Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпараттық- коммуникациялық  технология элементтерін қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту -

Ақпараттық- коммуникациялық технология элементтерін қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту

Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2306 | Размер: | Автор: гость
. Ушаков орта мектебі» КММ

«Озық іс-тәжірибе тарату»


2015-2016 оқу жылы.

Озық іс-тәжірибе таратуға қатысушыға обьективті анықтама

1.Тегі, аты, әкесінің аты: Ходжамуратова Жадыра Есенбековна

2. Туған жылы: 1985 жылы
3. Ұлты: Қазақ

4. Жынысы: Әйел

5. Білімі: Жоғары, Навойи Мемлекеттік Педагогикалық институты, 2008 жыл.

6. Лауазымы: ағылшын тілі пәні мұғалімі

7.Еңбек өтілі: 7 жыл

8. Соңғы лауазымда қашаннан бері жұмыс атқарады: 2008 жылдан.

9. Біліктілік санаты: 2

10.Тұрақты үйдің мекен жайы: Егіндікөл ауданы,Ұзынкөл селосы


Тақырыбы: Ақпараттық- коммуникациялық технология элементтерін қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Білім беру саласында әр тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет. Біз ұстаздар қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз анық.
Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол тез бейімделе алатын ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Жаңа мазмұнды әдістердің бірі - құзырлылық, бұдан соң «оқушыны оқуға қалай үйрету?» деген сұраққа байланысты. Осы ұстаным бойынша оқу үрдісіне жаңалықтарды енгізе отырып, ізденіс жұмыстарын жүргізгенде оқушы өзін жаңалық ашушы ретінде сезініп, білімге құштарлығы дамиды.
Мектептегі іс-тәжірибем кезінде сабақтарымды жоспарлағанда оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды қолдану технологиясының элеметтерін зерделей отырып басымдылыққа алдым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.
Осы технологияны қолдану нәтижесінде мен көптеген жаңалықтар, сабаққа жаңа әдіс-тәсілдер еңгізу жайында мәліметтер алдым. Менің басты мақсатым – оқушыға терең де, тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау керек қажет деп ойлаймын. АКТ-ны сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылығы бар, атап айтқанда: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артуы, қосымша ақпарат жинауы, сыни ойлауға итермелеуі, білуге, зерттеуге құштарлығы оянады.
Жаңа технологияны пайдалана отырып көптеген жетістіктерге жетуге болатынын байқадым. АКТ көмегімен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту арқылы, оқушы өзін еркін ұстап, өз пікірін толық айтуға дағдыланды. Ағылшын тілі пәні болғандықтан бұл сабақтарда АКТ-ның ролі басым болды. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін терең сындарлы тұрғыдан оқыту үшін алдыма мақсат қойдым. АКТ – ны іске асыру үшін сабақтарымда интерактивті тақтадан тақырыптарға байланысты материалдарды, тәжірибелік жұмыстарды ұсындым. Бұл жұмыс арқылы көру және есте сақтау қабілеттері деңгейлері әр түрлі балаларды ескеріп, уақытты тиімді пайдалана алдым.
Бейне фильмдерді көру арқылы өз ойларымызды айтып, талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып, алдымызда тұрған тәжірибеде әр жаңа тәсілді қалай тиімді пайдалану керек екенін ұғындым. Осы технологияның теориялық және тәжірибелік негіздерін игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру мақсатында ойыма көп сұрақтар туындады ; «Ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын қолданған жөн?» .
Мектептегі іс-тәжірибе кезінде мен 7 сыныбында ағылшын тілі пәнінен АКТ-ны басым қолдана отырып сабақтар өткіздім.Сабақтың нәрлілігі оқушыларға тәуелді болса да, тізгінін ұстаушы мен. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар жаңартылып отырады. Сабағымның тақырыбы «About animals».

Тақырыбы: About animals
Сілтеме: жоспар
Мақсаты: Жануарлар әлемі туралы материалды меңгеру , алған білімін әрі қарай дамуына баулу. Ойларын ашық айту, бірін-бірі тыңдауға , бірлесіп жұмыс жасауға, АКТ стратегияларын тиімді пайдалана отырып нәтижеге қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жануарлыр туралы өз ойларын жеткізе алады.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарларға байланысты сюжетті суреттер, күннің және бұлттың макеті,флипчарт.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылық ояту
Психологиялық дайындық.Тренинг
«Жануарларды тап!»

Жұмсақ ойыншықтар арқылы
Reptiles ,mammals,birds топтарға бөлу.Оқушыларға
бағалау парақтарын беру.Мұғалім жұлдызша,төртбұрыш,үшбұрыш арқылы бағалау

Жан-жақты білімдерін тексеру.(диалог)
1. Children what animals do you know?
2. What groups they are divided?(ашық сұрақтар)
Riddles.(жабық сұрақтар)
1.I’m big. I’m grey.
My nose is long.
My tail is short
I’m an (elephant).
I’m little. I’m grey.
My nose is short.
My tail is long.
I’m a (mouse).
I’m small. I’m white.
My nose is black.
My ears are long.
I like carrots.
I’m a (rabbit).
I’m big. I’m red.
My tail is long.
I like cockerels and hens.
I’m a (fox).
Барлығы бір сөзбен не деп аталады?

