Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құс шаруашылығы -

Құс шаруашылығы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 346 | Просмотров: 3712 | Размер: 16.6 Kb | Автор: bibigul
. 7 “а” сыныбында биология пәнінен ашық сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Құс шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құс шаруашылығы, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: оқулықпен дербес жұмыс істеу, қорытынды жасау білуге үйрету
Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарау, құстарды қорғауға тәрбиелеу

Сабақ түрі: жұппен жұмыс
Әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша
Сабақ барысы:
I кезең: Ой- маржан (ұйымдастыру кезеңі)
Өткен сабақты қайталау, жинақтау.
1. Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)
2. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
3. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)
4. Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)
5. Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)
6. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)
7. Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)
8. Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)
9. Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?
10. Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм –колибри)
11. Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
12. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альбатрос 75-85күн)
2-кезең Жаңа тақырыпты өз бетімен м еңгеріп көруге мүмкіндік туғызу (5-7 минут)
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Оқушының оқулықпен жұмыс жасау барысында:
- танымдық әрекеті артады;
- ізденімпаздыққа үйренеді;
- өзіне сенімі артып, тұлға ретінде дамиды;
- оқулықты міндетті түрде оқиды, танып – білу мақсаты қойылады.
1-бөлім. Бұл кезеңде оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс жасауларына болады. Оқушы ізденімпаздыққа үйренеді, танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік алады. Бұл кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеріп, жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Келесі 10-12 минутта мұғалімнің басшылығымен әр түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен (кесте, жаттығу, суретті танып білу т.б.) талқылап, жаңа тақырыпты бекіту алгоритмі қалыптасады.
2-бөлімде әр түрлі әдістемелік, дидактикалық жұмыс түрлері келтіріледі. Мысалы:
А) Есіңізде болсын, есте сақтап, жаттап алыңыз!
ә) Біліміңізді тексеріңіз!
2-кезеңнен кейін оқушыларда:
- танымдық қызметі қалыптасады;
- жартылай ізденіс әдісін меңгереді;
- ойлау қабілеті артады;
- зерттеу әдісін меңгереді; (зертханалық жұмыс)
- оқулықтағы сурет, сызбаларды, кестелерді пайдалануды үйренеді;
- оқиғаны түсініп, айтып беруді үйренеді;
- жаңа білім алады, алған білімнің тобықтай түйінін таба алады.
Сонымен оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалдарды әр түрлі игере алуы деңгейлік саралау деп аталады.
3-кезең. Оқушылармен кері байланыс. Алғашқы алған білімін тексеру арқылы біліктілік дағдысын тереңдетіп, дамыту кезеңі.
Бұл кезеңде оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап, баға алады. Ал деңгейлік тапсырмаларды 2 топқа бөлуге болады.
1. Тек осы тақырып бойынша құрылған тест сұрақтары.
2. Жазбаша сұрақтар
Мемлекеттік стандартпен басталған 1-деңгейдегі тапсырмалар бірте-бірте күрделенеді. Деңгейлік тапсырмалар оқу материалының арнасын кең ашуға, оқушының ойлау қабілетін, эмпирикалық (үйренушілік) деңгейден, теориялық (шығармашылық) деңгейге дейін бағытталып құрылады.
1-деңгей: Сыныптағы барлық оқушылар өз бетінше жазбаша жауап береді. Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер т.с.с. анықтамаларды жатқа айтып береді. Бағалау рейтингі 5 ұпай. Ол “3”-тік бағаға сәйкес келеді.
2-деңгей. Бұл тапсырмалар оқушылардың 1-деңгейден алған білімдеріне негізделіп құрылады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі “4” деген бағаға сәйкес келеді.
3-деңгей. Бұл эвристикалық деңгей болғандықтан, оқушыға жаңа тақырып бойынша негізгі ойын қорытып, өз пікірін айта алатындай тапсырма беріледі.
Дұрыс жауап берген оқушы бұрынғы 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып 30 ұпай алады. Ол дәстүрлі оқудағы “5”-тік бағасына сәйкес келеді.
Оқушы үйге 4-деңгейдің шығармашылық тапсыриасын алады. Осындай оқушылар бір сыныпта 1-5-ке дейін болуы мүмкін.
I кезең
1-тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз.
Өңештің кеңейген бөлігі___________деп аталады.
Құстардың жақсүйектерінде____________________болмайды.
Құстардың қарыны_________________________________бөлімдерден тұрады.
2-тапсырма. Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет
А.Құстардың денесіне қандай қан тарайды – вена қаны, аралас қан, артерия қаны.
Ә.Құстарға тән қосаролы тынысалу кезінде қан қандай газбен тотығады – тек көмірқышқыл газымен, тек оттегімен, аралас газбен.
Б. Құстардың зәршығару жүйесінде қандай мүшесі болмайды – бүйрегі, қуығы. несепағары.
3-тапсырма.
А.Қыртөссіз (жүгіретін) құстардың жеке отрядтарына оларға жататын құс түрлеріне және таралған аймақтарына кесте сызып, толтыр:
Рет саны Отрядтары Түрлері Таралған аймақтары
1
2
3
4

Ә.Құстар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларына байланысты кестені толтыр:
Рет саны Топтастыру Түрлері
1 Сулы, батпақты жердің құстары
2 Орман құстары
3 Ашық далалы

II кезең
1- тапсырма. Қолға үйретілген асыранды құстардың қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен тауып жаз:
Рет саны Түрлері Отрядтары
1. Тауық
2. Үйрек
3. Қаз
4. Күркетауық
5. Көгершін
6. Баққунақ
7. Жапон бөденесі
2- тапсырма:
Асыранды құстардың арғы жабайы тегін тақырып мәтінінен тауып жаз.
А. Тауықтың ___________________________________________________
Ә. Үйректің_____________________________________________________
Б. Қаздың_________________________________________________________

3- тапсырма:
Үй тауығының қандай бағытта өсірілетінін және оған қандай тауық тұқымдары жататынын кестеге толтыр:
Рет саны Өсірілетін бағыттары Тұқымдары
1.
2.
3.

