Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жемістер -

Жемістер

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 295 | Просмотров: 2071 | Размер: 24.7 Kb | Автор: bibigul
. Кен негізгі мектебі


/мектепішілік семинар 6 сынып/

Өткізген: биология пәні мұғалімі
Молдрахметова Г.А.

2012 жыл

Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Сабақтың мақсаты: Білімділік – жемістердің түрлерімен таныстыру, адам үшін маңызын түсіндіру.Жемістер жайында жалпы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық – оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін,есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге және ұқыптылықпен тазалыққа , жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слаид,плакаттар,тест тапсырмалары,тірек-сызба,үлестірмелер,суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру /шаттық шеңбері/
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Білім минуты» кезеңінде оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Гүлдің құрылысы?
2. Тозаңдану дегеніміз не?
3. Тозаңданудың қандай түрлері бар?
4. Жынысты көбею дегеніміз не?
5. Аталық құрылысы.
6. Аналықтың құрылысы.

«Ұшқыр ой» кезеңінде оқушылар берілген сипаттамаларды тозаңдану түріне қарай орналастыру керек:
Ерекше белгілері Бунақденелілер арқылы Жел арқылы
Гүлдері өте ұсақ, реңсіз +
Гүлінде шірнесі бар +
Тозаңы ірі, сырты кедір-бұдырлы +
Тозаңы құрғақ, өте ұсақ +
Гүлі аңқыған хош иісті +
Гүлінде шірнесі жоқ +
Гүлдері ірі, күлтелері ашық реңді +
Гүлдерінде иісі болмайды +
Майда гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған +

III.Жаңа сабақ. «Жемістер»
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында оқушыларға сұрақ қою: Өсімдікте гүл орнына не түзіледі? /жеміс/
Дұрыс айтасыздар, олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жемістер» болмақ.

Жемістер


Шырынды Құрғақ



Жидек Бұршаққап
Жидек тәрізді Бұршаққын
Сүйекті шырынды Қауашақ
Қанатты жеміс
Дәнек
Тұқымша
Жинақталған жемістер
Сергіту сәті:
Биологиялық диктант:
1._____________ _________ шырыны мол, жұмсақ болады.
2.Олар ___________, ___________ __________,
_____________ ____________ деп бөлінеді.
3.Жидек жемістің сыртқы қабығы _______, _________, ____________ _____________ көп болады.
4.Жидек тәрізді жемістер _______ _________, ________ ____________.
5.______________ ________________ қабығы қатты, сүректенген, құрғақ болады.

Сәйкестендіру тесті:
Сұрақтар
Жауаптар
1.Шырын мол, жұмсақ болады. А.Жидек тәрізді жемістер
2.Сыртқы қабығы мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Б. Дәнек
3.Сыртқы қабаты жұқа,ортаңғы қабаты қалың етті-шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген. В.Шырынды жемістер
4. Бір тұқымды жеміс. Г.Бұршаққын
5.Қос ұялы,ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Д.Сүйекті шырынды
Жауаптары: 1.___В__; 2.___А_; 3. ___Д__ ; 4.__Б__; 5. ____Г ;
Қорытынды: «Жеміс ағашы» тапсырмаларды орындау:Жеміс ағашын жеміске толтыру керек.
Бағалау:§ 26 «Жемістердің маңызы» тақырыбында реферат жазу
Үйге тапсырма:

Тапсырма орындау кезеңінен көрініс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.