Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есеп саясаты және оның ашылуы. -

Есеп саясаты және оның ашылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1641 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Есеп саясаты және оның ашылуы.
Есеп саясатыбұл субъект басшысының бухгалтерлік есепті жүргізіп, қаржылық есепті оның принциптері мен негіздеріне сәйкес ашу үшін қолданылатын тәсілдерінің (амалдарының) жиынтығы.
Есеп саясатының қалыптасу тәртібі, оның қызмет мақсаты мен аясы, ашылуы бухгалтерлік есептің №1 «Есеп саясаты және оның ашылуы» стандартында белгіленген.
Бұл стандарт есеп саясатының қалыптасуы жағынан меншіктің қай түріне жататына байланыссыз, барлық субъектілерге таралады, ал ашылуы жағынан өздерінің қаржылық есебін заңдылыққа, құрылтайшылық құжаттарға сәйкес, әйтпесе өз ынтасы бойынша жария ететін субъектілерге таралады. Шаруашылық субъектілері өздерінің есеп саясатын бухгалтерлік есеп стандарттарына есеп пен салық алу мәселелерін қозғайтын қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес қалыптасырылады.
Есеп саясатын қалыптастырып, қолдану кезінде бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:
Есептеуқаржылық есепте шаруашылық өмірінің орын алған фактілерінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді, яғни субъект қолмақол алынған немесе соның баламасын төлегенін көрсетпейді. Есептеу принципі бойынша жасалған қаржының есеп тұтынушыларды қолмақол төленген және түскен ақшаны қоса есептегендегі бұрынғы алысберіске қоса қолмақол ақшаны болашақта төлеу туралы міндеттемелер туралы ғана емес, сонымен бірге болашақта қолма қол алынатын қаржы туралы да хабардар етеді. Сөйтіп, есептеу әдісі бойынша жүргізілген есеп кезінде шаруашылық операциялары мен оқиғаларының қаржылық тиімділігі қолмақол ақшаның түскеніне немесе төленгеніне қарамастан, олардың орын алған кезеңінде ғана мойындалады, яғни танылады. Мұның өзі шаруашылық операцияларын есеп құжаттарына қызмет көрсетілер кезеңде (шығын) немесе ол көрсетілгеннен кейінгі кезеңде (табыс) тіркеп, қаржылық есептерде көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, осынау табыстарды алу кезіндегі табыстар мен шығындардың өзара сәйкестілігі қамтамасыз етіледі.
Үздіксіздіксубъектінің болжамды болашақта жұмыс жасайтынын және жасай беретінін, яғни өз қызметін тоқтату немесе ықшамдау қажеттігі туралы ешқандай ойы жоқтығын білдіреді. Бұл ұғым мына жағдайда өте маңызды: яғни субъект активтерін олардың сатылу бағасы бойынша, яғни активтерді бөлекбөлек сатып, қызметті кейін тоқтатқанға дейін түсетін ақша бойынша бағаламау керек.
Түсініктілікқаржылық есептегі берілетін ақпараттың басты сапасыоны тұтынушылардың тез түсінуі.
Мәнділікақпаратта ағаттық кетіп немесе теріс дерек беріліп, олар тұтынушылардың қаржылық есеп негізінде қабылдаған шешімдеріне ықпал етер болсаол мәнді деп аталады. Егер берілген (тапсырылған) есептегі жетіспейтін немесе қате кеткен кейбір цифрлар қызмет нәтижелерін түсінуге немесе қаржылық жағдайды тұжыруға ықпал ететіндей соншалық маңызды болмаса, онда мұндай қателік мәнді емес.
Қайсы бір статьялардың мәні немесе мәнсіз екенін бағалау кезінде оның ақшалай ауқымын ғана емес, соған қоса тиісті контексін де қарастырған жөн. Мысалы, қаржылық есептер көптеген операциялардың орындалғаны туралы ақпарат береді, оның құрылымы соларды сипаттары мен міндеттеріне қарай құрастырылу жолымен ұйымдастырылып, ықшамдалған және жүйеленген деректер түріне көрсетіледі. Мұндай жағдайда жекелеген есепте жекелеген жолдар деректерін статьяларын көрсетіп беру керек пе немесе олардың өзге де статьяларынмен одан әрі құрыстырылуын жүргізу керек пе дегенді қарастыру кезінде мәнділік өте маңызды фактор болып табылады. Ақпаратты ашып көрсету тұрғысында да: нақты операцияны ашу керек пе немесе іс-әрекетті қаржылық есепке түсіндірме хатта ашып көрсеткен жөн бе деген мәселені шешуде де мінділік маңызды фактор болып табылады.
