Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өндіріс процессін есепке алу. -

Өндіріс процессін есепке алу.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2473 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Өндіріс процессін есепке алу.
Өндіріс процессін өнім дайындау (өндіру) операцияларының жиынтығынан тұрады. Өндіріс процессін жүргізу үшін жанды және затқа айналдырылған еңбек (жұмыс күші, еңбек құрал жабдықтары) субъектіде сәйкесті шығындар қалыптасуына әкеледі. Нақты өнім дайындауға жұмсалған жалпы шығындар сомасы оның өздік құнын құрайды.
Өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің алдына қойылдатын талапқа:
1. нақты өндіріс көлемі мен жалпы өндірілген өнімді, ақшалай және заттай өлшемдері бойынша анықтау.
2. Өндірілген өнімнің нақты өздік құнын нақты, дәл, дұрыс есептеуін қадағалау жатады. Ол үшін өндірістің өнім шығару кезіндегі барлық шығындар мен олардың әрбір түрлері бойынша шығындарын ескеру керек.
Бұл жерде дайын өнімді өндірісте дайындауға жұмсалған шығындары өздік құнына жатқызу және жатқызбауды шектеу басты рөл атқарады. Сәйкесті бухгалтерлік есепте берілген әдістемелік ұсыныста (7 БЕС «Тауарлық материалдық қорларды есепке алу») субъект шығынның жіктелуімен құрамына байланысты өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өздік құнымен шығындарды, мерзім ішіндегі өздік құнға енбейтін шығындар деп танылған шығындарды анқытайды.
Өндіріс шығындарына қарағанда мерзім ішіндегі шығындарға тауарлық–материалдық қорлар қалдықтары мен аяқталған өндіріс көрсетіледі.
Бұлар шаруашылық өндірістеріне баға саясатын жүргізуге шешім қабылдау үшін маңызды рөл атқарады.
Сонымен өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің объектісі дайын өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өзіндік құны болып табылады. Ол экономикалық мазмұндарына байланысты төмендегідей элементтері бойынша топтастырылады:
1. материалдық шығындар
2. жұмыс күштердің жалақысына төленетін шығындарды
3. жалақы бойынша аудару
4. жасалу шығындары
Өнімнің өндірістік өздік құнын жоспарлаған кезде немесе есепке алу мен жұмысты талдағанда төмендегідей топтастырулар қолданылады.
1. Пайда болу орнына (өндіріс, цех, бөлімше) қарай, өндіріс процессі негізгі және қосалқы өндіріс болып екіге бөлінеді. Өндіріс (тізімі) тізбегі, шығын түрлері (тікелей және жанама, оларды өздік құнға жатқызу тәсілі) жоспарланған кезде жеке бөліп шығынды есепке алуға субъектінің (мекеменің) қаржылық есептеу саясатымен анықталады.
2. Өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет көрсету) яғни өндіріс шығындарына жеке өнімдер түрлерінің өздік құны енгізіледі (қызмет түрлері)
3. Өнім түрлерінің өздік құнын шығынға енгізу (жатқызу) тәсіліне байланысты, олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей шығындар–пайда болу уақытына қарай белгілі бір бұйымды шығаруға жұмсалған шығындар. Жанама шығындары пайда болған уақытына қарай белгілі бір бұйымдарға жатқызуға болмайды. Сондықтан оны таңдап алынған әдіске сәйкесті өндіріс процессі немесе есеп беру мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей және жанама шығындар арасында таратып жазады.
Өндіріс шығындары өндіріс көлемінгің ұлғаюы немесе кемуі мен бірге немесе ұлғаюы мүмкін. Кейде көлемнің ауытқуына байланысты олар белгілі бір деңгейде тұрақты болып қалады. Сондықтан оларды: тұрақты, айнымалы және шартты айнымалы деп үшке бөледі.
Тұрақты өндіріс шығындары есеп беру мерзімінің өне бойында сақтандыру жарнасы, жалгерлік төлем, өтімдік аудару, объектінің негізгі құрал жабдығы, техникалық қызметкерлердің жалақысы тұрақты болып қалады.
