Меню
Назад » » »
Еңбекпен тапқан тиын
загрузка...

Скачать материал с Talimger.org (57.5Kb)

загрузка...
«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ә. Кеулімжай
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейітова Айнұр
Сыныбы: 3 «Б» күні: 16.02.2015 жыл пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың аты Еңбекпен тапқан тиын
Сілтеме Әдебиеттік оқу 3 сынып
Жалпы мақсаты: Ертегінің идеялық мазмұнын ұғындыру, қарттың жалқау баласын еңбек етуге тәрбиелегенін оқушыға жеткізу.
Тілін дамыту,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен ізденуге үйрету.
Ата-ананы қадірлеуге,еңбек етуге баулу.
Күтілетін нәтиже: 1.Ертегі арқылы шыншылдыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа үйренеді.
2. Сахналық қойылымға өздерін еркін ұстай білуге үйренеді.
3. Топтаса жұмыс жасауға үйренеді.
Негізгі идеялар: Грузин елінің ақшасы, ұлттық киімдері туралы мағлұмат алады.
Көрнекілігі: Сюжеттік суреттер, сиқырлы таяқша, интерактивті тақта.
Тапсырмалар
1. Оқулықпен жұмыс
2. Мәтінмен жұмыс
3. Топтық жұмыс
4. Жұптық жұмыс
5. Шығармашылық жұмыс.
6. Дәптермен жұмыс.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
I Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындық. Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу.
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
« Ер еңбекпен сыналады» Жекен Жұмақанов
Мәтін бойынша сұрақ қою
1. Жүк машинасы не деп мақтанды?
2.Көтергіш кран қалай жауап берді?
3.Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
4.Сенің ойыңша кімдікі дұрыс?
5. Мәтіндегі негізгі ойды тап.
6. Сенің сыныбыңда мақтаншақ оқушы бар ма?
«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.
«Ой ашар»
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
(Оқушы жауаптары)
III Жаңа сабақ
Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Еңбекпен тапқан тиын
Ертегілер туралы әңгімелеу.
- Ертегі дегеніміз балалар, ауызша жеткен халық шығармаларының түрі.
- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
- жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер, шыншыл ертегілері болып бөлінеді.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте-дегендей әр елдің өз ертегілері бар. Бүгінгі жаңа сабағымызда грузин ертегісін өтеміз.
Грузин елінің астанасы – Тбилиси қаласы. Ресми тілі — грузин тілі. Ұлттық ақшасы — лари деп аталады екен.
(Грузиндердің ұлттық киімімен түскен суретін көрсету)
Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқыту
Мәтінмен жұмыс
1.Сиқырлы таяқша арқылы оқушылардан сабақ сұрау.
- Ертегі кім туралы?
- Қарт әйеліне не деді?
- Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?
- Бұл істің арты немен аяқталды?
- Анасы баласына қандай кеңес берді?
- Ал, баласы анасының тілін алды ма?
- Әкесі баласына не деді?
- Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.
Топтық жұмыс
2.Ертегіні сахналау.
Сергіту сәті
Жұптық жұмыс
Мақал мәтелдердің жалғасын табу.
Шығармашылық жұмыс
1. Ертегі кейіпкерлерін ата. (Әке, ана, бала)
2. Кейіпкерлерге мінездеме беру. (Әкесі бай, қайтайған. Ал, баласы жалқау, еріншек. Анасы баласына жаны ашиды)
Дәптермен жұмыс.
Өткен сабақта оқытылған мәтін мен ертегіні салыстыру
Ер еңбекте сыналады. (Әңгіме) Жекен Жұмаханов - мақтаншақтық
Ұқсастығы: Еңбек туралы
Еңбекпен тапқан тиын (Ертегі) Халық, жалқаулық
Ой толғаныс.
- «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Шыншыл ертегі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады.
Сабақ басында еңбек туралы бірнеше мақал - мәтел айттық. Сол мақалдардың қайсысы бүгінгі ертегінің мазмұнына сәйкес келеді?
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Қорытындылау:
-Ертегі немен аяқталды?
-Ертегіден нені үйрендің?
Үйге тапсырма:
Ертегіні түсініп оқу
Бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Еңбекпен тапқан тиын можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Сейітова Айнұр Елтайқызы

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 мектеп

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 1139 | Жүктеулер: 11 | Рейтинг: 1.0/1
Барлық пікірлер: 0
avatar