.
.
Шығыс Қазақстан облысы Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3026 | Размер: | Автор: Нартай4540Семей қаласы Абыралы ауылы
«Абыралы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Калиева Бакытгул Саятовна
бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Математика
Сыныбы: 4-сынып
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту.
Міндеттері: Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру;
Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Ой өрісін, таным қабілетін дамыту;
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Көрнекіліктер: Перфокарталар, суретті кесте, кестелер.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тесеру. Ауызша есептеу.
ІІІ. Есептер шығару
ІV. Қорытынды
Сабақтың барасы:
І. Ұйымдастыру – оқушылардың, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 2-3 оқушыдан сұрау арқылы тексеру.
Ауызша есептеу – геометриялық фигураларда берілген тапсырмаларды орындау, ашылған фигураны белгіленуі бойынша оқу. (слайд бойынша)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Кестені толтыру. Жұптық жұмыс.
а 135 210 325 380 420 400
а:5
Орындалған тапсырманы тізбектей оқу арқылы тексеру.
№ 2. Суретті кестемен жұмыс. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша бөлуді пысықтау.
№ 3. Бос орындарға тиісті санды қою. Екі қатар өзара жарыса отырыпы орындайды.
12 сағ =720 мин 63 дм 54 см = 6354см
12 сағ 15 мин =735 мин 91 м 102 см =9202 см
1 ғасыр 25 жыл = 125 жыл 18 км 560 м =18560 м
№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар:
1 банканың сыйымдылығы Банкалар саны Барлық банкалардың сыйымдылығы
1 банкда ? л
Бірдей 4 б. 12 л
8 б. ? л
Шешуі: 12:4 =3 (л)
3 *8 =24 (л)
Жауабы: 24 литр
№ 8. Есепті талдау, шығару.
1-омарта – 59 кг
2-омарта – п кг ? (кг)
3-омарта-?, 4 кг артық
Өрнек құру: 59+п+59+4 =122+п
п = 62 122+62 =184 (кг)
п =67 122+67 =189 (кг)
Жауабы: 184 килограмм, 189 килограмм
Бекіту. Кестемен жұмыс. Шаршының ауданын және периметрін табу жолдарын пысықтау.
Шаршының қабарғасының ұзындығы 5 см 8 см 9 см 10 см а см
Шаршы ауданы
Шаршы периметрі
№ 11. Логикалық есеп.
Винни-Пух сыйымдылығы 8 л және 5 л екі шелеті пайдаланып, 6 л балды қалай құйып алады?
8-5 =3(л) – осылайша екі рет орындау арқылы құйып алды.
Қорытынды.
Қосымша тапсырма.
№ 12 Ауызша. Кестені толтыру. Көбейту кестесін пысықтау мақсатында орындау.
Үйге: №5, 7 - түсіндіру, талдау.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.