Айнымалы өндіріс шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты болады. Оларға: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, көмекші материалдар, жарықтандыру шығындарын, электр энергиясы, жылыту және аспаптар жатады.
Шартты–айнымалы шығындар жартылай тұрақты және жартылай айнымалы шығындардан құрылады. Оларға: пайдалану үшін төленетін абсалюттік төлем факс, қалааралық байланыс (переговор) және коммуналдық қызмет көрсету шығындары жатады.
Жоғарыда көрсетілген шығындар қызмет қасиеттері кейбір өнім түрлерінің (жұмыс, қызмет көрсету) жөнелту шығындарына таралып жазған кезде маңызды рөл атқарады. Есеп беру мерзімінің санында тікелей шығындармен қосылып, таратылып жазыларда дайын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өндірістік өздік құнын құрайды.
Дайын өнімнің бір данасының өздік құны, материалдар құнының жалпы сомасына жалақы шығындары мен жөнелту шығындарының жиынтық сомасын қосып шығарылған өнімнің жалпы санына бөлу арқылы анықталады. Мысалы өндірісте 500 бұйым шығарылады. Негізгі материалдар шығыны–25 000 теңге;
тікелей жалақы шығыны 20 000 теңге; жөнелту шығындары–10000теңге, бұйым данасының өздік құны төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі материалдар 5 теңге (25 000/500);
Тікелей жалақы шығындары 4 теңге (20000/5000);
Жөнелту шығындары 2.0 теңге (10 000/5000);
.............................................................................................
Бұйымның жиынтық өздік құны 11.00 теңге.
Шығындар түрлері бойынша ақпарат белгілі болғанда өндіріс процессі аяқталғаннан кейінгі бұйымның өздік құны осылай анықталады.
Тәжірибеде өнім данасының өздік құнын келтіретін табыс, бұйымның ағымдағы өткізу бағасын анықтау мақсатында өндіріс процессі басталғанға дейін анықтау талап етіледі.
Бұл жағдайда бұйымның бағасын жуықтап анықталады. Мысалы, бухгалтерлік есепте бұйым данасын дайындауға жұмсалатын болжамды шығын:
8 теңге материалдық шығын;
5 теңге тікелей жалақы шығыны;
3 теңге жөнлету шығындары (өнімнің өздік құнының 60 % құрайды);
негізгі материалдар 8 теңге;
жалақы шығыны 5 теңге;
жөнлету шығыны 3 теңге;
.....................................................
Бұйымның болжамды өздік құны 16 теңге.
Осы болжамды өздік құнына байланысты бұйымның өткізу құны қойылады да оларды өткізу үшін басқару шешімі қабылданады.
а) Өндіріс шығындарын есепке алу.
Өндіріс шығындарын есепеу алу үшін бухгалтерлік есептеудің шоттарынын бас жоспарында субъектілердің қаржы шаруашылық есептеріне «Өндіріс шығындарының» шотындағы тарауларында бөлімшелер қарастырылған:
1. негізгі өндіріс;
2. меншікті өндірісінің ішінара өңделген материалы;
3. көмекші өндіріс;
4. жөнелту шығындары;
5. өндірістегі ақау;
Көмекші шоттарының дебеті бойынша «Жөнелту шығындарынан» басқа шығын элементтері: материалдар, өндірісі шығындарының жалақысы, жалақыдан аудару, жөнелту шығындары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жоғарыда келтірілген бөлімшелерде шығарылған өнімнің нақты өздік құны, ішінара өңделген материалдар, көмекші өнімдер, өндіріс ақаулары мен аяқталмаған өндіріс құндары жазылады.
«Жөнелту шығындары» шотының дебетінде шығын элементтері бойынша төмендегідей жазулар жазылады.
1. матералдар;
2. жұмыскерлердің жалақысы;
3. жалақыдан аударылатын аударылым;
4. негізгі құрал–жабдықты жөндеу;
5. негізгі құрал–жабдықтардың тозу мен материалдық емес активтердің өтімі;
6. каммуналдық қызмет көрсету;
7. бөгде;
Жанама шығындарды талдаудан белгілі болғандай, жөнелту шығындарын пайда болған уақытында өнімнің белгілі бір түріне жатқызуға болмайтындықтан есеп беру мерзімі ішінде анықталған алымдарды жеке шотта жинақтау қажеттілігі тұрады.
