Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
§40. Абиотикалық факторлар -

§40. Абиотикалық факторлар

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 433 | Просмотров: 3231 | Размер: 72.0 Kb | Автор: bibigul
. Сабақтың тақырыбы: §40. Абиотикалық факторлар

Сабақтың мақсаты: Абиотикалық фактор туралы түсінік.
Температура, температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтары,
өсімдіктердің экологиялық топтары, ылғал, ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары туралы түсінік беру.

Қолданылытын жабдықтар: Таблица, слайд.

Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы.

ІІ. Жаңа сабақ жоспары:

Сабақтың жоспары:
1) Абиотикалық фактор туралы түсінік.
2) Температура, температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтары.
3) Өсімдіктердің экологиялық топтары.
4) Ылғал, ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.



Дене температурасының сипатына қарай организмдер



Пойкилотермді Гомойотермді
(дене температурасы (дене температурасы
қоршаған ортаның тұрақты
температурасына тәуелді организмдер)
түрде өзгеріп отырады )

Барлық омыртқасыздар, Құстар мен
омыртқалылардан балықтар, сүтқоректілер
қосмекенділер және бауырымен
жорғалаушылар
Төменгі температураға шыдауына байланысты өсімдіктер

Жылу сүйетіндер Суыққа төзімділер

Жүзім, шабдалы, өрік, Мүктер, қыналар,
алмұрт, т.б. қарағай, шырша,
самырсын, т.б.

Кейбір жануарлардың төменгі температурадан қорғану жолдары

Қысы қатты аймақтан Тері жабындыларындағы Уақытша ұйқыға
жылы жаққа орын жүн және май қабаты немесе тыныштық
ауыстырады қалыңдап, қысқа күйге көшеді
дайындала бастайды

жыл құстары, кейбір аңдар, құстар, суыр, борсық, аю,
сүтқоректілер итбалықтар, тышқан т.б.
шошқалар, т.б.

Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары
Өсімдік топтары Сипаттамасы Мысалы

1)Ксерофиттер(грекше «xeros»-құрғақ, «phuton»-өсімдік; құрғақсүйгіш өсімдік) Ылғал тапшы аймақтарда өседі, жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген Сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік, т.б.

2)Суккуленттер(латынша «succulentus»-шырынды; шырынжапырақ өсімдіктер) Жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған

Алоэ, агава, кактус, т.б.

3)Мезофиттер(грекше «mesos»-аралық) Ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ, ылғалы жеткілікті топырақта өседі

Беде,атқонақ, інжугүл, саумалдық, т.б.
4)Гигрофиттер(грекше «hugros»-ылғал) Ылғалы мол жерде өседі Ылғалды тропиктік орманда өсетін өсімдіктер
5)Гидрофиттер(грекше «hudor»-су) Төменгі бөлігі суда болады, грунтқа бекініп өседі Элодея, балдырлар, т.б.
Ылғалдың әсеріне байланысты жануарлар

Су жануарлары Құрлық жануарлары Қосмекенділер

Балық, судағы Сүтқоректілер, Көл бақалары,
сүтқоректілер құстар, теңіз
(кит, дельфин), бауырымен жорғалаушылар, тасбақалары,
буынаяқтылар, жәндіктер, т.б. т.б.
губкалар,
былқылдақ-
денелілер,
құрттар, т.б.

ІV Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар деңгейлік сұрақтарға таратпа материалдар арқылы жауап береді.

А (жеңіл):
1) Температураға қатысты жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық топтарын атап, мысал келтір.
2) Анабиоз дегенді қалай түсінесің?

В (орташа):
1) Ылғалға қатысты өсімдіктер қалай жіктеледі?
2) Төмендегі мысалдардың қайсысы абиотикалық факторға жататынын анықтап, астын сызыңдар.
1) Топырақтың эрозияға ұшырауы
2) Температура
3) Көшет отырғызу
4) Жер жырту
5) Ылғал
6) Жарық
7) Жапырақтың түсуі
8) Ауа
9) Балық
10) Жауын-шашын

С (күрделілеу):
1) Мына аталған абиотикалық факторлардың қайсысы табиғаттағы маусымдық өзгерістердің көрсеткіші бола алады?
А) Жарықтың түсу қарқындылығы
Ә) Жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі
Б) Температураның өзгеруі, жарықтың түсу
қарқындылығы
В) Күннің түсуінің өзгеруі
Г) Қоректік заттардың жетіспеуі
Жауабы:¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ _______

2) Кестенің бірінші бағанында берілген өсімдіктердің экологиялық топтарына екінші бағанындағы сипаттамалардың қайсысы сәйкес келетінін анықтап, бағдар сызықпен көрсетіңдер.

Өсімдіктердің экологиялық топтары

Сипаттамасы
1 2
1)Ксерофиттер

2)Суккуленттер

3)Мезофиттер

4)Гигрофиттер

5)Гидрофиттер 1)Ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер.
2)Төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері.
3)Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер.
4)Ылғал тапшы аймақтарда өсетін, жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген өсімдіктер.
5)Жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған өсімдіктер тобы.

V Қорытындылау. Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушыларға кесте толтырту.

Кестенің бірінші бағанындағы толық емес сөйлемдерді екінші бағанындағы қажетті сөздермен толықтырыңдар.

Сөздері түсіп қалған сөйлемдер Қажетті сөздер
1 2

1)__________ _______ дегеніміз- организм тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары.


алоэ және агава

2)Гомойотермді топқа _______ ___ ______________ жатады.

зат алмасуды, тіршілік

3)Температураның қалыпты мөлшерден ауытқуы кез келген организм денесіндегі ___ _________ тежеп, жасушадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы _________ баяу тоқтайды.


ылғал, шөлге

4)Суккуленттер тобына _____ ____ _____ мысал бола алады.

құстар мен сүтқоректілер

5)Температура көтерілген жағдайда, ______ азайып, табиғат зоналары жылжып, бүкіл экожүйелерде _____ айналу процесі жүруі мүмкін.


Абиотикалық фактор


VI Бағалау.

VII Үйге тапсырма. §40. Абиотикалық факторлар оқу. А, В, С деңгейлік сұрақтарына жауап беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.