Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Волейбол әлемінде. -

Волейбол әлемінде.

Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 315 | Просмотров: 2156 | Размер: 47.0 Kb | Автор: arai
. Сыныптан тыс жұмыс
«Волейбол әлемінде»

(Ақпараттық қатысымдық технологияны пайдаланылған)

(«Білім берудің қазіргі мазмұны» атты аудандық
оқу семинарында өткізілген)

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі . Ділман Даурен Жанабайулы
22.10.2010 ж

Қазан 2010 ж

Сабақтың тақырыбы: Волейбол әлемінде
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру,допты қабылдауға ақыл-ойын жетілдіру, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу
Қажетті құралдар: Волейбол добы,ысқырық, уақыт өлшегіш( секундомер)
Өтетін орны: Мектеп спорт залы

р/с Сыныптан тыс шараның мазмұны Мөлшері Мақсаты
1 І.Дайындық бөлімі
Оқушыларды қатарға тұрғызу,шараның мақсатымен таныстыру 15 минут
1 минут Шараға қатысуға жақсы психологиялық жағдай туғызу

2 Волейбол ойыны туралы кіріспе ақпарат 7 минут Волейбол ойыны туралы оқушыларға интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы теориялық ақпарат беру
3 Қыздырыну жаттығулары:
 Залды айнала саппен жүру:
 Спорт зал алаңмен жүгіру
 -Б.қ. қолды белге қойып, оң жақ жанымен жүгіру.
 -Б.қ. қолды белге қойып, сол жақ жанымен жүгіру.
 -Б.қ. қолды белге қойып, аяқты артқа серпи жүгіру.
 Қолды белге қойып екі тізені алма кезек көтеріп жүгіру.
 Жай жүріске көшу.
 Әр адымға қолды жоғары көтеріп керіле жүру.
 Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру.
 Қолды мықынға қойып аяқтың өкшесімен жүру.
 Отырып қаз жүріспен жүру.
 Отырып секіру.
30 сек
30 сек
30 сек

30 сек

30 сек
30 сек

30 сек
30 сек
30 сек

30 сек

30 сек
30 сек

Негізгі жаттығуларға көшу алдында оқушылардың денелерін қыздырып, жаттығулар арқылы оқушылардың сабаққа дайындау, қызығушылығын арттыру.
3 ІІ. Негізгі бөлім
Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.
 Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату
 Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету
 Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету
 Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету
 Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету
 Допты жанынан беру тәсілін үйрету
 Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету
 Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету
 Оқушыларды сапқа тұрғызып, 2-3 топқа бөліп,волейбол ойынын игерілген әдістермен құрастырылған қозғалыс әрекетін құру тәртібін үйрету және допты ойынға қосу тәртібін түсіндіру 28 минут

3 минут

3 минут

3 минут

3 минут
3 минут

3минут
3 минут

3 минут

4 минут

Волейбол ойынының әр түрлі элементтерін меңгерте отырып оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шеберлікке, спортты сүюге тәрбиелеу, іскерлігін дамыту.
4 ІІІ. Қорытынды бөлім
Оқушыларды білімін жүйелеп, волейболдың элементтерін жеке-жеке көрсету арқылы бағалау, марапаттау. 3 минут
Сабақтты қорытындылау және алған білімдерін практика жүзінде өмірде пайдалану.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.