«Меншікті өндірістің ішінара өңделген материалы» «Көмекші өндіріс» шоттарының бөлімшелері, негізгі өндірістің технологиялық процестері осындай бөлімшелерді қажет етсе ғана қолданылады.
«Өндірістегі ақау» шотының бөлімшесі шығарылған дайын өнімнің сапасынан ауытқу байқалған кезде қолданылады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген бөлімшелер есепберу мерзімі ішіндегі ақпаратты қорытындылайды. Ол аяқталмағаннан кейін бұл шоттардың мәліметтері негізгі өндіріс шотының бөлімшесінде жойылады.
Есепберу мерзімінің соңында «Негізгі өндіріс» шоты барлық тікелей және жанама шығындары туралы ақпаратты қорытындылап, «Негізгі өндіріс» шотының кредитінде, «Дайын өнім» шотының дебетіне дайын өнімнің нақты өндірістік өздік құн сомасының жою арқылы жабылады.
«Аяқталмаған өндіріс»-шотында толық технологиялық процестерден өтпеген материалдарға жататын материалдық шығындардың сомасы көрсетілген.
Осыдан мынадай қорытынды шығады. Өндіріс шоттарының есебі әрбір есеп беру мерзімінің соңында жабылады. Есеп беру методологияның салдары ретінде шоттар есеп беру мерзімінің басқада және соңында қалдыққа ие болмайды (қалдық қалмайды).
Өндіріс шығындары туралы есептің кеңейтілген мәліметтерін өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет көрсету) тұтастай нақты өздік құнымен шығындар элементі, өздік құны өндірістің нақты көлемі туралы, мәліметтерді басқарушы қызметкерлерге береді. Осының барлығы субъектінің шаруашылық қызметінің қаржылық қорытындысына байланысты болады.
Енді шартты мысал бойынша өндіріс шығынын есептеу методологиясының ерекшелігін қарастырамыз.
Үшінші операция Жұмсалған матералдардың нақты өздік құны бойынша: өндірісте өнімнің «А» түрін шығаруға–4200 кг, сомасы 220836 теңге.
Өндірісте өнімнің «Б» түрін шығаруға–2000 кг, сомасы 101200 теңге.
..........................................................................................................................
Барлығы:
Завод басқармасының мұқтаждығына жұмсалған «Б» материалы 322036 теңге–100 кг,сомасы 5060 теңге.
Барлық материалдар 327096 теңге.
Материалдар негізгі өндірісте жұмсалады, кейбір жағдайларда шаруашылық мұқтаждығына да жұмсалады. Материалдар мен шикі заттары өндіріске қоймадан шығыс құжаттар арқылы ресімделеді. (алу –шектелімі, шығыс жөнелту т.б.)
Өндірісте және шаруашылық мұқтажда жұмсалған материалдар 20–шы бөлшектегі «Материалдар» шоттарына есепке алынады. Бұл шоттар барлық соммаға кредиттелініп өндіріс қорлары азайды да, «Өндіріс» шотты дебеттелініп «А» және «Б» өнімдер өндіруге жұмсалғаны байқалады; 93 бөлшектегі қосалқы шығындар шоты шаруашылық мұқтаждықтарға жұмсалған материалдар сомасына дебеттелінеді.
Үшінші операцияны жазу:
Дебет шотына негізгі өндіріс–322036 теңге.
Талдау шоттары: «А» және «Б» өнімдер.
Дебет шотына «Қосалқы шығындар»–5060 теңге.
Кредит шотында «Материалдар»–327096 теңге.
Осыдан соң жұмсалынған материалдарды өнім түрлеріне сәйкесті «А» және «Б» аналитикалық шоттарға таратылып әр қайсысына сомалары бөлек жазылып көрсетілулері қажет, яғни, ол: дебет шоты «А»–220836 теңге, және «Б» шотына–101200 теңге.
