Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға құықтық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. -

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға құықтық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1790 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға құықтық және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке жалпы құқықтық және әдістемелік басшылықты ҚР Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі әдістемелік Департамент жүзеге асырады. Соңғы жылдары бухгалтерлік есепті құқықтық және әдістемелік жағынан ретке келтіретің бүкіл жүйесін одан жетілдіру жөніндегі белгілі бір жұмыстар, ол нормантивті құжаттардың төрт деңгейі жүйесін енгізуге көздейді.
Бірнші деңгей–Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің бірыңғай құқықтық және әдістемелік негіздерін белгілеген ҚР Президентінің 1995–жылғы 26 желтоқсандағы заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығы.
Осы жарлық шеңберінде барлық субъектілерде тұтынушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алатындай бухгалтерлік есеп жүйелері құрылуда.
Тұтынушыларға бағдар ұстаған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесінің негізгі міндеттері белгілі бір құрылымның нақты бір кезеңдегі қызмет нәтижелерін өлшеп, солардың қаржылық жағдайының шынайы бейнесін беру. Құрылым дегенде жеке меншік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды, серіктестіктерді, ассоциацияларды, мемлекеттік кәсіпорындарды, банктерді, қаржы мекемелерін, яғни кәсіпкерлікпен айналысатын, Қазақстан Республикасында ұзақ уақыттан бері тұтынатын барлық заңды жеке тұлғаларды сондай–ақ Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген, республикада көптен тұрмайтындар кәсіпорындардының филиалдары мен өкілеттерін білеміз.
Сөйтіп, бірінші деңгей дегеніміз–ҚР Президенті мен Үкіметінің, өздерінің құзіреті шегінде міндетті түрде орындалуға тиісті нормалар жалпы, бекітуге құқық берілген басқа да үкіметтік органдардың нормантивтік актілері екен. Олар нормантивтік құжатар жүйесін ретке келтіру кезеңдерінде ережелер қабылдау кезінде пайдаланылады.
Екінші деңгей–бухгалтерлік есеп туралы стандарттар, қаржы– шаруашылық есеп шоттарының бас жоспары, нұсқаулар, бұйрықтар мен басқа да жекелеген тақырыптар, бағыттар бойынша нормантивтік актілер. Бұл деңгей басқа да өзекті болып табылады. Осы бойынша Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттарына одан әрі жақындата түсу мақсатындағы нормантивтік құжаттар шығарылуда.
Бухгалтерлік есеп сатандарттар–бұл қандай да бір үлгідегі шаруашылық операциясының қалай есепке алынуға тиісті және қаржылық есепке берілген түсіндірме хатта қандай ақпарат ашып көрсетілуі керек екені туралы түсінік беретін ресми ереже. Әдетте, стандарттар есеп пен есеп беру әдістемелерінің әр алуан түрлерінің көптігі жағдайында есеп пен есеп беру жүйесінде бірыңғай үлгіні қалыптастыру мақсатында қолданылады. Есеп пен есеп беру принциптері мен стандарттар қаржы операциялары қай уақытта қалай танылатының есеп шоттар бойынша қалай өткізілетінің синтетикалық есепке қалай сиятының және ең соңында, есеп беруге қалай көрінетінін анықтауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қажетті нұсқаулар, әдістемелік кеңестер мен ұсыныстар, техникалық және басқа да бухгалтерлік есепті жүргізуге, дұрыс та шынайы қаржылық есеп беруге қажетті бөлшектер жасалады.
Үшінші деңгей–бухгалтерлік есепті құқықтық нормантивтік құжаттарда мазмұндалған салалық бағыныштылығына, өндіріс көлемі мен түріне және басқа да факторларға қарамастан тікелей субъектінің өзінде ұйымдастыруды ұсынатын нұсқаулар, ұсыныстар, кеңестер.
Төртінші деңгей-субъектінің өзінің бухгалтерлік есебін өкілетті органдар шығарған және субъектінің есептік нормантивтерін жасайтын бухгалтерлік есеп стандарттары мен басқа да нормантивтік актілер, жарлық негізінде ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар, өкімдер, бұйрықтар.
Сөйтіп, төртінші деңгей–бухгалтерлік есепті жекелеген мүлік түрлері, міндеттемелер мен шаруашылық операциялары шеңберінде ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстық сипаттағы құжатар екен. Олар ішкі мақсаттарға пайдаланылуға арналған.
Сонымен, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы заңдылықтар «Бухгалтерлік есеп туралы» заңды күші бар жарлықты, бухгалерлік есеп стандарттарын, қаржылық–шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарын, қаржылық есептің форматтарын, нұсқаулық өнімдердің және өкілеттік органдар шығаратын өзге де құқықтық нормантивтік актілерді қамтиды. «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар жарлық бухгалтерлік есепке жоғары талаптар қоюды көздейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.