Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінік. -

Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінік.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1195 | Размер: | Автор: Нартай4540
Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінік.
Бизнестің дамуындағы болашағы анағұрлым зор тенденцияның бірі бір компаниялардың акциялық пакетін екіншілердің сатып алуы, еншілес қоғамдар құру, бірлесе қызмет жасау туралы келісімшарттар жасау, компаниялардың басқаша жолдармен қосылуы мен бірігуі болып табылады. Компаниялар басшылары, иелері, инвесторлар және басқа да тұтынушылар шаруашылық субъектісі қалай жұмыс істеп жатқанын бағалап, талдау үшін ерекше, дәлдеп айтқанда нығайтылған есеп жасау қажеттілігі туындайды.
Нығайтылған есеп дегіміз бір–бірімен өзара байланысты, бірыңғай шаруашылық бірлестігі ретінде қарастырылған ұйымдар тобының қаржылық есебі. Ол осы топтың есеп беріліп отырған уақыт ішіндегі мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай–ақ оның есепті кезең ішіндегі қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайды. Мұндай есепті жасау тәртібін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияының 1996 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен бекітілген №13 «Нығайтылған есеп және еншілес серіктестіктерге берілетін инвестиция есебі» СБУ ретке келтіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.