Егер матеиралдар мен шикізаттар сатылып алынған бағамен есепте болса, онда есеп беру мерзім ішінде жұмсалғандарыда сол бағамен көрсетіліп отырылады да, бірақ есеп айы аяқталсымен арнай есептелгенін тасу–дайындау шығындарының қандай көлем жұмсалынған материалдардың өзіндік құнына қосу керегі анықталынады.
Бұл өте қажет жағдай (мына 10.4.1. кесте үлгісін қара)
№ Көрсеткіштер Негізгі материалдар
Сатып алу баға құнымен Т.Д.Ш
сомасы Нақты құны
1 Есеп мерзім қалдығы - - -
2 Кіріс 550 000 18 500 568 500
3 Барлығы 550 000 18 500 568 500
4 Шығыс 327 096 10988,41 338024,41
5 Есеп мерзімінің
Соңғы қалдығы 272 096 9140,41 281176
Кестеге сәйкесті анықталған шығыс сомасы есепте былай жазылып көрсетілді.
Дебет шотына «Негзігі өндіріс»
Кредит шотына «Материалдар»–327096 теңге
Ал Т.Д.Ш. сомасы былай көрсетіледі.
Дебет шотына «Негізгі өндіріс»
Кредит шотына «Материалдар» (ДТШ) 10988,41 теңге.
Осыдан кейін аналитикалық шоттарға, яғни «А» және «Б» өнімдер түрлеріне ТДШ сомасы таратылып жазылады.
ә) Еңбек (жалақы) бойынша шығындар.
Еңбегіне қарай жалақы төлеу саясаты шаруашылық субъектісін басқарудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Еңбек ақы–күрделілігімен мөлшері және сомасына қарай адам қызметіне төленетін табыс.
Сонымен жалақы - өндірісте өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігінен тұрады. Сондықтан еңбек пен жалақыны есептеу (есепке алу ) мекеменің ( субъектінің ) бухгалтерлік есепке алу системасында ең маңызды орын алады.
Еңбек пен жалақыны есепке алудың басты мақсаты еңбек шығындарымен оған төленетін жалақы мөлшерін дұрыс анықтау болып табылады. Өндірісте өнімді өндіру мен оның сапасын жақсатру, өндірістегі еңбек өнімділігін арттырады, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануға, еңбек тәртібін жақсартуға мүмкіншілік береді. Еңбек ақы төлеу ( жалақы ) өнімінің өздік құнын құрайтын басты элементі болып табылады. Оны дұрыс есептеуді іске асыру өнімнің өздік құнын төмендетуге мүмкіндік туғызады.
Еңбек үлесі мен еңбегіне қарай ақы төлеуге қадағалап отыру үшін шоттардың бас жоспарында ‘‘ Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шоты қарастырылған. Балансқа қатысты бұл шот ‘‘ пассивті ‘‘ шот. Бұл мекеменің ( субъектінің ) жұмыскерлері мен қызметкерлері алдында еңбек ақы (жалақы ) бойынша міндеттеменің пайда болғандығын көрсетеді.
Сондықтан міндеттеменің барлық сомасы пассив шотының кредиті бойынша ‘‘ Қызмет көлеміне жалақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шотында көрсетіледі ( жазылады ). Осы кезде өндіріс шығыны мен басқару шығындары көбейеді.
Сонда еңбек ақыны төлеуге жұмсалған шығын, шығындар көрсетілетін шоттың дебетінде ‘‘ Негізгі өндіріс ‘‘ пен ‘‘ А ‘‘ өнімі мен ‘‘ Б ‘‘ өнімдерінің талдау шоттарының дебетінде көрсетіледі. Қызмет көрсетушілердің жалақысын төлеуге есептелген сомма жөнелту шығындары жатқызылып ‘‘ Жөнелту шығыстары ‘‘ шотында берешекке жазылады ( дебеттелінеді ).
