Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Түйін.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке жалпы құықтық және методологиялық басшылықты Қазақстан Республикасының Үкімі жүзеге асырады, ал ол бұл міндетті ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит методологиясы жөніндегі Депртоментке жүктейді.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпы (түбегейлі) принциптері мен ережелері топтасқан негізгі құжаттарды Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке міндетті түрде төленетін басқа да міндеттемелер туралы» заңды, бухгалтерлік есептің стандарттары, олардың методологиялық нұсқаулары мен ұсыныстары, субъектілердің қаржы–шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі есеп шоттарының Бас жоспары.
Есеп саясаты–субъектінің өзі жасап, бекітетін және есеп жүргізу қаржылық есеп дайындау мен тапсыру ережелерді белгіленген ішкі нормантивтік құжат.
Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызын, сондай–ақ оны әрі интенсивті дамыту қажеттілігін ескере отырып Қазақстан Республикасында 20.01.1998 жылы бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Жоғарыда айтылған принциптер есеп саясатын қалыптастырудың негізін қалайды. Оларды сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайын, оның қызметінің түпкілікті қаржылық нәтижелерін бұрмалап көрсетеді, сондықтан ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеген түрі ретінде танылуға тиіс.
Есеп саясатын қалыптастырудың базасы бухгалтерлік есептің стандарттары болып табылады. Бұлар субъектінің шаруашылық операцияларын, активтерін, жеке меншік капиталын, міндеттемелерін, табыстары мен шығындарын көрсетудің баламалы тәсілдерін ұсына алады.
Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын тәсілдердің бірін таңдауда, оларды субъект қызметінің жағдайланына қарай негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есеп берудің негізі ретінде қабылдауда маңызды да жауапты іс болып табылады.
Есеп саясатын қалыптастырудың жауапкершілігі субъектінің бірінші басшысының мойнында. Есеп саясатын және ондағы өзгерістерді бекітетін құжат–бірінші басшының бұйрығы.
Субъектінің есеп саясатына мынадай тараулар енуге тиіс:
1. Кәсіпорының жалпы сипаттамасы.
2. Есеп саясатының жалпы ережелері.
3. Бухгалтерлік есеп әдістемесі.
4. Бухгалтерлік есеп жүргізу техникасы.
5. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.
Есеп саясатының негізгі аспектілері қаржылық есептің түсіндірме хатында ашылып көрсетілуге тиіс, оған үлкен мән беріледі.
Субъектінің есеп саясаты салық пен бухгалтерлік есеп салалындағы заңдар өзгерген жағдайда, сондай–ақ есеп пен бухгалтерлік есеп ақпараттарының анықтығын арттыру мақсатындағы субъектінің өз шешімі бойынша өзгеруі ықтимал.
Егер есепті кезең ішінде нақ осы саясатта өзгеріс бола қалса, онда оның есептері көрсетілуі керек. Егер бұл өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық шығын келтірер болса, онда оларды түсіндіру кезінде мұндай өзгерістердің шығынына баға беру қажет.
Сөйтіп, есеп саясатын дұрыс қалыптастыру–кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізі болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.