Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Қаржылық есепттің құрамы мен элементтері. -

Қаржылық есепттің құрамы мен элементтері.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1102 | Размер: | Автор: Нартай4540
Қаржылық есепттің құрамы мен элементтері.
ҚР президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес:
1. Бухгалтерлік баланстан;
2. Қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады;
Сондай–ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан және басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы–шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарттары арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңнен келесісіне қолданылады.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдық басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс Бас кітапта немесе машинограммаларда («Бас кітап») көрсетілген есепшоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.
Баланс «Актив» , яғни «Субъектінің құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүлктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірлген.
1– сурет. Баланс құрылымы.

Бұған қоса баланстан сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игілектердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді: активті; жеке меншік капитал және міндеттемелер; қалған екі элемен–табыс пен шығын қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.
Осынау есеп қорытындыланған есеп шотты, табыстар мен шығындарды ашып көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп есепшоттарынан тікелей алынған.
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы №3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезең ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвентициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі (каналдарын) арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай–ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, бухгалтерлік есеп стандарттарының халықаралық негізі ретінде қабылданған БҰҰ–ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілер бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.
Қазақстан Республикасында енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
Қазақтсан Республикасының заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасында есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принцпі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқыиғалар есептік баланс пен қыржылық–шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қаржылық есеп Қазақстан Республикасының валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы–мың тенге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календарлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календарлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін. Есер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып таблады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.
Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормантивті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін–тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық та ақпараттпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.