Басқару қызметкерлерінің жалақысы өндірістік шығыстарға жатқызылмайды. Олар мерзімдік шығыстарға жатады. Сондықтан ол ‘‘ Жалпы және әкімшілік шығыстары ‘‘ , шотында дебеттеледі. ‘‘ Жалақы бойынша есептеу ‘‘ шотындағы қалған қалдық жалақыны есептеу мен төлеу уақыты дәл келмегендіктен пайда болады. Яғни еңбек ақыға төленетін шығыс өнімінің есеп беру мерзіміндегі өздік құнына қосылып, ал еңбек ақыға жұмсалатын шығын келесі есеп беру айында төленеді.
Төртінші операция. Мекеменің (өндіріс орынның) жұмыскерлер мен қызметкерлерге төленетін еңбек ақы (жалақы) есептелген:
Бұйымның «А» түрін дайындауға–26 000 теңге;
Бұйымның «Б» түрін дайындауға–10 000 теңге;
..............................................................................................
Барлығы 36 000 теңге;
Қондырғыларды жүргізетін қызметкерлерге 9500 теңге;
Басқару қызметкерлеріне 7 000 теңге;
Барлығы 52 500 теңге;
Төртінші операцияны жазу.
Дебет шотында «Негізгі өндіріс»-36 000 теңге;
Дебет шотында «Жөнелту шығыстары»–9 500 теңге;
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығыстары»–7 000 теңге;
Кредит бойынша «Жалақы бойынша есеп айырысу»–52 500 теңге;
Бір уақытта қорытынды шот бойынша «Негізгі өндіріс» тікелей шығындары «А» өнімінің өндірісі 26000 теңге; «Б» өнімінің өндірісі 10 000 теңге талдау шоттарында көрсетілуі заңдылық игіліктерге сәйкесті жұмыскерлерге есептелген жалақыдан әртүрлі ұстап қалулар жүргізіледі. Оларды екі топқа: міндетті ұстап қалу мен мекеменің бастамасы бойынша ұстап қалулар деп бөлінеді.
Мендетті ұстап қалуға: табыс салығы, зейнеткерлер және әлеументтік фондыларға ұстап қалулар жатады. Ұсталған сомалар белгіленген мерзімде (жалақы берген күні) бюджетке аударылады.
Қорытындысында мекеме алдында көрсетілген сомаларды жоғары келтірілген қорлар мен бюджетке аудару жөніндегі міндет пайда болады. Осы кезде мекеменің шығыны артады.
Бесінші операция. Жинақтаушы еңбекақы қорына:
өндіріс жұмысшыларының жалақы қорынан-10 800 теңге: міндеті 10% мөлшерінде, ерікті 20% (соның ішінде «Б»-3000 теңге), «А» өнім түрі бойынша–7 800 теңге;
қызымет көрсететін қызметкерлерге–2 850 теңге;
басқару қызметкерлеріне–2 100 теңге,
барлығы 15 750 теңге;
төленетін жарна есептелінген.
Бесінші опрерацияны жазу:
Дебет шотына «Негізгі өндіріс»–10 800 теңге
Дебет шотына «Жалпы шығындары»–2 850 теңге
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–2 100 теңге
Кредит шотында «Әлеументтік сақтандыру бойынша есеп айырысу»
– 15 750 теңге
Алтыншы операция:
Әлеументтік салық мөлшері 21%, сомасы–11025 теңге
Әлеументтік қамтамасыз ету 1,5%, сомасы–787 теңге 50тиын
Барлығы 11821 теңге 50 тиын
Алтыншы операцияны жазу
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–11812 теңге
50 тиын
Кредит шотында «Бюджетпен есеп айырысу»–11025 теңге
Кредит шотында «Басқада есептелген шығындары»–787 теңге
50 тиын;
б) Өндірістің жанама шығындарын есептеу.
Өндіріс процессі кезінде міндетті түрде еңбек құралдары пайдаланылады. Олар өндіріс процессінде ұзақ уақыт пайдаланылады да оның тозуы кезіндегі құны жасалған өнім құнына енгізіледі. Осы өзгерістер бухгалтерлік есепте қалай есепке алынады. Бухгалтерлік есептің шоттарында қалай көрсету керек болады.
