Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дүниетану 2 сынып "Құстардың алуан түрлілігі" -

Дүниетану 2 сынып "Құстардың алуан түрлілігі"

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 412 | Просмотров: 4222 | Размер: 674.4 Kb | Автор:
. Сабақ Пәні:Дүниетану Сынып:2 Б
Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі
Мақсаты: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы білімдерін кеңейту, құстардың алуан түрлі болатындығын түсіндіру.
Табыс критерийлері: 1.Оқушылар құстардың алуан түрлі болатындығын түсінеді, ажырата біледі.
2.Түрлі тапсырмаларды орындай отыра сыни тұрғыдан ойланып, жауап бере алады.
3. Ынтымақтастықта жұмыс жасай отыра бір-біріне қолдау жасап, көмектеседі.
Күтілетін нәтиже: А оқушы- тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық таныта алады.
Б оқушы- топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда өз ойын жеткізе біледі.
С оқушы-топтық тапсырмаларды орындау кезінде өз үлесін қосады, өзін өзі бағалай алады.
Сабақтың әдісі:
Бағалау: Топтық жұмыс,сұрақ-жауап, алты қалпақ әдісі, сто, диалготік оқыту, акт
Мұғалімнің бағалауы, бірін-бірі бағалау
Ұйымдастыру кезеңі:
2 минут Топқа бөліну, топтық ережені естеріне салу (үй құстары, жыл құстары, қыстап қалатын құстар)
Үй тапсырмасын тексеру 5 минут «Қатесін тап» әдісі
1.Қасқыр қысқа азық жинайды.
2. Жануарлар табиғаттың өзгерісіне бейімделеді.
3.Қасқыр, түлкі, барыс жемін аулауға түнде шығады.
4.Қоян қыста ұйқыға кетеді.
5.Қанқыз, шегіртке, көбелек- жауларынан өздерінің түстері арқылы қорғанады.
6.Тиін қысқа азық жинайды.
7.Жануарлар өз жауларынан қорғана алмайды.
(дұрыс болса +, қате болса – таңбасын қою)
Бағалау – барлығы дұрыс «5», 5-4 дұрыс –«4», 3-2 дұрыс- «3»
Мағынаны тану
6 минут «Құстар» әні бейне клип көрсету
Оқулықпен жұмыс
Құстар-екі аяқты, екі қанатты, үсті қаурсынмен жабылған жануарлардың бір түрі.Құстардың тісі жоқ, тұмсығы бар.Құстар- үй құстары, жыл құстары, отырықшы құстар, жыртқыш құстар болып бөлінеді.
Сөзжұмбақ шешу (қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай)
Топтық жұмыс
10 минут 1 тапсырма:Ойын:* Кім құстарды көп біледі?*
Үй
құстары Жыртқыш
құстар Жыл
құстары Қыстайтын
құстар
Тауық
Күркетауық
Қаз
Үйрек
Әтеш Жапалақ
Үкі
Бүркіт
Қыран
Кезқұйрық Ұзақ
Бұлбұл
Бозторғай
Аққу
Шағала
Тырна Шымшық
Сауысқан
Қарға
Тоқылдақ
Суықторғай
Кептер т.б
2 тапсырма:
Құстар туралы не білеміз?
Пайдалы Дос Ағаштарға ұя салады Құрттарды жейді
Жыртқыш құстар Құстар Су құстары
Тірі табиғат Жыл құстары Қыстап қалатын құстар
Сергіту сәті
2 минут «Менің таңдауым» тренингі
(қандай құс болар едіңдер?)
Жеке жұмыс
5 минут Жұмбақтар шешу
1/ Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. /Әтеш/
2/ Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? /Қарлығаш/
3/ Қай құс өзінің атын қайталайды? / Көкек/
4/ Құстың негізгі мекені. /Ұя/
5/ Қандай құс хат тасушы атанған? /Көгершін/
6/ Қай құста мүлде ұя болмайды. /Көкек/
7/ Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /Бүркіт/
Жұптық жұмыс
8 минут «Алты қалпақ» әдісі
ақ қалпақ- біз құстар жайлы не білу керекпіз және не білеміз?
қызыл қалпақ- құстарға деген қандай сезім пайда болды, неліктен?
сары қалпақ- құстардың пайдасы және неліктен оларды қорғау керек
қара қалпақ- құстардың қандай зияны бар, зиянды жақтарын іздестіру
жасыл қалпақ-құстарды қорғау үшін немесе көбейту үшін не ойлап табар едіңдер?
көк қалпақ- Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

Үйге тапсырма
2 минут Оқулықтың 87, 88 беттерін түсініп оқу, дәптердегі тапсырманы орындау
Бағалау
2 минут Бағалау парағы
Аты-жөні Үй тапсырмасын тексеру Жеке жұмыс Топтық
жұмыс кезінде белсене қатысу, топтық ережені сақтау Жұптық жұмыс


Өзіңді қалай бағалайсың? - 5 4 3

Рефлексия
3 минут Кері байланыс
Қалпақты бояу
Сары- менің көңіл-күйім өте жақсы, маған қызықты болды
Жасыл- менің көңіл-күйім жақсы, мен тырыстым
Қызыл- менің көңіл-күйім нашар, шаршадым, маған қызықсыз болды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.