Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кестелік қосу және азайту. Алдыңғы және кейінгі сан. -

Кестелік қосу және азайту. Алдыңғы және кейінгі сан.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 597 | Просмотров: 4581 | Размер: 32.3 Kb | Автор:
. Мұғалім туралы мәлімет
Аты жөні: Айтпенова Светлана Садирбаевна
Туған жыл, айы, күні: 07.11.1972
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Телефон: 87783386097
e-mail Saitpienova @mail ru
Ашық сабақтар тақырыбы:
1. Математика 1 сынып
Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. Алдыңғы және кейінгі сан.
2. Дүниетану 1 сынып
Тақырыбы: Қазақстан менің – Отаным

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. Алдыңғы және кейінгі сан.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға бір таңбалы сандарды қосу және азайтудың тиімді, қолайлы тәсілдерін түсіндіру.
б) Оқушының логикалық ойлау,есептеу, шапшаң орындау қабілетін дамыту.
в) оқушыларды бүгінгі өмір талабына сай рухта ұйымшылдыққа, көпшілдікке , татулыққа баулу, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Топтық жарыс-ойын.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,талқылау.
Сабақтың жабдығы: Суреттер, дидактик материалдар,тарқатпа материалдар , слайд.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Кезекшінің мәліметі.
Өтілген тақырыпты анықтау.
б) Өткен сабақты пысықтау
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ: “ Табиғат ана- сұлулық қойнауы” бүгінгі сабақ ұраны. Адам өзіне керекті заттарды табиғаттан алады.
Табиғат- адамның өмір сүру ортасы, ол адамға азыҚ түлік, киім-кешек, жанармай мен электр қуатын, өнеРкәсіп шикізатын, құрылыс материалдарын береді.
“Азаматтар қоршаған табиғи ортаны қорғауға міндетті”. (Қазақстан Республикасының Конституциясы.)
Бүгінгі сабақта өздерінің білімдерінің күшімен “табиғат қамқоршылары” атағын жеңіп алуға екі топ қатысқалы отыр. Ітоп
“Балдырған”. ІІтоп “Балауса” Балдырған тобы Ей балалар,балалар, Кәне, бері қараңдар. Математика ілімін, Меңгерген біз “балдырған” Мақтанбаймыз біз бекер Талабымыз бар таудай Жеңіп алып жүлдені Үлкен еңбек етеміз.

Сабақ төмендегі шарттардан тұрады: 1.Жаңылмай түсіндір .2.Құстарға қамқорлық 3.Көшет отырғызу 4.Кім жүйрік? 5.Санаудан жаңылма!

І шарт: «Жаңылмай түсіндір» сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабаққа өту.
1.Сандар қалай орналасады? -Сандар ретімен орналасады. 2. 5санынан бұрын, кейін келетін сандарды қалай атасақ болады? -4 «алдыңғы сан», 6 «кейінгі сан». 3. Санға 1-ді қоссақ қай сан шығады? -Сол саннан кейінгі сан шығады. 4.Саннан 1-ді кемітсек қай сан шығады? -Сол саннан алдыңғы сан шығады. 5.Қайсы өрнек түрін пайдалансақ сан артады? -қосу өрнегін пайдалансақ сан артады. №1 тапсырма. «Алдыңғы сан», «Кейінгі сан» орындарын анықтау.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

ІІ шарт. «Құстарға қамқорлық»
Геометриялық фигуралардан пайдалана сан ретіне қарай Ұя бөлшектерін дұрыс орналастыру. Ұя бөлшектерін сан ретіне қарай тез, дұрыс орналастырған топ оқушылары құстарға қамқорлық жасаған және ұпай алады.



Сергіту сәті: «Тақ» және «жұп» сан ойыны арқылы орындау. Тақ сандар көрсетілгенде, қанат қағу , жұп сандарда қолды қозғамау.
ІІІ шарт . «Көшет отырғызу».
Ағаш отырғызушы, егінге қараушы, баптаушыларды кім дейміз? -Бағбан, диқан дейміз. «Адам жерге нәр береді, жер адамға нан береді» .Табиғат ана бізді асырайды, керегімізді табиғаттан аламыз. Егер табиғатқа еңбегіңді аямасаң, жер байлығын төгіп береді. Табиғатты қорғау, аялау біздің борышымыз. Адам егер өмірінде бір көшет отырғызса , бұның өзі сауап болып есептеледі.