II Мағынаны тану
Балалар сендер көп біледі екенсіңдер!

Сонымен балалар бүгін біз кімдермен бірге көп саяхат жасаймыз?
Сонымен біз бүгін нені уйренуге тиіспіз?(Қалай оқу керектігін үйрету)
Жаңа сөздермен таныстыру.Интерактивті тақтада мұғалім түсіндіреді.
Балалар келіңдер, қазір оқулықты ашып, «About animals» мәтінін Идеал әдісі бойынша орындайық.
I-identify aproblem
D-debate a problem
E-essential solution
A-activity
L-logical conclusion.
Мына сұрақтарға сүйене отырып, талдау жасау.
1.What is the main problem?
2.What important information have you got?
3.What do you know else about this problem?
4.Find 3 main solution of the problem?
5.What is the most suitable solution?
Қара жәшік ішіндегі жұмыс.
1)Cұрақтың дұрыс қойылуы
2)Оқушылармен бірге критерийлерді талдау
3)Сыныптасын және өзін өзі бағалау
4)Кері байланыс қамтамасыз ету

Балалар біздің келесі тапсырмамыз бақта алмалар жинау.

Балалар қазір біз жануарлар туралы аудиотаспа тыңдаймыз.
Сұрақтарға жауап бересіңдер.

«Синквейн» (жұптық жұмыс)
A dog.
White,kind
Run.Eat.Look after.
A dog run after me.

Суреттегі ой интер.тақтада суреттер беріледі. Айырмашылықтарын табу.
Сергіту сәті.Dance like animals
Рефлексия
Сhildren,let`s making the Sun.
Үй тапсырма.Жануарларға диаграмма орындап келу. Оқушылар назарын сабаққа аударады.Оқушылар көздерін жұмып жануарларды суреттейді.

Оқушылар бір бірлерін бағалайды.

Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар топпен талқылап, ақылдасып жауап береді,түсіндіріп өтеді.

Оқушылар жауап береді.

Оқушылар дәптерлерін ашып,жаңа сөздерді қайталайды.

With animals

Жануарлардың түрлерін,жабайы қауіпті үй жануарлырын айтады.

Оқушылар өз топтарында топтарында талқылап,флипчартқа түсіреді.
Топ болып қорғайды.
Оқушылар бір бірлерін смайликтар арқылы бағалайды.

Тақтада деңгейлік тапсырмалар ілініп тұрады.Оқушылар деңгейлік тапсырмаларға жауап береді.

Оқушылар тыңдап, сұрақтарға жауап береді.Бұл тапсырмада оқушылар өздерінің қалауынша орындайды.
(кластер,сурет арқылы)

Тапсырманы орындайды, жұпта талқылайды.
Сөздікпен жұмыс жүргізеді.

Оқушылар тақтаға шығып,суреттегі айырмашылықтарды табады.
Оқушылар жануарлардың іс әрекеттерін қайталап отырады.

Оқушылар бағалау парақтарын талқылайды.

Оқушылар сабақ ұнаса күннің макетіне сәулесін іледі,егер ұнамаса бұлттың макетіне бұлттың тамшыларын салу.

