Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы-шағын қоғам 4-сынып -

Отбасы-шағын қоғам 4-сынып

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 386 | Просмотров: 4766 | Размер: 134.0 Kb | Автор:
. Пәні:Дүниетану 4 «д» сынып
Мұғалім: Күзембекова С.Ж
Сабақтың тақырыбы: Отбасы-шағын қоғам
Сілтеме: Жоспар 4 сынып Дүниетану әдістемесі
Жалпы мақсаты: -«Жер - Ғарыш денесі» тарауынан алған білімдерін тиянақтау. Адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктері туралы теориялық білімдерін бекіту. Оқушыларға отбасының шағын «қоғам»екенін түсіндіру. Сол қоғамға лайық, тең құқылы мүшесі болу - адамгершілік парыз екенін ұғындыру.
-Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
-Отбасы-шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана , әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.
Күтілетін нәтиже Сөздің мағынасын аша алады. Сұрақтарға нақты жауап береді. Критерийлерге сүйеніп өзін, жұбын, тобын бағалай алады. Мәтіннің идеясын болжайды.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады.
Оқыту әдісі Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс

Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі:
Жаңа білімді меңгерту
Кесте,оқулық, АКТ,«Отбасы» жайлы мазмұнды суреттер,

Жүргізілетін жұмыстар

Сабақтың
кезеңі,уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Кіріспе.
(2минут)

Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңаны тану (10-минут)

Білу

Негізгі бөлім. Түсіну
(8-минут)

(2-минут)

Қолдану, талдау
(15-минут)

Жинақтау
(3-минут)

(3-минут)

Бағалау
(2-минут)

Үйге тапсырма: І.Ұйымдастыру :1.Сәлемдесу
I. Қызығушылықты ояту.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2.Топқа бөлу.
«Отбасы» жайлы мазмұнды суреттер арқылы бөлу

II. Психологиялық дайындық
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,-деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Бағалау қағаздарын таратып беру
Өткенді қайталау
«Жер - ғарыштық дене» бөлімін қайталауға арналған эстафеталық сұрақтар («10 сұрақ әдісі бойынша» топтар бір-біріне қояды)
Тарауды қорытындылау (білімді бекіту)
- Міне, балалар біз сендермен ғарыш әлемі туралы үлкен тарауды аяқтадық. Ғарыш әлемін зерттеу адамзат үшін қажет па, қажет болса не
үшін?
- Егін шығымдылығын болжауға:
- Мұнай қорын білуге:
- Экология жағдайларын болжауға
- Географиялық карта жасауға негіз болады
- Күн қуатын зерттеді
Ғарышты зерттеу жұмыстарын кім игеріп жүргізуде (адам)
Адам - табиғаттың ең саналы перзенті адам өзінің даму сатысында түрлі кезеңдерді басынан өткізді.
Өзіне қажет жағдайларды жасады. Сөйте жүріп олар қоғамды қалыптастырды.
- Осы қоғам дегеніміз не?
- Ия балалар дұрыс айтасыңдар біздің бастайын деп отырған тарауымыз «Қоғам»деп аталады.
Слайд. Қоғам
Жаңа сабақты ашу мақсатында жетелеуші сұрақтар қою:
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Оның несі бар?
-Кім басқарып отыр?
Біздің қоғамды басқарып отырған президент екен.
-ал Отан неден басталады? Ия дұрыс айтасыңдар
-ал балалар, бүгінгі сабақта өздерің топқа қалай бөлініп отырдыңдар?
-Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы шағын қоғам»
Слайд. Отбасы шағын қоғам
-Олай болса бүгінгі сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер?
- Слайд: Кітаппен жұмыс.
- 4-топтан 4 оқушы абзац бойынша оқиды

Сергіту сәті: музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау
Мұғалім:
- Отбасын неге шағын қоғам дейді?
Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықта н 1993 жылдан бастап 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып аталады.
Сызбаға байланысты «үйдің шатырына көрсетіп, отбасы суретіне көрсетіп былай деймін: «Дұрыс бір үйде, бір шаңырықтың астында тұратын адамдар отбасын құрайды»
Слайд: «Пікірталас» (өз ойын ортаға салу)
Топтарға тапсырма беру
1-топ Эссе жазады
2-топ Өлең құрастырады (тірек сөздер беру)
3-топ жоба қорғайды
4- топ Мақал-мәтел айтады
Формативті бағалау (фишкалар арқылы)
Білім ағашындағы алмалардан сұрақтарға жауап беру
-Отбасындағы баланың міндеті қандай?
-Отбасы қоры қалай жиналады?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-«Отбасының басшысы » кім болады?
-Отбасы деген не?Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?
-Отбасының ұйытқысы кім?
-Отбасы қоры дегенді қалай түсінесіңдер?Бұл қор қайдан жиналады?
-Отбасының ауқатты болуы қоғамға қандай пайдасы бар?
-Туған-туыспен қарым-қатынасты қалай түсінесіңдер?

Тренинг Жүректен жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.

Бағалау парағы
Рефлексия
-Сабақ саған ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Саған жаңалық болған не?

«Отбасы шағын қоғам» мазмұндау. «Менің отбасым» тақырыбында шығарма жазу
1. Қонақтармен амандасу.

2. Суреттері құрастыру арқылы 4-топқа бөлінеді

Бағалау парағы
№ Оқушылардың аты-жөні Эстафеталық сұрақтар 1 балл Сұрақтарға жауап беру
1 балл Топқа берілген тапсырма бойынша
3 балл Білім ағашы
1 балл Жалпы баға Қорытынды
баға
1
2
3
4
5
6
Жеребе арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою ретін анықтап алады

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды

- Қоғам дегеніміз – біздің өмір сүріп отырған ортамыз.

-Қазақстан
-Оның белгілі бір алып жатқан аймағы бар
-Президент

-Отбасынан.
-Әр түрлі отбастарының суреттеріне байланысты бөліндік

- Осы қоғам дегеніміз не, қоғамның бір бөлшегі отбасы туралы ондағы қарым – қатынас туралы
бүгінгі сабақта білу, түсіну, үйрену.

-Отбасының да басшысы бар.Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Отбасының белгілі бір тұратын мекен-жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады.



- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасым ең үлкен.
- мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.

Жасалған жұмысты Де Боненің 6 қалпағы бойынша бағалайды.Тапсырманы орындап, ұпайларын санайды; өзін-өзі бағалайды; бүгінгі сабақтан алған әсерін бағалайды.
Кері байланыс жасайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.