Меню
Назад » » »
Г дыбысы мен әрпі
загрузка...

Скачать материал с Talimger.org (27.0Kb)

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Г г дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларға Г гдыбысы мен әрпін таныту,
сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол
берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.
2.Дамытушылық Балалардың сөйлеу мәнерін,байланыстыра
сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,жұмбақ
шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын
дамыту.
3.Тәрбиелік. Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа
баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер кеспе әріп.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу ,түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап -таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға
ІІ. өткен сабақты қайталау
Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?
Оқушылар: -оқуды жазуды.
Мұғалім: -дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: -әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: -дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Мұғалім: - әріптерден не құралады?
Оқушы: -сөз.
Мұғалім: -сөзден не құралады ?
Оқушы: -Сөйлем.
Мұғалім: -сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: -бас әріппен.
Мұғалім: -сөйлемдерден не құралады.
Оқушы: -мәтін. Өте жақсы.
Мұғалім: -өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс? Оқушы: дауысты жіңішке. Үкі, Үйрек суреттерін іліп ,дыбыстық талдау жасау.
Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау,рольге бөліп оқыту.
-Кім сызды мына партаны?-деп ұстаз бізден сұрады. Үсенбек айтты: -Мен емес. Үміт айтты: -Мен емес. Күміс айтты: -Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі-Елемес үнсіз тұр әлі.
III Жаңа сабақ
Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
(Гүл)
Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр.Оқушылар Гг дыбысы.Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ггдыбысы және әрпімен танысамыз.
Гі- электронный түрінде айту.Мұғалім: Гг дыбысы ,дауыссыз дыбыс,ұяң дыбыс,сөздердің басында ортасында кездеседі.
Гүлдің суреті. ГҮЛ- гүлді мерекеде, тойда ,қуанышта, туған күнде,бір-бірімізге сыйлаймыз.
Оқулық пен жұмыс:
Е гін–егіс алқабы,бидай егетін алқабы.
Е геу-үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е гіз-бірге туған екі адам.
Се гіз- сан:жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).
Ке ре ге -киіз үйдің бөлігі «шаңырақ,уық кереге»
Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше ге- күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір-біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не ге- сұрақ.
Шең гел- тікенді өсімдік.
Мез гіл-уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.
Мұғалім: Н.Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін ,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
Оқушыларды-тізбектеп оқыту.
IV.Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.
Дәптермен жұмыс.
Ауада жазу, тақтада көрсету.
Бас әріп, кіші әрпін жазу.
V. Шығармашылық тапсырма.
Гүл, көгершін сөздерін текшені , бояу.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны.
Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу.
VII. Жаңа сабақты қорытындылау.
Мұғалім:қандай дыбыспен таныстық,Ггдыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды VIII Мадақтау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Г дыбысы мен әрпі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №24 орта мектеп

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 530 | Жүктеулер: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar