Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Шешендік өнер» бағдарламасы -

«Шешендік өнер» бағдарламасы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 13999 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Шешендік өнер» бағдарламасы

Түсінік хат

Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор.Қазақ халқы

шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан,бастауыш сынып

оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-

өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай

құрылған.

1-4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген – білгенді

көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың

немесе өлең ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен

жалғастара білуді үйренеді.

Бұл жинақ ана – тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы.Тілдің рухы деген өте

бір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық

психологиямыз,дүниетанымымыз.

1-4 қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат.

Бағдарламаның мақсаты:

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,
оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген
талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай
міндеттер жүктеледі.

Міндеттері:
- оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

- көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

- шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіп-
керлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;

- шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.

- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

- оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

-көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;

- жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

Күтілетін нәтиже

- сөздік қорын толықтырады

- оқу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.

- сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.

«Шешендік өнер» бағдарламасы 1- сынып 34 сағат.


Тақырыбы
сағат саны

1 Түсінік хат.Сөйлеуді дамыту. 1 (1)
2 Суретті әліппе: «Суреттер сыр шертеді» 2 (2-3)
3 Қима суреттер құрастыру. 2 (4-5)
4 Әріптерден буындар құрау 1 (6)
5 Сөз тіркестері арқылы сөздер құрастыру 1 (7)
6 «Кітап-білім бұлағы», «Кел,балалар ,оқылық!»
Ы.Алтынсарин шығармалары. 2 (8-9)
7 «Ертегі – тәрбие құралы» 1 (10)
8 «Адам болам десеңіз» А.Құнанбаев 1 (11)
9 Би,шешендер туралы ұғым 1 (12)
10 Төле би. 1 (13)
11 Қызыбек би 1 (14)
12 Әйтеке би 1 (15)
13 Шешендік сөздер 1 (16)
14 Мақал - сөздің мәйегі 2 (17-18)
15 Жұмбақтар 2 (19-20)
16 Санамақтар 2 (21-22)
17 Жаңылтпаштар 2 (23-24)
18 Өтірік өлеңдер 1 (25)
19 Өзара әдепті болу.Сөз тыңдау және сөзде тұру. 1 (26)
20 Төрт түлік төлдерінің атаулары 1 (27)
21 Төрт түліктің пайдасы 1 (28)
22 Жан-жануарлар,аң-құстар қалай дыбыстайды? 2 (29-30)
23 Шығармашылық жұмыс .Сурет бойынша мәтін құрау. 1 (31)
24 Қазақша ай аттары 1 (32)
25 Аталы сөз – бата,өсиет,өнеге 1 (33)
26 Тест жұмыстары. 1 (34)

«Шешендік өнер» бағдарламасы 2 – сынып 34 - сағат.


Тақырыбы
Сағат саны
1 Жалпы түсінік 1
2 Жеті ата туралы түсінік. 1
3 Имандылық,мейірімділік,қайырымдылық дәстүрлері. 2
4 Туыстық атаулары. 2
5 Апта аттары 1
6 Сөзжұмбақтар 1
7 Ребустар 1
8 Мақал-сөздің мәйегі. 2
9 Шешендікті қастерлеу дәстүрі. 1
10 Ертегіні аяқта ... 2
11 Ы.Алтынсарин шығармалары. 2
12 А.Құнанбаев «Жақсыдан үйрен-жаманнан жирен» 2
13 Нақыл сөздер 1
14 Сурет бойынша әңгіме құрастыру. 1
15 Жұмбақтар . 1
16 Жаңылтпаштар. 1
17 Қазақша өлшем атаулары. 1
18 Аңыз әңгімелер. 1
19 Өлең-жырлар. 1
20 Қазақ халқының айтыс өнері және әдеп. 2
21 Халқын сүйген салтын сүйеді. 2
22 Кітап – білім бұлағы. 1
23 Қазақ батырлары. 2
24 Тест жұмыстары 1
25 Қорытындылау. 1



«Шешендік өнер» бағдарламасы 3 - сынып 34- сынып.


Тақырыбы Сағат
саны
1 Кіріспе 1
2 Қазақ тілі-мемлекеттік тіл 1
3 Үш жүз туралы түсінік 1
4 Бірлік- елдің салты. 1
5 Сиқырлы сөздер сыры. 1
6 Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен. 2
7 Қазақтың ырым- тыйым сөздері. 1
8 Шешендік сөздер. 2
9 Туған жер- алтын бесік (өлең,әңгіме құрастыру) 2
10 Мақалдардың ерекшелілігі. 1
11 Тіл-туралы мақал – мәтелдер. 1
12 Туған жер,Отан туралы мақал – мәтелдер. 1
13 Жұмбақтар құрастыру. 1
14 Өтірік өлеңдер. 1
15 Атақты шешендер. 2
16 Қазақтың үш бәйтерегі. 1
17 Қазақтың бес арысы. 1
18 Әңгімені аяқта ... 1
19 Ертегілер 1
20 Қиял-ғажайып ертегілер 2
21 Ұлттық саз аспаптары. 2
22 Обал,сауап,ысырап,үнем туралы түсінік. 2
23 Ел белгілері,ел ұраны, көк байрақ – Туымыз. 2
24 Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру. 1
25 Тест жұмыстары 1
26 Қорытынды 1

«Шешендік өнер» бағдарламасы 4- сынып 34- сағат.


Тақырыбы Сағат
саны
1 Қазақ мемлекеті (хандығы) 1
2 Егеменді қазақ елі. 1
3 Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері 2
4 Шешендік арнау. 1
5 Шешендік толғау. 1
6 Шешендік дау. 1
7 Шешендік сөздер 2
8 Жиренше шешен,Асан қайғы (ХІҮ-ХҮ ғғ.) 2
9 Сырым Датұлы. 1
10 Махамбет,Исатай шешендіктері. 1
11 Шалкиіз,Бұқар (ХҮ-ХҮІІІғғ.) 1
12 Майқы би,Аяз би. 1
13 Шортанбай,Дулат шешендер 1
14 Мақалдар ұйқасы. 1
15 Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру. 2
16 Жұмбақ,жаңылтпаштар айтайық. 1
17 Қазақша той - думандар 2
18 Ертегілер елінде 2
19 Абайдың қара сөздері. 2
20 Наурыз тойы. 1
21 Инабаттылық дәстүрлері. 1
22 Аңшылық туралы әңгіме 1
23 Әңгімелер өз мүмкіндігіңше жалғастыр 1
24 Ұлттық ойындар. 2
25 Тест жұмыстар 1
26 Қорытынды. 1

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.

2. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.

3. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.

4. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.

5. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.

6. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.

7. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.