Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жоғары жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары. -

Жоғары жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 282 | Просмотров: 1789 | Размер: 51.0 Kb | Автор: bibigul
. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАР

Сабақтың тақырыбы Жоғары жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары.
Мақсаты Жоғары жүйке қызметіне, зиянды затардың зардабы туралы жете түсіндіру.
Оқыту нәтижесі Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.
Түйінді идеясы «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.

Уақыты
Ресурсы Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 минут әріптер жазылған қағаз. Ұйымдастыру. Салемдесу кезінде әріптер бойынша сәлемдесті. Оқушыларға а, м, қ аріптері таратылады сол әріптер бойынша амандасады.
2 минут Сөздер жазылға қағаз. Топқа бөлу. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл арқылы топқа бөлемін
Осы үшеуімен бақытты болады өмір деп сабағымды бастады. Осы үш сөз арқылы топқа бөлінеді
5 минут АКТ,
слайд. Бейнеролик көрсетемін. Темекі,нашақорлық туралы көрсетемін.
Шылым шегудің адам үшін қандай зияны бар?
Адам неге нашақорлыққа барады? Бейнені қарап, сұрақтарға жауап береді.
7 минут Постер, қажетті құралдар Үш топқа үш түрі мәтін берем.

1. жоғары жүйке жүйесіне темекінің зияны
2. жоғары жүйке қызметіне ішімдіктің зияны
3. жоғары жүйке қызметіне есірткінің зияны Оқулықтағы қосымша мәліметтерді жинақтау арқылы сабақты түсіндіреді.

3 минут АКТ Бейнеклип,
Бейнедегі қыздар мен жігіттер жасап тұрған қимылдарды жасау арқылы билеттім
Оқушылар билеп сергиді.
6 минут

Үлестірме қағаздар. Жағдаятты талдау:
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.
Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
Талдау сұрақтары:
Темекінің пайдалы жақтарын білесің бе?
Темекінің жоғарыдағы қасиеттері үшін қызығуға бола ма?
Данышпан «темекінің жақсы жақтары» деп қандай оймен айтты деп ойлайсыңдар? Үлестірме қағаздар арқылы жауап береді.
2 минут Слайд интербелсенді тақта Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";
2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";
3 -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:
осы үш бағытты ескере отырып, оқушыларға тапсырмалар ұйымдастырдым
10 минут Постер, ноутбук,слайд ақ парақ 1 топ:«Темекі тегін келмейді,
теңгеге келеді» атты жарнама ұйымдастыру.
2 топ. Арақ ішіп темекі шеккен, денсаулықтың түбіне жеткен эссе жаздырттым.
3 топ. «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» презентация жасау. Жарнама ұйымдастырып, эссе жазады, слайдтар құрып, презентация қорғайды.
Критерий бойынша бағалау.
Мазмұны тақырыпқа сай, бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі- 3 балл
Мазмұны тақырыпқа сай, бірақ қажетті қорытынды жасай алмады- 4 балл.
Мазмұны тақырыпқа сай, мәтінді толық түсінген, тақырып ашылған, өзінің ой пікірін орынды қолданған- 5 балл.
2 минут Слайд Арақты ішпейміз
Темекіде тартпаймыз
Елбасымыз «Қазақстан -2030 бағдарламасын»
Мәңгі есте сақтаймыз
деп өлең шумақтарымен қорытындылаймын. Оқушылар бәрі хормен бірге айтып, уәде береді
2 минут Парақ Бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақта қандай сезімді болдың?
2 минут. Үйге тапсырма: Жоғары жүйке қызметіне зиян келтіретін заттар туралы мәнжазба жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.