Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«7 сынып биологы» сайыс сабақ -

«7 сынып биологы» сайыс сабақ

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 517 | Просмотров: 7950 | Размер: 20.3 Kb | Автор: bibigul
. Нурмуратова Бактыгул Жолдасовна
Степногорск қаласы , № 9 орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «7 сынып биологы» сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу;
Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі «7 сынып биологы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Бүгінгі сайысымызға 7 сынып оқушылары қатысып отыр.
Сабағымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары:
1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеті сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі.
2. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға биология пәнінің салаларынан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 4 оқушы үшінші кезеңге шығады.
3. «Терминдер». Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 10 ұпай)
4. «Ұлы тұлғалар» Бұл кезеңде биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарлыластары да өз жауаптарын айтуына болады.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. __________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3_________________________________________________________________


1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1- оқушы.
1. Саусағы ерекше,екі саусақты құс (африкалық түйе құс, страус)
2. « Балық патшасы» (бекіре)
3. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альботрос)
4.Алғаш рет құрылықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар(қос мекенділер)
5.Құстарда болатын без(құйымшақ без)
6.Құстар класына жататын түр саны(8600)
7. Ең үлкен пингвин (император пингвині)

2- оқушы.
1.Құстарда өңештің кеңейген бөлігі (жемсау)
2. «Патша балығы»деп аталатын балықтың атауы (бахтах)
3. Асыранды тауықтың жабайы тегі(банкив тауығы)
4.Кіші қан айналым жүйесі екінші сөзбен қалай аталады?өкпелік қан айналу жүйесі)
5.Құс терісінің қосалқы бөлімдері (қауырсын, тұмсық, жіліншік, сауақтарындағы мүйізді қабыршақтар)
6. Қазақстанда құстардың қанша түрі мекендейді?(500ден астам)
7. Ең көп таралған пингвин (адели пингвині)

3- оқушы.
1. Бұдан 225млн жыл алдын жасаған құстардың арғы тегі(протоавис)
2. Мүшел жыл санауға кірген құс? (тауық)
3. Жорғалаушылар қаңқасында алғаш пайда болды (кеуде қуысы)
4.Жаңа Зеландияда кездесетін үш көзді жорғалаушы (гатерия)
5.Құстардың дыбыс шығаруы қандай мүшеге байланысты (көмей)
6.Қазақстанда қоқиқаз қорғалатын қорық (Қорғалжын қорығы)
7.Страустың салмағы (90кг)

4- оқушы.
1. Қыран құстың қоразы не деп аталады?(шәулі)
2. Иод тапшылығынан болатын ауру түрі(Жемсаулық не зоб)
3. Қазақстандағы ең үлкен кесірткенің атауы? (Сұр келес)
4.Қазақстанда таралған улы жыландардың түр саны (4)
5.Үлкен қан айналу шеңбері жүректің қайсы қуысынан басталады?(сол жақ қарынша)
6.Ұшатын құстардың төсі (қыртөс немесе киль)
7.Нанду құсының салмағы (25-30кг)

5- оқушы.
1. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым ( энтомология)
2. Тірі ағзалар туралы ғылым? (биология)
3. Алғаш жасушаны ашқан кім? (Р.Гук)
4. Зәр зат түзілетін мүше (бүйрек)
5.Кіші қан айналу шеңбері жүректің қайсы қуысынан басталады?(оң жақ қарынша)
6. Қыран құстар аналығының атауы ( ұябасар)
7.Казуардың салмағы (70-90кг)

6- оқушы.
1. Скат балығының ең ірі түрі? (манта)
2. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
3. Қоқиқаздың мекені деп аталатын қорық (Қорғалжын қорығы)
4.Қазақстанда кездесетін тасбақаның түрінің саны (2)
5. Үлкен қан айналу шеңбері жүректің қайсы қуысына келіп құяды?(оң жақ құлақша)
6. Қыран құстар қоразының атауы( шәулі)
7.Эму құсының салмағы (50кг)
7- оқушы.
1. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым(зоология)
2. Құстарда болмайтын мүше (қуық)
3. Желбезек дегеніміз не? (тыныс алу мүшесі)
4.Батпақ тасбақасының Қазақстанда таралған аумағы (Жайық өзенінің аңғары)
5.Барлық тірі ағзалар қандай газбен тыныс алады? (оттегі)
6.Құс аналығының атауы (мекиен)
7.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың неше отряды тіркелген?

