Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрлаулы мүшелерді қайталау -

Тұрлаулы мүшелерді қайталау

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 579 | Просмотров: 1756 | Размер: 18.5 Kb | Автор:
. 3-сынып
Қазақ тілі
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді қайталау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзілік тұрғыдан меңгерту. Жаттығулар орындау арқылы тұрлаулы мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын, ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, сауатты көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға, туған жерін, елін, Отанын сүюге құрметтеуге, таза жазуға, сауаттылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ребус, бағалау парақшалары.
Типі: Қайталау сабақ
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтау, іздену, талдау, баяндау, практикалық, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақ барысы.
Психологиялық дайындық

ІІ. Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.

ІІІ. Жұмбақ шешу.
Беделі зор бас қала
Бәйтерегі жас қала
Ол қай қала? АСТАНА
Бүгінгі сабағымызда Астана қаласының саяхат жасаймыз.
• Астанаға тез бару үшін немен барғыларың келеді? - Ұшақпен
• Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.

ІV. Өткенді еске түсіру.
Миға шабуыл.
Әр оқушы билеттің артындағы сұраққа жауап береді.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді... дейміз. (сөйлем мүшелері)
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін... дейміз. (бастауыш)
Баяндауышқа... деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?)
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін... қойылады. (сызықша)
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің... мүшелері дейді. (тұрлаулы)
Тірек сызбамен жұмыс.

V. Бәйтерекке саяхат. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу. Суреттер бойынша Кім не істеді? сұрағына жауап жаз. Бастауыш пен баяндауышты тауып, оларға сұрақ қой. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
Әскери адам талдың сынған бұтағын байлады. Құрылысшы үй салды. Дәрігер баланың тісін емдеді.

VІ. Ақордаға саяхат. Өлеңмен жұмыс.
2 – жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнен бастауыштар мен баяндауыштарды тап. Баяндауыштар қай сөз табынан жасалған? Сұрақ қой. Ақын жаңбырдан кейінгі табиғатты кімге теңеп тұр? Жаңбырдан кейінгі табиғатты суретте.
Жаңбырдан соң.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты,
Жылғалардан жылжып қана су ақты.
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат
Жақсы баға
Алған бала
Сияқты.

VІІ. Хан шатырға саяхат. Тақтамен жұмыс. 3 – жаттығу. Тиісті жерге сызықша қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімнен болған баяндауыштарды тауып, астын сыз. Бастауыштан кейін сызықша қандай жағдайда қойылады?
Нөсер бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары. Кесе – шай ішетін ыдыс. Ю. Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Қыран – қасиетті құс. Арман – әдепті бала.
VІІІ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Белге қолды қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш қана отырамыз
ІХ. Тәуелсіздік монументіне саяхат. Өзіндік жұмыс.
5 – жаттығу. Берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

Х. Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Ойын: “Жоғалған сөз”
Бастауыш Баяндауыш
Мысық ----- Мияулайды -----------
Жылқы ---- Кісінейді
Сиыр ------- Мөңірейді
Түйе ------- Боздайды
Ойын: «Ұйқасын тап»
Үні ғажап,
Дүлдүл,
Бақта сайрар…( бұлбұл)
Бәрі бірдей жұмысқа,
Шығатын кім?…(құмырсқа)
ХІ. Темір жол вокзалына саяхат.
Сабақты қорытындылау: Венн диаграммасымен қорытындылау.
БАСТАУЫШ
Ортақ қасиеті
БАЯНДАУЫШ

Үйге тапсырма беру.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сөйлем мүшелері туралы алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

4 – жаттығу. Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдерді жақшасыз көшіріп жаз. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қой.
(Кім?) Айдос ағаштың басына қараторғайдың ұясын орнатты. Қараторғай ұяға (қайтті?) қонды. (Не?) Қараторғай ұяға жұмыртқа басты. Біраз уақыттан соң балапандар (қайтті?) шықты. Қараторғай балапандарға күні бойы қорек (не істейді?) іздейді. (Нелер?) Балапандар қанаттанды. Енді олар өздері (қайтеді?) ұша алады.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.