Меню
Назад » » »
Ән айту ережелері
загрузка...

загрузка...
Еркінқала балалар саз мектебінің
«Халық әні-терме» мамандығының мұғалімі
Идирова Жадыра Саматқызы
Атырау қаласы

Ән айту ережелері

Сабақтың білімділік мақсаты:
Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: Ән айту ережелері

Сабақтың білімділік мақсаты:
Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, СТО әдісі, «араласқан сөздер», «сиқырлы таяқша» тәсілі, суретті тану.
Көрнекіліктері: Баян, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, өнер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
Намысты бол
Табысты бол
Жігерлі бол
Әділ бол
Сезімтал бол

Жаңашыл бол
Салмақты бол
Турашыл бол
Шешен бол
Өнерлі бол

Дауыс жаттығуы:

М: Күй сандықты ашайық
О: до – до – до
М: Тілдерін біз басайық
О: до – до – до
М: Бас дыбысты бастайық
О: до – до – до
М: Жайлап әнге салайық
О: до – до – до

Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

М: Шалқып шығар сонда күй
О: до – до – до
М: Бәрі до – дан басталар
О: до – до – до
М: до – ны қоштар басқалар
О: до – до – до
М: До – ны қоштар басқалар
О: до – до – до

Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
«Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері».
Ән орындау. Абай «Қараңғы түнде тау қалғып».

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші – композиторларды ата?
Қандай дәстүрлі әншілік өнер мектептері бар? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ән айту ережелері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 437 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar