімде ауа радиоактивті шаңнан,екіншісінде улағыш заттар мен биологиялық құралдардан тазартылады.Халықты паналарға тасалау Азаматтық қорғаныстың тиісті хабарлау сигналдары бойынша жүзеге асырылады.Паналар белгіленген режім мен күн тәртібі сақталады.
Қарапайым тасалар: ашық және жабық шұңқырлар тәп-тәуір қорғаныш бола алады.Егер адамдар қарапайым ,ашық шұңқырларға тасаланса соққы толқынынан,жарық сәулеленуден зақымдану ықтималдығы ашық жердегі зақымдалумен салыстырғанда1,5-2 есе азаяды.Ал егер шұңқырлардың үсті жабылған болса ,жарық сәулеленуден қорғаныш толық болады.,соққы толқынынан қорғаныш 2,5- 3 есе артады.

Тасалар Бәсеңдету күші
Дезактивизацияланған ашық саңылаулар, орлар, оқпаналар 20
Бүркемеленген саңылаулар 40
Паналар 1000
Бір қабатты ағаш үйлер 3
Бір қабатты тас үйлер 10
Екі қабатты тас үйлер 20
Үш қабатты тас үйлер 40
Көп қабатты тас үйлер 70
Бір қабатты үйдегі подвалдар 40
Екі қабатты үйдегі подвалдар 100
Көп қабатты үйдегі подвалдар 400
Автомобильдер 2
Бронетранспортерлер 4
Танкілер 10
в) Қорытынды бөлім – 12 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздерін атаңдар.
- Радиоактивті зақымдану қалай пайда болады?
- Жер үстіндегі ядролық жарылыстан радиоактивтік іздің түзілуі туралы айтыңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.