Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ тілі пәнінен 4-сыныптарға арналған тест тапсырмалары -

Қазақ тілі пәнінен 4-сыныптарға арналған тест тапсырмалары

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 64623 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қазақ тілі пәнінен 4-сыныптарға арналған тест тапсырмалары №1

1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) өз-ен
В) ө-зен
С) ө-зе-н
2 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 22
В) 42
С) 30
3.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата:
А) жуан,ұяң,қысаң
В) қатаң,ашық,үнді
С)қатаң,ұяң,үнді
4. «Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, «қ» дыбысы қандай дыбысқа айналады?
А) «Р»
В) «Х»
С) «Ғ»
5. Мәтін дегеніміз не?
А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді мәтін дейміз
В) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз
С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз
6.Берілген сөйлемнің қайсысы хабарлы сөйлем?
А) Көшеге кім шықты
В) Ертең демалыс
С) Мерекелеріңізбен достар
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
А) 3
В) 2
С)Қосымша бөлінбейді
8.Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды?
А) Етістік
В) Есімдік
С) Зат есім
9.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Не істеді?неғылды?қайтті?
В) қандай?
С) қашан?
10.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?
А) тұрлаусыз
В) тұрлаулы
С) анықтауыш
11. Сөйлемдегі толықтауышты көрсет: Құстар тоғайға қонды.
А) Құстар
В) қонды
С) тоғайға
12.Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғаулы сөздерді қой.
Менің------------ Сенің---------- Оның-------------
А) дәптер, дәптерің, дәптері
В) дәптерім, дәптерің, дәптері
С) дәптерім, дәптерің, дәптерлері
13. Етістікті көрсет:
А) Ораза, айт
В) Сөз, тіл
С) Айт, сөйле
14. Есімдікті көрсет:
А) біз, біздер
В) біз, ине
С) жүр, тұр
15.Туынды сын есімді көрсет
А) білгіш, айтқыш, байқағыш В) өнерлі, таза, әдемі
С) үлкендеу,ақыл, айна

Тест тапсырмалары №2
1.Қате жазылған сөзді тап.
а) аспазшы
в) аспашшы
с) теңізші
д) үйірме
2. Бір сөзбен қалай аталады? "Төбе шашы тік тұрды"
а) Береген
в) Ұялу
с) ұрланды
д) қорқу
3. "Ағамыз" деген сөздің қайсысы етістік?
а) Ескек ескен ағамыз
в) Ескелді айдынында ағамыз
с) Асау ертіс айдынында ағамыз
д) Ескелді ағамыз
4. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап.
а) Әсел билейді
в) жылады
с) жануарлардың
д) Түн
5. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап
а) Екі бала
в) Тұнық су
с) сегіз жыл
д) тез оқу
6. Қарсы мәндес сөздерді табыңыз
а) ағаш,бұта
в) терең-таяз,күн-түн
с) жол-жол
д) ажарлы,әдемі
7. Мына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз?
"Қуанышы қойнына сыймады"
а) армандады
в) қатты қуанды
с) жылады
д) ойлады
8. Қай сөзде "Ң" әрпі жазылады?
а) Досжа...
в) жа...бады
с) са...а
д) жа...ғақ
9. "Өжет" сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
а) Батыл
в) Өнерлі
с) Әлсіз
д) қорқақ
10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз?
а) көңілді
в) зеңгібаба
с) қызғалдақ
д) жияды
11. Қысқарған сөздерге қосымшалар қалай жалғанады?
а)үтір арқылы
в)бөлек жазылады
с)бірге жазылады
д)сызықша арқылы
12. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз?
а) Бөлмем
в) Дәрігермін
с) Ұшаққа
д) Бейбітшілікті
13. Есептік сан есімді табыңыз?
а) Төртінші
в)Екі мың бірінші
с) Алты
д) Бесеу
14. Жалаң сөйлемді тап.
а) Өзеннің суы тұйық
в) Мысық иттен қашты
с) күн күркіреді
д) Сәуле сурет салды
15. Ілік септігіндегі сөзді белгіле.
а) Айгүл,итке
в) гүлдің,гүлде
с) күнге,күннен
д) гүлдің,айдың

