Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Денешынықтыру мұғалімі Жақсыбаев Нұржан ойынға қатысатын командаларды сапқа тұрғызады.

Жүргізуші :
Уа, халайық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекен!
Наурыз тойы тойланады біздерде,
Қош келдіңдер мерекені көруге.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Міне , көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін айқара ашып келіп жетті. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қарандар
Наурыз тойы басталды
Текке қарап тұрмандар.
Әулесін армандар
Үмітті боп жанғандар
Бақ дарып, қызыр қарасын
Мерекеден қалмандар.
О, жарандар, жарандар!
Тамашадан қалмандар
Құс қанаты көңілмен
Жер-әлемді шарландар
Оятып шың мен асқарды
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы
Наурыз-көктем басталды!

Жүргізуші :
Бүгінгі өткізгелі отырған «Наурыз думан» атты іс-шарамыздың алғашқы сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Бірінші сөздің кезегін мектеп директоры- Сатаева Айгүл Уасилқызына береміз.

Ойынды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыныздар:
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Имандылық шартында сәлемдесуді тілмен айту-парыз. Ендеше сөз кезегін 7ә, 7г, 6ә, 6г, 5ә.5г командаларына береміз. (Командалар топтың атын, эмбемаларын,ұрандарын қорғайды)

Жүргізуші :

Армысын, Наурыз,
Қуаныш болып, кір төрлет.
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

«Арқан тарту» ойынының шартын д\ш мұғалімі айтып түсіндіреді.
Д/ш мұғалімі : Оқушылар арқан тартудың ережесімен танысып болғаннан кейін жарыстың жүйсіне кірісеміз. Ең алдымен екі 5 – ші сыныптар, сосын 6 – шы, және 7 – ші сыныптар арқанды тарды. Осы үш сыныптың ұтқан командалары үздік мықтыны анықтайды.


Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып
Қыс барады қиылып, жылып тұрып
Шатырында үйлердің Наурыз жүр.
Мұз пердесін аспаннан лақтырып
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз
Сұраймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастархан, думанымыз сахнамыз
Сахнада - .......................................................орындаунда музыкалық сәлем!

Жүргізуші :
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке
Қастерледік, қадірінді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
«Теңге алу» ойынының шартын д\ш мұғалімі айтып түсіндіреді.
«Теңге алу» ережесі: Әр команданың қыздары ұлдардың арқасына шығады. Сосын белгі бойынша ұлдар қыздарды көтеріп 10 – 15 м теңге орналасқан жерге уақытқа жүгіріп барады. Сосын ұлдар еңкейген кезде қыздар теңгені алу керек. Теңгені алғаннан кейін өз орнына қайтып, эстафетаны келесі ойыншыға беру керек. Жарыс осылай өз жалғасын табады. Уақыты және теңгенің санына жалпы ұпай саны беріледі.


......................................................... орындауында музыкалық сәлем - Ән: « Наурыз»

Жүргізуші :
«Қол күрес». ойынының шартын д\ш мұғалімі айтып түсіндіреді.
«Қол күрес» : Оқушылар қол күрестің ережесімен танысып болғаннан кейін жарыстың жүйсіне кірісеміз. Ең алдымен екі 5 – ші сыныптар, сосын 6 – шы, және 7 – ші сыныптардың оқушыларының арасында қол күрес өтеді . Осы үш сыныптың ұтқан оқушылары үздік мықтыны анықтайды.



.......................................... орындауында музыкалық сәлем!

Жүргізуші :
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен
Мейрім тынысын деп тасып өткен
Наурыз сән – салтанат , ұлттық рух
Бақытты наурызы бар халқым неткен
Халықтың пейілінен жаралғандай

Жүргізуші :
Келесі сайыстың түрі «Эстафетеалық ойындар» - д\ш мұғалімі айтып түсіндіреді.
«Эстафетеалық ойындар» - Ең алдымен екі 5 – ші сыныптар, сосын 6 – шы, және 7 – ші сыныптардың оқушыларының арасында эстафетаны өткіземіз. Олардың уақыт нәтижесіне байланысты үздік команданы анықтаймыз.
Жүргізуші :

Жүріңіздер наурызда басып аяқ
Қалыс адам болмасын некен – саяқ
Ән айтылсын, би биленсін, қауым болып
Уақыт болжы тұрмайтын өнерді аяп.

Келесі шешуші сайысымыз «Викториналық сұрақтар». Ойынының шартын д\ш мұғалімі айтады.
Әр команданың капитандарын шақырамыз. Оларға викториналық сұрақтарды берміз. 30 секундтың ішінде сұрақтарға жауаптарды жазу керек. Жауаптардың нәтижесіне байланысты ұпай саны беріледі.



Жүргізуші :

Әділ қазылар алқасы жарыстың қортындысын шығарға дейін, .........................................................
орындауында музыкалық сәлемді қабыл алыныздар.


Жүргізуші :

Мерекелік іс-шарамызды аяқтадық!
Хош келдің Наурыз, ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты,
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.