Сабақта қызығушылық ояту мақсатында интерактивті тақтадағы жануарлар туралы жұмбақтарды шешуден бастадым. Сабағымда learnenglishkids.britishcouncil.com сайтынан «We are going to the Zoo»өлеңін тыңдаттым.
Онда жай ғана өлең емес,оқушылардың сыни ойлауын дамытатын тапсырмаларға жауап берді. Балалардың дарындылық қабілеттерін дамыту мақсатында интерактивті тақтамен суреттеу әдісін орындағанда оқушылардың сыни ойлау қабілеттері қай дәрежеде екенін байқадым. Мен байқамай жүрген оқушылар жануарлардың түсін, жабайы жануар екенін және немен қоректенетінін біліп,өте қуанышты болдым.
Сабақта осы технологияның қолданғандағы тиімді жағы осы секілді оқушыларды шығармашылық қабілеті оянып, сыни тұрғыдан ойлауын байқадым. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын білдірген кезде осы жаңа әдіспен барлық сабақтарымыз өтсінші деген өтініш айтты. Кейбір оқушылар үшін сабақ тапсырмалары жеңіл болып көрінді. Сондықтан да мен бұны ескере отырып алдағы сабақтардағы тапсырмаларды күрделі етіп беруге тырыстым. Сонымен қатар осы бірінші сабағымда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып,мен сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен ықпалдасатынын байқадым, оны мен оқушылар «суреттегі ой» тапсырмасы кезінде көрсеткенінін көрдім.
Omar`s album атты сабағымды бастамас бұрын тілдік қатынасқа жұмылдыру үшін интербелсенді тақтадан видеоны көру арқылы сыныпқа төмен дәрежелі сұрақтарды қоюдан бастап, біртіндеп жоғары дәрежелі сұрақтар қосып отырдым. Сабақта «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады» демекші сыныпты ынталандырып, аздап ойланыңдар, кім толықтырады деп қолдап ойлануға 5-7 секунд беріп сыныптың барлығын ойлануға жетелегенде диалогқа қатысушылар саны көбейді. Мақсатым оқушыларды жеңілден ауырға жетелей отырып сыныпты бірге ойлауға шақыру.
Оқушыларға сабақ барысының ой шақыру сатысында сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін http://www.youtube.com/KapukiKanuki сайтынан қысқа бейнефильмді тамашалап ,стоп кадр әдісін орындады. Ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында бейнефильм бойынша сұрақтар шеңберінде диалог жүргіздім. Сабақта осы технология элементтерін қолданғандағы тиімді жағы - қызығушылығы төмен оқушылардың шығармашылық қабілеті оянып,сыни тұрғыдан ойлауы, алға жарып шығуы, көшбасшылықты анықтауына зор үлесі болмақ. Сабақ оқушыларға өте ұнады. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын білдірген кезде осы жаңа әдіспен барлық сабақтарымыз өтсінші деген өтініш айтты. Сонымен қатар осы бірінші сабағымда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып,мен сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен ықпалдасатынын байқадым, оны мен оқушылар жоба қорғау кезінде көрсеткенінін көрдім.
«Animals are in danger » деген сабағымда сабаққа мүлдем қатыспайтын оқушыларымның шығармашылық қабілеттері оянып, сұрақтарға жауап беруге тырысып, тілге деген ынтасы артқанына өте қуандым . Сабақты форум дискуссия түрінде бастап, интербелсенді тақтада Блум таксономиясы бойынша сұрақтарды жазып қойдым. Оқушылар бағалау парақтары бойынша жұппен бағаланда Арнұрдың әділ бағалағанын байқадым. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар алдын ала беріп отырдым. Оқушыларға өз еркімен «Суретке ой» және «Endanger animals of Kazakhstan» Power Point бағдарламасы бойынша жоба қорғау сияқты тапсырмалар беріп отырдым.
Ал бейнетаспаны көру арқылы сұрақтар берген кезде оқушылардың сыни ойлап, тапсырмаларды орындаған кезде диалогқа түсіп, пікір алмасып, ойларын дәлелдеген сәттерін бақылап, байқағаным, және осы көздеген мақсатым жүзеге асқан кезде қуандым. Әр топ өз жұмыстарын қортындылап, таныстырып қорғап шықты. Ал балалардың «Who can catch the Sun?» драманы рөльдік тапсырмалар бойынша орындағанда оқушылардың тілге деген қызығушылығы арта түсті. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Яғни оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсаттарым жүзеге асты деп ойлаймын. Жоғарыда айтылғандай осы оқыту мен оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология әдістерін қолдана отырып, басқа модульдер бір-бірімен ықпалдасып,әрі қарай сабақтың мәнін аша түсіп сабақтың нәтижелілігін көрсетті. Олар сабақ соңында өз рефлексиясын айтқанда, оқушылар бұл бейнефильмнен алған әсері мол екендігін айта кеттіҚазіргі заманғы өмір талабына сай әрбір мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологияны жоғары дәрежеде білуі тиіс, сонымен қатар оқушы да білуі тиіс. Алдағы уақытта сабақ барысында күнделікті ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолданып отыруға тырысам өйткені оқушылардың білімін кеңейтуге жан жақты етуге зор үлесін тигізбек. Таныстырылым жасап, интерактивті тақтадан көрсетіп қорғап шықты. Оқушылардың сапалы білім алуға және де ынтасын арттыру үшін қызығушылық пен белсенділік қажет деп ойлаймын. Менің ойымша қазіргі заман талабына сай АКТ-ны барлық пән мұғалімдері сабақта қолданғаны жөн деп ойлаймын. Болашақтағы тәжірибемде оқушыларға сыни көзбен қарап, қиындықтан шығу жолдарын қарастырамын және өз тәжірибеме өзгерістер енгізуге тырысамын.
Оқушылардың инновацияға қызығушылығы ағылшын сабағында танымдық белсенділіктерін дамытудың негізгі құралы ретінде әрі қарай дамытуға тырысамын. Қорыта келе, мен ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану арқылы сабақтарымды нәтижелі өткізе отырып, оқушыларымның өмірлік құзырлылығын арттырып, мектепте алған білімдерін өмірде қолдануына мүмкіншілік бере алдым деп ойлаймын. Алдағы уақыттары мен барлық сабақтарыма осы ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданамын. Оқушы жан -жақты етіп дамытып,бойындағы ашылмаған қасиеттерді ашу мақсатында осы барлық модульді қолдана отырып оқушының қаншалықты өзгергенін байқауға болатынын білдім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.