«Көшет отырғызу» тапсырмасы дәптерге орындалады. Сандарды І қатарға өсу ретімен орындау. ІІ қатарға кему ретімен орындау.



2 3 5 6 7 9 10
9 8 7 5 4 3 1 0

Сергіту сәті:
Таң әлі атқан жоқ, Шынықтырып денені, Маңай әлі қараңғы. Қанаттарын қағады. Әтеш ерте оянып, Ку-ка-ре-ку, тұр-тұрлап Жан-жағына қарады. Оятады баланы.

ІҮ шарт «Кім жүйрік?» Бұл шартты орындауда шапшаңдық, тапқырлық, сан ретін білу керек болады.
«Балауса» тобының тапсырмасы: Санды 1-ге арттыру.

1 4 6 8 9 3 7 5 2

+1

Балдырған» тобының тапсырмасы: Санды 1-ге кеміту.
10 8 1 4 3 7 6 2 5

-1

Жұмбақ есептер шешу.
Жаңа ғана шалғында Тал басында тізіліп Алты бұзау жүр еді. Он жапырақ тұр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жел соқты да үзіліп, Жатып қапты біреуі Ұшып кетті біреуі Нешеуі енді жайылып Ізінше оның жұлынып, Жүгенін айт, Түсті тағы бесеуі. Айырып!? Тұр әлі нешеуі ілініп?

«Тек санмен жауап береміз» ойын шарты бойынша жаңылмай тек сан арқылы жауап беру керек.

1.Табиғат нешеге бөлінеді? (2)
2. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің неше жылдығын атап отырмыз? (21)
3. Кітап сөзінде неше дыбыс бар? (5)
4. Біз нешінші мектепте оқимыз? (7)
5. 3 санынан алдыңғы санды ата. (2)
6. Жігіттің неше жұрты бар? (3)
7. Ең кіші екі таңбалы сан (10)
8.Қоңырау сөзінде неше буын бар? (3)
9.Рудный қаласы биыл неше жаста? (55)

№ 3 тапсырма.
Сан сәулесін пайдаланып, теңсіздіктер құрастыр:
5 5 3 3
5 сан сәулесі қандай сан сәулесінен артық? 4 , 3 , 2 , 1 5 сан сәулесі қандай сан сәулесінен кем? 6 , 7 , 8 , 9 , 10 3 сан сәулесі қандай сан сәулесінен артық? 2, 1 3 сан сәулесі қандай сан сәулесінен кем? 4, 5, 6, 7, 8 т.б

Ү шарт «Кім шапшаң?» Сәйкестендіру тестіне жауап беру.
«Қос» сөзі қандай санға сәйкес келеді? 3
Неде бес бармақ барда тырнақ жоқ? кесінді
Жігіттің неше жұрты бар? қолғап
Қосудың мүшесі қалай аталады? 2 санына
Екі жағы тұйықталған түзу сызық қосылғыш

№ 4 тапсырма: Сұрақ қой. Өрнек құрастыр.
- Бірінші топта неше бала? І топ - 5 бала
- Екіңші топта неше бала? ІІтоп - 4 бала
- Барлығы қанша болды? 5+4- 9 Болды - 9 бала
- Неше бала ойыннан шықты?
- Неше бала қалды? 1 бала 9 – 1 - 8

ҮІ шарт «Санаудан жаңылма» Бірдей карточканы тап:


Жасыл табиғат тапсырмасы:
Қандай математикалық пішіндер, ұлттық тағам, геометриялық пішін жасырылған?
Ребус жауабы: Үшбұрыш, бесбармақ, шаршы.
Суреттердің бас әріптерін біріктіру арқылы жасырылған математикалық ребусты шешу.
Сабақты қортындылау:
Табиғат ананы қорғау арқылы өзіміздің де өзгеңінде өсіп өнуіне, қоршаған ортамызға да тек жақсы ісімізбен із қалдырымыз. Ұлы бабамыз Мұхаммед Бабур патшалық дәуірінде табиғатты қорғап, қадірлеу мақсатымен бау-бақтар өсіріп қалдырған өнегесін өзімізге мақсат етейік“Жақсыдан бақ қалады” , “Кімде кім бір түп ағаш отырғызса, өмірін босқа өткізбеген болады” деген өсиет сөздерді өзімізге өнеге етіп алайық.
Топ нәтижелерін анықтау. І топ--------- ІІтоп-----------
“Табиғат қамқоршылары”

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Екі таңбалы сандарға қосу азайту амалдарын пайдаланып есептер орындау.

