Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыр елі - жыр елі. Нұртуған ақынның мұрасы -

Сыр елі - жыр елі. Нұртуған ақынның мұрасы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2247 | Размер: | Автор: гость
. Еркінқала балалар саз мектебінің
«Халық әні-терме» мамандығының мұғалімі
Идирова Жадыра Саматқызы
Атырау қаласы

Сыр елі - жыр елі. Нұртуған ақынның мұрасы

Сабақтың мақсаты: Сыр елі - жыр елі тақырыпты жалғастыра отырып, Нұртуған жыраудың шығармашылығымен таныстыру, термесін жаттау.
Білімділік: Нұртуған жыраудың өмірбаянымен танысып, терме-толғаулары арқылы оқушылардың білім-таным қасиеттерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ырғақты сезіну, орындау, есту арқылы тыңдай білу қабілеттерін дамыту, ән айту, вокалдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиешілік: Халқымыздың музыка өнеріне сүйіспеншілігін оята отырып, ұлттық өнерге тәрбиелеу.
Халқымыздың мәдени мұраларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, проблемалық ситуация, зерттеу,
әңгімелесу, ойын, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақ көрнекілігі: Нұртуған жыраудың портреті, терме құрастыру үлгілері, жыраулар портреттеріне жасалынған буклет, жырлар тұралы әдеби оқулықтар, жырауларды бейнелеген қолмен салынған сурет - иллюстрация, сұрақтары бар үлестірме қағаз,
«Оқушылар шығармашылығы»- болашақ кітапша жинағының мұқабасы.
Техникалық құралдар:
музыкалық центр, теледидар, бейнемагнитофон,
бейнетаспа, үнтаспалар, фортепиано аспабы.
Сабақта қолданатын музыкалық шығармалар:
1. Тұрмағамбет жыраудың бейнетаспаға жазылған «Тәлім» термесі, Е. Жаңабергенованың орындауында
2. Нұртуған жыраудың үнтаспаға жазылған «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің 2 нұсқасы Е. Жаңабергенованың орындауында және Р. Рымбаеваның орындауында.
3. «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің үнтаспаға жазылған инструменталдық
аранжировка (фонограмма)
4. «Жыр жазамын жүрегімнен» Ғ. Жұбанованың шығармасы (шығармашылық жұмысының фон - музыкасы)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі, балаларды түгендеу, сабақ тақырыбын айтып, мақсатын қою.
- Балалар, қазір сендер бейнекөріністі тамашалайсыңдар. Назарларыңды аударып, зейін қойып тыңдаңдар. /бейне көріністе Тұрмағамбет жыраудың «Тәлім» термесі, Елмұра Жанабергенованың орындауында/
- Балалар, тыңдаған шығарма қандай шығарма түріне жатады?
- Иә, бұл терме
- Кімнің термесі? Қалай аталады?
- /Тұрмағамбет жыраудың «Тәлім» термесі/
- Бейнекөріністе термені орындап тұрған - атақты әнші, қазіргі заманымызда термелерді орындайтын жыршы Е. Жаңабергенова. /дәптерге жазып алу /
- Терменің мазмұны не туралы?/жауап/
- Тұрмағамбет ақын қай жыраулық мектепшілігінің өкілі?
- /Сыр бойындағы мектепшілікке жатады/
- Неге біз «сыр елі - жыр елі» дейміз?
- Сыр бойындағы елді мекеннен көптеген атақты жыраулар шыққан және жыраулық мектепшілік өте дамыған.
- Осы мектепшіліктің ерекшелігі неде?
- көмейімен айту мәнерінде
- Ал, терме деген не?/жауап/
- Жыраулардың сол заманда атқарған міндеттері неде?/жауап/
- Сондықтан, жырауларды кім деуге болады?
- Ақын, шешен, орындаушы, ұстаз, философ.
- Термеден біз не аламыз?
- тәлім, тәрбие, үлгі...

