Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай Құнанбаев туралы  мағлұмат беру. «Күз» өлеңі -

Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру. «Күз» өлеңі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3969 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру. «Күз» өлеңінің
негізгі мазмұнын ашу;
2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен
жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту;
2. Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай
білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ішінара іздену әдісі, пікірталас, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Бат» сергіту
жаттығуы, көрнекілік;

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреті, тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;
Ұқыпты –ұтар
Іздеген –табар
Оқыған-озар
Еріншек-тозар.

-Оқушыларды 3 орталыққа бөлу;
1-орталық. «Сөйлеу» орталығы
2-орталық. «Өнер» орталығы
3-орталық . «Жазу» орталығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

«Өтірік өлеңдер»
1-орталық «Сөйлеу» орталығы
-Өтірік өлең дегеніміз не?
2-орталық «Өнер» орталығы
Өтірікке байланысты мақал-мәтелдер айту,
3-орталық «Жазу» орталығы.
Әр түрлі тақырыптарда 1 шумақ өтірік өлеңдер құрастыру;

ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылықты ояту;
-Балалар, суреттерден жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?
-Күздің қай кезі суреттелген?
-Қандай жыл мезгілдері бар?
-Осы жылдың 4 мезгілі туралы өлеңдер жазған кім?
Ә) Мағынаны тану;
-Демек, бүгінгі біздің тақырыбымыз А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңі болмақ.

1-орталық «Сөйлеу орталығы»
-Абай Құнанбаев кім? Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын . таныстыру; АбайҚұнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.
Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.
2-орталық «Өнер» орталығы
-Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
(Желсіз түнде жарық ай -әнін орындау)
3-орталық «Жазу орталығы»
-Абай шығармалары арқылы өз бойыңа не түюге болады?
(шағын эссе жазу)

1-орталық «Сөйлеу» орталығы
«Күз» өлеңін оқып түсінігін айту;
2-орталық. «Өнер орталығы»
-Өлең мазмұны бойынша сурет салу;
3-орталық «Жазу орталығы»
-Өлең мазмұны ішіндегі мағынасы таныс емес сөздерді табу?
Ыс-түтіннің күйесі
Құрысын заңы-әдеті құрысын деген мағынада
Күзеу-күзгі қоныс. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.

«Бат» сергіту жаттығуларын орындату.
Бұл жаттығудың мақсаты: Абайдың бес асыл ісін саусақтар арқылы балалардың бойына қалыптастыру.

1-орталық. «Сөйлеу орталығы»
-Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу деген не?
Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады.
Күзеу-күзгі қоныс. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.
Көктеу– көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс.
Жайлау— қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды.

2-орталық. «Өнер орталығы»
- Күзгі табиғатты бейнелеп беру;
3-орталық. «Жазу» орталығы
-Күзгі еңбек туралы жазу;

«САЛЫСТЫРУ»
1-орталық. «Сөйлеу» орталығы
Б.Тәжімбетовтың «Күзгі қарбалас» өлеңі мен А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңдерін салыстыру;
2-орталық «Өнер» орталығы
Өз бетіңше «Күз» тақырыбына шағын эссе жазу немесе1 шумақ өлең шығару.
3-орталық. «Жазу» орталығы
Өлеңдер мазмұны бойынша қандай мақалдар айтуға болады?

ІҮ.Сабақты қорыту;
-Балалар, бүгінгі сабақта қандай өлең өттік?
-Өлең бойынша не білдік?
«Бүгінгі сабақтан білгенім»
-Әр оқушы өз ойларын жазады.
Ү, Үйге тапсырма
-Өлеңді жаттау;
Абай Құнанбаевтың нақыл сөздерінен кітапша жасау;
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың өздерінің алдында бағалау парақшасы тұрады,сол бойынша өздерін бағалайды.

Оқушының
аты - жөні Үй тапсырмасын орындауы 1-тапсырма 2-тапсырма Салыстыру Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.