Сабақ тақырыбы: Қазақстан менің – Отаным.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері, табиғи ерекшеліктері, байлықтары, жануарлар, өсімдіктері туралы түсінік беру.
Оқушының дүниетанымын кеңейту, шығармашылық, пікірлеу қабілетін дамыту.
Өз отанын сүюге, мақтаныш етуге және патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақ жабдығы: суреттер, тарқатпа матераилдар, бейне таспа т.б
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау,көрсету,көрнекілік
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Ей жас ұлан , дүниеде құпиялар көп
Оның сырын ашасың көп оқысаң, ізденсең
Саған келер сол жолда, сыр сандығы
Дүниетану пәні досымыз жол бастап.

II Өткен сабақты пысықтау
1/. Дүниетану пәні нені үйретеді?
Үй тапсырмаларын пысықтау арқылы жаңа тақырып атауын табу
1/ денені шынықтырудың адам денесіне пайдасы қандай? 2/ спорттың қандай түрлерін білесің? 3/ қазақстанның спорт шеберлерін ата 4/қандай ойын түрлері қыс мезгілінде ойналады? 5/қала адамдары қолданатын көлік түрлерін ата 6/ ауыл адамдары қандай жұмыстармен айналысады? 7/қала мен ауылдың ерекшеліктерін ата 8/ біз қайда тұрамыз? 9/ өлкеміздегі қонақтап тұрған қай мезгіл?



Жаңа сабақ: Менің Отаным – Қазақстан
- Интерактивті тақтадан Қазақстан туралы бейнебаян көру
Отан – адамның туып-өскен және тұратын жері.
Отан отбасынан басталады. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан. Ол Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отаны. Қазақстан – үлкен, тәуелсіз, егеменді ел. Демек, әр елдің өз белгісі немесе рәміздері туы, елтаңбасы, әнұраны болады. Сол рәміздерімізде еліміздің ерекшелігі, ұлттық нақышы, тілегі мен армандары бейнеленген әрі берілген. Еліміздің әрбір азаматы рәміздерімізді мақтаныш етеді.
Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км. Шығыстан батысқа қарай ----- км-ді алып жатыр. Қазақстан Ресей, Кытай, Қырғыз, Өзбек, Түркменстан елдерімен шектеседі. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша / / орынды иелейді. Мұнда өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар.
Жануарлар дүниесі сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтардың 104 , өсімдіктер әлемі 6000-дай түрлері белгілі..
Жануарлар барыс, арқар, аю тауларда, ал жазық далаларда қасқыр, түлкі, қоян, киік, құлан қарақұйрық тәрізді аңдар.
Өсімдіктерінен тауларда қарағайлар мен шыршалар, жеміс ағаштары, ал орманда қарағаш, терек , емен, үйеңкі, қайың ал жазық далаларында қызғалдақ, көкнәр, қоңыраугүл, беде, жалбыз, селеу т.б өсімдіктер өседі.
Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі. Оны қорғай білуіміз керек.
Біздің отанымызда 130 астам ұлт өкілдері жасайды.
Оқулықпен жұмыс:
Осы өлкеде қаншама ұлт өкілдері бірге тату-тәттітурады?
Сергіту сәтін «Дос болайық бәріміз» әнімен орындаймыз.
Шығармашылық жұмыс. Өлең ұйқасын табу.
Болашаққа ............
Шарықтайды асқақ ...
Елордасы .......
Мақтанышым - .....
Керекті сөздер: ән, бастаған , Астанам, Отанның.
Дәптермен жұмыс: Қазақстан тақырыбында ашықхат жаз.
Қазақстанға, Отанға арналған қандай өлеңдерді білесіңдер?
Есте сақтау жаттығуы « Қазақстан аумағында кездесетін жануарлар» суреттерін есте сақтап ретімен жазу.
Сабақты қорыту
Тақырып бойынша қандай тұжырымға келдік, соны жинақтап «Күн шұғыласына» түсіру.
1.Сендер қайда тұрасыңдар?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
тәуелсіз
отанымыз
бай

көркем

Үй тапсырмасы: //////беттегі «менің отаным – Қазақстан» мәтінін мазмұнын айту. Мақал - мәтел жазу.
«Қазақстан» өлеңімен аяқтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.