4-тапсырма:
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз:
Жапонияда етті бағытта өсірілетін бөдене тұқымы__________________________деп аталады.
Жапония мен Қытайда тауықтың_____________________тұқымы әсемдік үшін қолда өсіріледі.

III кезең
I деңгей
Сұрақтардың дұрыс жауаптарының астын сызып көрсет:
А. Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай аталады – түр, іріктеме, тұқым, бройлер.
Ә. Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш рет қолға үйретілген асыранды құс: - тауық, күркетауық, қаз, бөдене.
Б. Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс – цесарка, үйрек, қаз, тауық.
II деңгей
Құс қаңқасы бойынша кестені толтыр (№ 21 зертханалық жұмыс)
Қаңқаның бөлімдері Құрылыс еркшеліктері


III деңгей Тестік тапсырмалар
1. Құстардың қаңқасына не тән?
А) тығыз құрылысы Б) қыр , жеңілдігі В) мойны қозғалыссыз Г) тар кеуде құысы
2. Құстардың қандай бездері бар?
А) тері бездері Б) құйымшақ безі В) май бездері Г) сүт бездері
3. Құстарда ғана кездесетін сүйек?
А) жіліншік Б) саусақ В) жауырын Г) төс
4. Құстарда үлкен қан айналым шеңбері қайдан басталады?
А) оң жақ жүрекше Б) сол жақ жүрекше В) сол жақ қарынша Г) оң жақ қарынша
5. Құстарда мидың қай бөлігі жақсы дамыған?
А) мишық Б) сопақша ми В) үлкен ми сыңарлары Г) ортаңғы ми
6. Қай сезім мүшесі құстарда нашар дамыған?
А) иіс сезу Б) көру В) есту Г) барлығы жақсы дамыған
7. Төмендегілердің қайсысы қызылшақа балапанға жатады?
А) кептерлер Б) қаздар В) тауық Г) үйрек
8. Құстарда ұшқан кезде тыныс алуы қандай?
А) жиі-жиі тыныс алады Б) қосарлы В) сирек тыныс алады Г) күрделі
9. Құстарда ең дамыған бұлшықеттер қандай?
А) кеуде, бұғана асты Б) аяқ-қол бұлшықеттері В) қабырға арасы Г) мойын
10. Қай құстардың төс сүйегінің алдыңғы қыры жоқ?
А) шағала Б) африка түйеқұсы В) пингвин Г) тырна

Үйге тапсырма: § 57
Оқушылар білімін бағалау



Сабақ жоспары Пәні__Биология______ Тақырыбы_____Құс шаруашылығы_______ Сыныбы 7 «а»

Тақырыпты меңгерту кезеңдері Әр кезеңдегі оқытудың шағын мақсаттары Кезеңдердің мазмұны Әр кезеңде қолданылатын әдіс-тәсілдер Әр кезеңде оқытуды ұйымдастыру түрлері Әр кезеңде пайдаланатын құралдар Оқушының іс-әрекеті Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті Нәтижені бағалау
I кезең Үй тапсырмасын тексеру а) өткен тақырып бойынша тапсырмалар
ә) жаңа тақырыпты меңгеруге қажет тапсырмалар Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар а) мұғалім оқушыны тексереді
ә) проблемалық әдіс Мұғалім немесе жетекші оқушы тапсырманы белгілеп шығады 1) жұмыс дәптері
2)кесте Оқушылар сыныпта немесе үйде орындағандарын тапсыратын қорытындылар мониторын қояды Тақтадағы сызған кестеге оқушылардың ұпайын жазады Өткен т ақырып бойынша тиісті бағасын алады
II кезең Мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру а) жаңа тақырып бойынша өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу
ә) алған білімді қарапайым мысалмен бекіту Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар Проблемалық жағдайды шешу
а) әңгімелеу
ә) пікірлесу а) ұжымдық
ә) жұптық а) оқулық т.б.
көрнекіліктер
Тақта
Жұмыс дәптері а) барлық оқушы қатысады
ә) үздік оқушылар көмектеседі А) оқушылар дайындалып болғанша, мұғалім өткен тақырыптың бағаларын журналға қойып шығады
Б) ең үлгерімі нашар оқушыға дейін осы тақырып бойынша бағаланады Тек ауызша марапатталады немесе ескертулер
III кезең I деңгей (5 ұпай) Танып білу ереже, анықтама бойынша I деңгей тапсырмаларын беру Үлгі бойынша бекіту Жекеше Жұмыс дәптері, кітап Барлық оқушы орындауға міндетті Өзі бақылайды, тексереді, осы деңгейге жетуін қамтамасыз ету Зачет алған бала келесі деңгейге өтеді
II деңгей
(10 ұпай) Түсініп пайдалана талдау, өзгертіліп берілген тапсырма II деңгейге көшу Өз бетінше ізденуге бағытты әдістер Жекеше Жұмыс
Дәптері, кітап Алған білімді тиімді пайдалану Бірін-бірі бақылап басқару, көмек ұйымдастыру Журналға баға қойылады
III кезең
(15ұпай) Түсініп алған білімін қорытынды жасау III деңгей Ішінара ізденуді зерттеу Жекеше Тест тапсырмалары Іздену, көмектесу Бағаларын қорытындылау Толық орындаған оқушыға “5” қойылады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.