Меню
Назад » » »
Әсем безендірілген музыка залына балалар музыка әуенімен кіреді
загрузка...

загрузка...
Әсем безендірілген музыка залына балалар музыка әуенімен кіреді
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Қарашы күз келді, күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неліктен күз енді
Жүргізуші: Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұрғылт тартады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Балапандар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар жауабы: Күзде.
Жүргізуші: Айналаға қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
Б.ж: Күз.
Жүргізуші: Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Б.ж: Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Жүргізуші: Күз мезгілі сендерге ұнай ма?
Б.ж: Ұнайды.
Жүргізуші: Несімен ұнайды?
Б.ж: Күз бізге жемістерін, көкөністерін, астықтарын сыйлайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, енді балаларымыздың күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық!
Айхан: Әй, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Саида: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Мансұр: Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Балалар тақпақтарын айтып болған соң әуен ойналып,
залға Күз ханшайымы келеді
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар! Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп қойдым.
Б.ж.: Сәлеметсіз бе!
Күз: Сәлем, ерен достарым,
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты.
«Күз – жомарт» әні
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Біз сені асыға күттік, біздің бақытты балаларымыздың әнін тыңдасаң, енді өзіңе арналған тақпақтары да бар, сол тақпақтарын тыңда.
Нұртас: Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Аяулым: Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Аспанға өрледі
Құстар да ән салып
Жасұлан: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Күз: Өте тамаша, рахмет. Балалар, мен де сендерге «Жемістер мен көкөністер» деген ойын ала келдім. Бұл ойынның шарты – барлығың бау-бақшаға шығып, пісіп тұрған күздің сыйлықтарын музыка әуенімен жинайсыңдар. Алдымен, ұлдар – көкөністерді, қыздар – жемістерді жинайды. Сосын, орын ауыстырып жинаймыз, келістік пе?
«Жемістер мен көкөністер» ойыны
Жүргізуші: Күз ханшайымы, сізді осы неге жомарт күз деп атайды?
Күз: Иә, мен жомартпын. Өйткені – Мереке басы – ән болар,
Береке басы дән болар, - деп дана халқымыз бекер айтпаған ғой. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларға толтырдым.

Еңбек қызып қырманда
Бидай толды қырманға
Алтын таулар сияқты
Сап-сары боп тұрғанда
Жүргізуші: Күз ханшайымы, ендеше, сіз ұлдарымыздың алтындай «Бидай» биін тамашалаңыз...
«Бидай» ұлдар биі
Биден соң ұлдар залдан шыға берісте отырған Бауырсақты алып келеді
Алихан-автор: Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап:
Алуа-қуыршақ: Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
Надира-бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан, - деді оған бауырсақ.
Алуа-қуыршақ: Дүкенге келдің қай жақтан?
Надира-бауырсақ: Наубайдан келдім нан жапқан.
Алуа-қуыршақ: Наубайға келдің қай жақтан?
Надира-бауырсақ: Диірменнен келдім ұн тартқан.
Алуа-қуыршақ: Диірменге келдің қай жақтан?
Надира-бауырсақ: Даладан келдім кең жатқан.
Жер-анам менің көсілген,
Дихандар мені өсірген
Үшеуі (Алихан, Алуа, Надира) Әй, балалар, балалар!
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп –
Торғайларға тастаңдар!
Күз: Не деген ақылды, тәртіпті де сүйкімді балалар! Мен сендерге сондай ризамын!
Жүргізуші: Иә, Күз ханшайымы, балапандарымыз сондай еңбекқор, ақылды. Енді кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік…
Айұлтан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Диана: Көрінеді шалғайдан
Бел-белестер сарғайған
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен
Елнұр: Астық, жеміс жиналды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Сымбат: Көбейді құт-берее
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші: Келесі кезекті енді балаларымыздың әніне берейік...
«Моншақтар» әні
Жүргізуші: Рахмет, балапандар! Күз ханшайымы, сізді халық неге мерейлі күз деп атайды?
Күз: Қамбаларға толған астықтан басқа, мен дәмді де тәтті дәрумендері бар көкөністер мен жемістер де күз мезгілінде піседі. Міне, көкөністерім де осында екен ғой...
«Көкөністер дауы» көрінісі
Айша: Өнім қандай тамаша
Көз тоймайды қараса
Сәбіз, картоп, кәдешпен
Қып-қызыл піскен қызанақ
Қырыққабатқа қарашы
Көкөністер бір кезде
Жиыла қалып дауласты
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз
Дильназ-қызылша: Мен бір сөз айтайын
Мақтанайын сендерге
Менсіз борщ болмайды
Венегред те үстелде
Ералы-қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана

Ләйлә-қияр: Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
Амина-сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кен болмайды күшке де
Ұлпан-қызанақ: Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген
Алуа-пияз: Қалың киім ұнатамын
Шешіндірсең жылатамын
Пияз деген мен боламын
Боламын мен дәмдеуіш
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға
Дарын-картоп: Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер де балалар
Айша: Көкөністер, бос айтысты қойыңыздар, дауласуды тоқтатайық, одан да жауабын дәрігер апайдан сұрайық.
Аяжан-дәрігер: Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер
Балалар атрибуттарын шешіп орындарына отырады
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Мырза күзді жырлайық
Би билейік ойнайық -
«Тамшылар» қыздар биі
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің мерекеміз ұнады ма?

Күз: Әрине, ұнады. Өте тамаша! Өздерің аңсай сағынар,
Шырыны – шәрбат, дәні бал,
Қауын – қарбыз, жүзімнің
Бәрі менен табылар,- ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді, қабыл алыңыздар...
Жүргізуші: Күз ханшайымы, бізге сыйлық әкеліп бергеніңізге көп рахмет! Балаларымыздың тек өзіңізге арнап жаттаған әнін тыңдаңыз енді...
«Жемістер мен көкөністер» әні
Күз: Көп рахмет балалар! Мен қайтып келгенше, аман сау болыңдар!
Күз ханшайымы қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Міне, балалар, осымен біз күзбен де қоштастық. Ертеңгілігіміз сендерге ұнады ма?
Б.ж.:
Жүргізуші: Ендеше, ертеңгілігімізге алтын уақыттарын бөліп келген қонақтарымыздың құрметіне флеш-моб биімізді тарту етейік…
«Жаяу» биі
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің қарлығаштарымыздың дайындаған ертеңгілігі осымен аяқталып келеді. Сіздерге күздің берер өнімі мол, берекесі құт болсын! Балапандарымыздың бал күлкісі мен шаттығын келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше күн жақсы болсын! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Әсем безендірілген музыка залына балалар музыка әуенімен кіреді можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 411 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar