Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ерекше күн 1-сынып -

Ерекше күн 1-сынып

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 528 | Просмотров: 3406 | Размер: 24.5 Kb | Автор:
. Сабақ: Ана тілі
1-сынып Мектеп. «Сартомар орта мектебі» КММ
Сабақ тақырыбы:Ерекше күн Мұғалімнің аты- жөні: Кушкинбаева Г.С.
Сынып: 1 сынып
Оқу мақсаттары: 1.1.5.2 Диалогке қатыса отырып,өзгенің пікірін тыңдайды және сыйлайды,өз пікірін дұрыс жеткізеді.
1.3.6.1 Сызбалар, суреттер, белгілермен толықтырып, жай сөйлемдер\мәтін құрастырады және жазады.
Табыс критерийлері: Барлық оқушылар орындай алады
• Диалогқа қатысады,өз ойын айта алады
• Сөздерді оқиды және тілек жазуды біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады
• Мәтін мазмұнын түсінеді,өз пікірін айтуды және болжауды біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады
• Жай сөйлемдерді өзбетінше жаза алады
Тірек сөздер • Тілек,тілалғыш,үлгілі,айырықша
Алдыңғы оқу: • Әріп пен дыбысты ажырата біледі.
• Тыңдалым мәтінінің мазмұнын әңгімелеуді біледі.
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы 1.Психологиялық дайындық.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2.Ән тыңдау «Көңілді күн»
(Әннің мазмұнына назар аударту, пікірлерін білдіруге бағыттау, сабақ тақырыбын болжау).
Гүл
Ноутбук,
Ортасы

Соңы

3.Сурет бойынша жұмыс
-Оқушылар не істеп жатыр?
-Неге олай ойлайсың?
-Сенің туған күнің қалай болды?
4. Мәтін оқуДөңгелене отырып,мәтінді тыңдайды.(Өлең мәтіні)
Ерекше күн
Бүгін қандай ерекше ,ерекше күн,
Біліміміз айырықша еленген күн!
Бүгін қандай көңілді, көңілді күн,
Бала біткен ерекше көңілді тым!
Бүгін қандай қызықты, қызықты күн,
Туған күні – әркімге жұлдызды күн!

5. «Мен саған,сен маған» (сұрақ-жауап)
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Сен үшін қандай күн ерекше ?
-Неліктен?
-Не істейміз?
-Не болады?
5.Сергіту сәті . «Үкілі тақия»
(Музыка ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер бойымен билеп жүріп, кезекпен бастарына тақия кигізеді. Әуен тоқтаған кезде, тақия кімнің қолында қалса, сол оқушы тілек сөздер айтады)
6.Жасайық
Тапсырма:Туған күнге арналған ашықхат жасап, тілегіңді жаз.
7. Өз жұмыстарымен бөлісу.(өзашықхаттарын көрсетеді, жазған тілектерін сыныптастарыңа оқып береді).
8.Сабақты бекіту«Жылдам тауып кел!» ойын (сынып қабырғаларына бірнеше сөздер жазып ілінеді,оқушылар ол сөздердің ішінен тек тілек сөздерді жинайды)
8.Рефлексия
Маған қызықты болғаны--------
Маған қиындық туғызғаны -----------
9.Бағалау «Бағдаршам» оқулық

Мәтін сөздері жазылған парақша, бағалау үшін смайлик

Ноутбук

Қағаз, қайшы, маркерлер

стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.