ІІ. Ендеше, бүгінгі сабақта Сыр елінің тағы бір атақты жырауының бірі Нұртуған ақынның өмірбаянымен танысып, «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесін талдап, айтып үйренеміз./Дәптерге тақырыпты жазу/
- Мен сендерге алдын ала Нұртуғанның өмірі туралы зерттеу жұмысын бергенмін. Кім оқиды? Түйінін ғана оқындар. /окушылар дайындаған мәліметті қысқа ғана оқиды /
- Иә, балалар, Нұртуған ХІХ ғ. өмір сүрген, Арал өңірінен шыққан атақты жырау, әрі орындаушы - жыршы екенің білдік. Өзінің соңына көптеген терме - толғаулар мен жыр - дастандар жазып қалдырған. /жауап берген балаларды бағалау /
- Бүгінгі сабақта осы жыраудың атақты термесімен танысып, мәтінін талдап, айтуын үйреніп, термені орындауға машықтанамыз.
/ осы жерде кітаптағы «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің сөздерін ашып, мәтінмен талдау жұмысын жасау /- Терме не туралы? /жауап /
- Балалар, кәзір біз осы терменің 2 нұсқасын екі әншінің орындауында тыңдаймыз. Алдын ала мынандай сұрактар қоямын:- Терменің 2 нұсқадағы орындау мәнері қандай, салыстыру керек?
- Орындаған әншілер сендерге таныс па?
/Үнтаспаға жазылған «Қанеки, тілім, сөйлеші» термені Е. Жаңабергенованың ұлттық аспаптар оркестрдің сүйемелдеуімен орындауында және осы термені атақты әнші - Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында тыңдатқызу /Оқушылар жауап беріп, дәптерге термені орындаған әншілердің аттарын жазып алады/

ІІІ. Енді біз сабағымыздың негізгі бөліміне көшеміз. Термені жаттап, орындауға машықтанамыз. Алдын ала дауысымызға жаттығуларды жасаймыз. Алдыларындағы тақтаға жазылған терменің сөздеріне назар аударып көрейік. /оқушыларға жаттау жұмысын жүргізгенде дыбысын жоғары және төмен баратын жерлерін көрсету, әуенін үйрету, қиын жерлерімен жұмыс жасау / Бір рет аспаппен тез екпінде орындату. Содан кейін, жазылған инструменталдық аранжировкамен (фонограммамен) айтқызып көру.
- Балалар, біз бүгін қай жыраумен, қай шығармамен таныстық?
- Нұртуған ақын қай өңірден шыққан, қай ғасырда өмір сүрген?
- Ақынның қай шығармасымен біз таныстық?

ІV. Сабағымызды әрі қарай жалғастыра отырып шығармашылық жұмысқа көшеміз.
Бүгін сендер ақын - жыраулардың ізімен ойларынды өрбітіп, өздерінде ақын, жырау боп сезініп көріндер.
1 - ші топтың жұмысын « Болмасаң да ұқсап бақ...»
2 - ші топтың жұмысын « Бір үзік сыр...» деп атадым.
- Алдыларындағы термені құрастыру үлгілері 3 нұсқада. 1 - ші топтағы «ақындар» бір нұсқа таңдап алып термені құрастырып көреді.
2 - ші топтағы балалар «қазіргі заманның жыраулары» болып өз ойларын толғатады. Тақырыбы: қазіргі заманның жырау нені жырлайды?
/ балаларды топқа бөліп, арнайы парақтарды таратамын, олар жұмысқа кіріседі. Сол уақытта баяу фон - музыканы қоямын - Ғазиза Жұбанованың « Жыр жазамын жүрегімнен» атты шығарманы. Оқушылар жұмыстарын бітіргеннен кейін тексеремін. Әр бір нұсқадан бір - екі баладан тыңдап, қорытынды шығарып, жұмыстарын жинап аламын./
- Балалар, бүгінгі сендердің шығармашылық жұмыстарыңды біріктіріп мынандай кітапша шығарамын /балалар жазған парақтарды жинап, дайын мұқабамен бірге степлермен бекітіп кітапшаны көрсету /

V. Сабағымыздың қорытындысын шығару үшін мен сендерге таратып берген жеке үлестірме қағаздағы сұрақтарға назар аударайық. Қандай сұрақтарды көріп отырсыңдар:
не білдік, не үйрендік, не белгілерін, үйренгілерің келеді. Осы сұрақтарға қысқа жауап береміз. / жауаптарын тыңдап, қорытынды жасау /.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға баға қойып, үйге тапсырма беру: термені жаттау,
Сыр елінің жыраулары туралы мәліметтерді қайталау, Нұртуған ақынның өмірі туралы оқып мазмұндап келу.
- Осымен біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!
Кері қайту
Материал рейтингісі:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.