Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың тақырыбы : Шығарма. «Көктем»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға берілген тақырып бойынша суретке қарап, шығарма жазғызу арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.
1. Оқушының көктем мезгілі жайындағы білетіндерін жазғыза отырып, сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс қолдануын, сөйлем мүшелерінің орнымен жазылуын қалай меңгергенін және сауаттылығын анықтау.
2. Топта бірлесе жұмыс істеуге, бірін – бірі тыңдауға; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілік құралдары : интерактивті тақтадан көктемге байланысты слайдтар .

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу- құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ.
1). Тақырыппен таныстыру.
2). Көктем туралы не білетіндіктерін әңгімелету.
3). Шығарманың жоспарын құру.
• Көктем айлары
• Көктемдегі өсімдіктер
• Жануарлардың көктемгі тіршілігі
• Адамдардың көктемгі еңбегі
• Көктемгі мерекелер
• Көктемгі ойындар
• Көктем қызығы
4). Шығарманы жазғызу
5). Қадағалау.
6). Дәптерді жинау, тексеру.

III. Бағалау, мадақтау.
IV. Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.