8- оқушы.
1. Қазақстанның «Қызыл кітабы» тұңғыш рет қай жылы шықты (1978ж)
2. Тірі ағзаның ортақ қасиеттері (жасушадан тұрады)
3. Қос мекенділердің тыныс алу мүшесі (өкпе және тері)
4.Жүрегі төрт қуысты жорғалаушылар (крокадил-тәмсақ,қолтырауын, азғы-гавиал,)
5.Кіші қан айналу шеңбері жүректің қайсы қуысына келіп құяды?(сол жақ құлақша)
6. Құс аталығының атауы (қораз)
7.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың неше түрі тіркелген?

9-оқушы.
1. Қос мекенділердің итшабағы немен тыныс алады? желбезек)
2. Шеміршекті балықтардың қабыршағының атауы (плакоид)
3. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
4.Қос мекенділерде тік ішектің кеңейген жері (клоака)
5.Құс қиын қалай атайды (саңғырық)
6.қазақ халқының қыран құстарға байланысты дәстүрлі өнері (саятшылық)
7.Тауықтартектестердің жіліншігінің артқы жағындағы мүйізді өскіні(тепкі)

2. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға биология пәнінің салаларынан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
10 ұпай ботаника: Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда (Картоп)
20 ұпай ботаника: «Өсімдіктану» оқулығын алғаш жазған Қазақстандық ғалым? (Ж.Күдерин)
30 ұпай зоология. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын,. Құйрығыны ағаш бұтақтарына орап ұстауға бейім, Аяқтарында бес саусақтары бар. Қорегін ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп ұстайды. Үлкен екі көзі біріне-бірі байланыссыз қозғала алады.
Қандай жануар туралы айтылуда
40 ұпай ихтиология «Адам жегіш» деп аталатын акуланың аты (ақ акула)
50 ұпай ботаника: Күнбағыс өсімдігінің гүлшоғыры (себет)
10 ұпай герпетология: Өте ерте заманда кең таралып, кейін жойылып кеткен. Қазір бір ғана түрі сақталған балық ? (латимерия)
20 ұпай амфибия: Қосмекенділердің ҚР қызыл кітабына неше түрі енген? (3)
30 ұпай герпетология: «Тірі табиғат ескерткіші» деп аталатын жорғалаушы? (гаттерия)
40 ұпай герпетология: Крокадилдің жүрегі неше камералы? (4)
50 ұпай орнитология:сұңқартектес құстардың балапаны не деп аталады?(ақүрпек)
10 ұпай орнитология: Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет(тыныс алған кезде) қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды? (қосарлы тыныс алу)
20 ұпай орнитология: Жаңа Зеландияда кездесетін салмағы 2-3 кг тұйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі (қанатсыз тұйеқұс не киви)
30 ұпай орнитология: Аққудың қоразын қалай атайды? (Саһар)
40 ұпай орнитология: Құстың дене температурасы (+41,+42)
50 ұпай орнитология: Ең кішкентай құс, дене салмағы 1,6 г(колибри)
3. «Терминдер». Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 10 ұпай)
1. Мүктерді зерттейтін ғылым саласы( Бриология)
2. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы ( Микология)
3. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы( Герпетология)
4. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы( Ихтиология)
4. «Ұлы тұлғалар» Бұл кезеңде биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарлыластары да өз жауаптарын айтуына болады.
1.Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері табиғи сұрыпталу; Тұқымқуалау және өзгергіштік ; Тіршілік үшін күрес-деп тұжырымдама жасаған табиғат зерттеушісі? (Чарлз Роберт Дарвин)
2. Жыл санаудан бұрын (ж.с.б.) І6 ғасырда кейбір улы жыландарды дәл сипаттап жазған данышпан. (Аристотель)
3. 1892 жылы вирустарды ашқан орыс ғалымы кім? (Д.И. Ивановский)
4. 1735 жылы организмдерді жүйелеп, класқа, типке жіктеп, бинарлық номенклатура бойынша атауды ұсынған, «систематиканың атасы» аталған ғалым кім? (К.Линней)
Бағалау. Марапаттау.
Қорытынды. Осы өткен ойын-сайыста биология пәнінің әлі де қызыққа, жаңашылдыққа толы екенін көрсетеді.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысақ жалықтыра қоймайтұғын.
Ғалымдар патшасы боп, дараланып,
Биология қызыққа тоймайтұғын.
Өткен сабағымызды өлең шумағы арқылы қорытындылау.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Жан-жануарымыз аман болсын.
Бәріміз аман сау болайық. Сау болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.