1. негізгі өндіріс жабдықтарының алғашқы (бастапқы) құны (№6 «Негізгі құрал жабдықтарды есепке алу» БЕС анықталған);
2. негізгі құрал–жабдықтар объектілерінің тозуына байланысты біртіндеп құнын азайту;
3. негізгі құрал–жабдықтар объектілерінің тозу құнының белгілі бір бөлігін жаңадан жасаған өнім құнына енгізу;
4. негізгі құрал–жабдықтардың тозу құнын өтімді (амортизация) құнына ай сайынғы нормасына (мөлшеріне) байланысты шығарып жазу.
№6 БЕС сәйкестігі негізгі құрал–жабдықтарды есепке алуда әртүрлі тәсілдерді қолдануға ұрықсат етіледі. Оларға: құнын біртіндеп жою, тездетіп (жылдамдатып) жою, құнын санының сомасы бойынша жою .тб. тәсілдері жатады.
Субъектінің таңдап алынған (амортизациясы) өтімді есептеу тәсілі есетеу саясатымен анықталып, бір есеп беру мерзімінің екінші есеп беру мерзіміне қарай біртіндеп қолданылуы қажет.
Жетінші операция.
Техникалық құрал–жабдықтың тозуына есептелген өтелім 6 700 теңге.
Бұл операция шығынның көбейгенін көрсетеді. Бұл «Қосалқы шығындары» болғандықтан «А» және «Б» өнім түрлерінің бағаларына бірден қосылып көрсетілуі мүмкін емес, сондықтан:
Жетінші операцияны жазу.
Дебет бойынша «Қосалқы шығындары»
Кредит шотында «Негізгі құрал–жабдықтың тозуы» 6 700 теңге;
Бухгалтерлік есепте жаңадан дайындалған өнімнің шығынына өндіріс құрал–жабдығының құнының белгілі өтімдік (амортизациялық) құны аударылады ол негізгі құрал-жабдық объектілерінің тозған бөлігін немесе қалпына келтіруге арналады (жұмсалады).
Сегізінші операция.
Жұмсалған электроэнерия:
Өндірістік мұқтажға–5 700 теңге.
Басқару жолында–800 теңге.
Сегізінші операцияны жазу.
Дебет бойынша «Қосалқы шығындары» 5 700 теңге;
Дебет шотында «Қосалқы және әкімшілік шығындар» 800 теңге;
Кредит «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» 6 500 теңге;
Жоғарыда көрсетілгендей қосалқы шығындарды пайда болған кезінде өнім түрінің өздік құнына кергізуге мүмкін болмайды. Сондықтан оларды жеке шоттар жеке есепке алып, әрі қарай бұйым түрлеріне таратып жазады.
Осы шығындар есеп беру айының ішінде «Жөнелту, жеткізу, жіберу шығындары» шотының бөлімшесінде есепке алынады.
Тоғызыншы операция.
Жөнелту шығынына 29810 теңге жұмсалып және таратылған. Жөнелту шығындары, жөнелту шығындары шотының дебетінде жинақталып, «А» және «Б» бұйымдарына таратылады. Олар:
1. құрал–жабдықтың жұмыс жасау уақытына пропорционал
2. жұмсалған негізгі материалдардың құнына пропорционал
3. өндіріс жұмаскерлердің жалақысына пропорционал,
есептелінеді:
(10.4.2. кесте)
Өнім түрлері Өндіріс шығындарына
Жұмсалатын жалақы Меншікті
Үлесі % Жөнелту
Шығындары
А 26 000 72,2 21522,82
Б 10 000 27,8 8287,18
Барлығы 36 000 29810
Тоғызыншы операцияны жазу.
Дебет шотында «Негізгі өндіріс»
Талдау шотында «А»-өнімінің өндірісі»–21522 теңге 82 тиын
Талдау шотында «Б»-өнімінің өндірісі»–8287 теңге 18 тиын
Кредит шотында «Қосалқы шығындар»-29810 теңге
Сонымен есептеу мәліметтері бойынша жөнелту жіберу шығындары «Негізгі өндіріс» шотының кредитынан өнім түрлеріне қарай талдау шоты бойынша
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.