Тест тапсырмалары №3
1.«Альпинист» сөздегі әріп пен дыбыстың санын анықта:
а) 9 әріп, 8 дыбыс
в) 9 әріп,9 дыбыс
с) 8дыбыс, 8 әріп
д) 9дыбыс, 8әріп
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 5
в) 4
с) 3
д) 2
3. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап:
а) к,қ,п,т,с,ф
в) б,в,л,м,н,ң,
с) л,м,н,ң,р,п
д) б,в,г,ғ,д,ж,з
4. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөздер қатарын тап:
а) ғалыммын
в) тарағың
с) дәрігерсің
д) ұшқышпын
5. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
а) 3
в) 4
с) 5
д) 2
6. Тұрлаусыз мүшелердің сұрағын белгіле:
а) кім?кімдер?
в) не істеді?қайтті?
с) не?нелер?
д) қандай?нені?
7. Тұрлаулы мүше нешеге бөлінеді?
а) 3
в) 2
с) 4
д)5
8. Сөйлемдегі баяндауышты тап: Тек мектептің терезесінде ғана шам жанып тұр.
а) терезесінде ғана
в) шам жанып тұр
с) жанып тұр
д) тек
9. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап:
а) сирек-сирек
в) төбе-төбе
с) сымбатты
д) жолдас-дұшпан
10. Туынды түбір сөзді анықта:
а) күріш
в) күрек
с) кезекші
д)көйлек
11. Жалқы есімді тап
а) партизандар
в) панфиловшылар
с) Жаяу Мұса
д) солтүстік
12. III жақтағы тәуелдеулі сөзді тап:
а) қағазың
в) қағазым
с) қағазыңыз
д) қағазы
13. Болымсыз етістікті тап:
а) ойлан
в) шалынба
с) сындыр
д) көтеріп алды
14. Бір түбірдегі бірнеше туынды сөз жасалатын сөздер қалай аталады?
а) түбір сөз
в) негізгі түбір сөз
с) түбірлес сөз
д) туынды сөз
15. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді анықта:
а) көзқарас
в) бұлақ
с) күміс
д) әдісқой

Тест тапсырмалары №4
1. Рет-ретімен,белгілі тәртіппен орналасқан әріптер жиынтығы
А) сөз
В) сөйлем
С) сөз тіркесі
Д) әліпби немесе алфавит
2. Алфавитте 3-ші орналасқан әріп
А) ә
В)б
С) в
Д) я
3. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз
А) бор
В) құлақ
С) қасық
Д) шаң
4. Қатты сөзінің антонимін (қарсы мәндес сөз) табыңыз
А) қатаң
В) жеңіл
С) жұмсақ
Д) жұқа
5. Сөздің одан әрі өзгертуге келмейтін мағынасы бар бөлігі
А) қосымша
В) жалғау
С) түбір
Д) жұрнақ
6. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 9
В) 5
С) 6
Д) 7
7. Шығыс сетігінде тұрған сөзді табыңыз
А) аспан
В) матамен
С) топырақтан
Д) Әйгерімді
8. ІІ жақта тәуелденген сөзді тап
А) кітабы
В) дәптерім
С) қобызың
Д) гүлдер
9. Көптік жалғауын табыңыз
А) ды,ді
В) лар,лер
С) ым,ім
Д) дан,ден
10. Біріккен сөзді табыңыз
А) тасбақа
В) тап-таза
С) кг
Д) қызыл ала
11. Күрделі сөздің қайсысына жататынын анықта: Марат Омаров
А) қос сөз
В) біріккен сөз
С) қысқарған сөз
Д) сөз тіркесі
12. Жалаң сөйлемді табыңыз
А) Бала сабақ оқыды.
В) Балалар жүгіріп жүр.
С) Балапан жем теріп жүр.
Д) Бала далаға шықты.
13. Жалқы есімді табыңыз
А) қала
В) Астана
С) астана
Д) жер
14. Негізгі зат есімді табыңыз
А) терезе
В) көлшік
С) тазалық
Д) бірлік
15. Туынды сын есімді табыңыз
А) әдемі
В) көрікті
С) таза
Д) ақ

Тест тапсырмалары №5
1. Құлаққа естілмейтін,көзге көрінетін, дыбыстардың таңбасы
А) сөз
В) әріп
С) сөйлем
Д) дыбыс
2. Алфавиттегі 41-ші әріп
А) я
В) ю
С) э
Д) а
3. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөз
А) мұрын
В) балық
С) тас
Д) сорпа
4. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз
А) өнерлі
В) өнерпаз
С) Саматқа
Д) гүлдер
5. Қорқақ сөзінің синонимін (мәндес сөзді) табыңыз
А) ержүрек
В) сужүрек
С) батыр
Д) қоян
6. Түбірге жалғанған бөлік
А) түбір
В) қосымша
С) сөз тіркесі
Д) сөйлем
7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 1
8. Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) балапанды
В) сауда
С) қоңырауда
Д) гүлден
9. ІІІ жақта тәуелденген сөзді табыңыз
А) сызғышта
В) сызғыштар
С) сызғышымыз
Д) сызғышы
10. Жіктік жалғауын табыңыз
А) ым,ім,м
В) дар,дер
С) қа,ке,ға
Д) сың,сің
11. Қос сөзді табыңыз
А) бүлдірген
В) ТМД
С) алабота
Д) тарс-тұрс
12. ТМД қысқарған сөзінің толық жазылуын көрсет
А) Тәуелсіз Мекендер Достығы
В) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
13. Сөз тіркесін табыңыз
А)Күн ашылды.
В)бау-бақша
С)Абай Құнанбаев
Д)Талдықорған
14. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) толықтауыш,анықтауыш
Д) бастауыш,баяндауыш
15. Жайылма сөйлемді табыңыз
А) Қыс келді.
В) Күн салқындады.
С) Қыс келгесін қар жауды.
Д) Қар жауды.

Жауаптары

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
1 В В С С А В В С А В С В С А А
2 В Д С А В В В Д А С Д В С С Д
3 А С Д С А Д В С Д С С Д В С Д
4 Д В С С С Д С С В А Д В В А В
5 В В А В В В С С Д Д Д В С Д С

\
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.