Мәнділік маңыздылықпен және анықтылықпен (дұрыстық) тығыз байланысты және бұл байланыс ақпаратты мына тұрғыда ашып көрсету кезінде байқалады:
а) бұл ақпарат тұтынушыларға қазіргі, өткендегі немесе болашақ ісқимылдарды бағалауға көмектесе ме;
ә) ақпарат маңызды ма;
б) ақпарат анықта па;
Мәнділік сондайақ қаржылық есеп берілетін түсініктілік және дәлдікпен де байланысты. Мысалы, қаржылық есепті жасау кезінде әңгіме болып отырған деректерді оларға жақын тұрған мың немесе миллион единицаларға дөңгелете салу (қоса салу) оған үлкен дәрежеде түсініктілік береді. Мұның өзі қаржылық есепті қажетсіз нақтылықтармен күрделендіруден сақтайды. Дәлдік деңгейін пайдалану (ол тек мың немесе миллон единицаны білдіреді) мәнділік (табалдырығын) тәртібін бұзбайтындықтан да қолданылуға оңтайлы.
Мәнділік сондайақ қаржылық есептің статьялары туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі шешімдерде есеп саясатын таңдау мен қолдануды қосқанда тану мен өлшеу жөніндегі шешімдерде де пайдаланылады.
Маңыздылықтұтынушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы оқиғаларды бағалауға, олардың бұрынғы берген бағасын мақұлдауға немесе өзгертуге көмектесе отырып шешім қабылдауда ақпарат маңызды болуға тиіс.
Анықтықақпарат елеуі қателіктер мен объективсіздіктен аулақ болғанда ғана анықтық қасиетке ие болады.
Шынайылық және әділ көрсетуақпарат субъектісінің шаруашылық қызмет фактілерін мейлінше толық көрсетуге тиіс. Қаржылық есептер тұтынушыға субъектінің қаржылық жағдайы, операцияларының нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы «шынайы және әділ» мағұлмат беруге тиіс.
Бейтараптыққаржылық есепте берілген ақпарат оның анықтығы қамтамасыз етуі үшін ағыттықтан аулақ болуы керек. Егер қаржылық есеп ақпарат таңдау арқылы немесе оны берудің формасын таңдау арқылы алдынала белгілі бір нәтижелерге жеткізетіндей шешімдер қабылдауға немесе баға беруге ықпал етсе ол бейтарап болып табыламайды.
Сақтық (кертартпалық)бұл активтер мен табыс артық бағаланып кетпсе үшін, беймәлімдік жағдайында баға беру қажеті үшін шешім қабылау кезіндегі сақтық дәрежесін сақтау. Алайда сақтық, мысалы, жасырын резервтер немесе шамадан тыс қоспа қорлар жасауға немесе міндеттемелерді, әйтседе шығындарды әдейі ұлғайтып көрсетуге жол бермейді, өйткені қаржылық есеп бейтарап болмайды, сондықтан сенімділік сапасына ие бола алмайды.
Аяқталумәнділік пен маңыздылықты есептегенде ақпарат толық болуға тиіс. Қателік ақпараттың өтірік немесе теріс болуына соқтырып, ол маңыздылық мағынасы жағынан алғанда анық емес, әрі жеткіліксіз болып шығады.
Салыстырмалықақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Тұтынушылар субъектісінің салыстырмалы түрдегі қаржылық жағдайын, жұмыс нәтижелері мен қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін қаржылық есепті салыстыру мүмкіндігіне ие болуға тиіс.
Сабақтастықбұл есеп саясатының бір кезеннен екіншісіне жалғаса жүргізілетінін білдіреді. Субъектінің өзгеріс тенденциялары мен қаржы жағдайын, жұмысын анықтау үшін тұтынушы оның әртүрлі есеп беру кезеңдерін салыстыруға тиіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.