Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аядай алтын ұя -

Аядай алтын ұя

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1592 | Размер: | Автор: гость
. Аядай алтын ұя
Күн жылынып табиғат ояна бастаған кезі. Күн қоңыр салқын болғанымен жарқыраған күн өз жылуын еміс-еміс бөліп тұр. Келестен өтіп сол жаққа көз тастаған тұста анадай жерде көрінген аралдай болып тұрған 3-4 ғимаратқа бет алдым. Жақындаған сайын менің бойымды қобалжу билеп барады. Әні-міні дегенше «Даран» мектеп-интернатының табалдырығына таяп қалдым. Әдетте мектеп ауласында жоқ дегенде бір-екі оқушы жүруші еді, ал мұнда бір жанның қарасы байқалмады. Сырт есіктің тұтқасын тарта бергенде қоңырау соғыла бастады, міне енді мектепке ұқсай бастады сұр формасын киіп алған ақ бантикті оқушы қыздар мен қара шалбар ақ көйлек киген оқушы балдар сыныптарынан ағылып шыға бастады. Оқушылардың тәртібі бір қарағаннан-ақ көзге ұрып тұр, мектепке мүлдем бұрын көрмеген бөтен адам болып кірсемде оқушылар жол беріп, амандасып жатты. Екінші қабатқа көтеріліп қабылдау бөліміндігі мектеп директорына кірдім жүзінің жылулығынан жаңағы бойымдағы бар қобалжу қашып кеткені:
- Саламатсызба?
- Саламатсынба?
- Ия, айта беріңіз қандай мәселеңізбен келдіңіз?
- Мені жұмыспен қамту орталығынан жіберді, мен физика пәні мұғалімімін. Мынау менің түйіндемем мен жетістіктерім деп қолымдағы папкамды үстел үстіне қойдым.
Апай папкамды ұзақ қарап шықтыда хатшы қызға Жаңыл апайды шақырып беруді өтінді. Есіктен жасы үлкен жүзінен ұзақ жылдық бейнет байқалатын болмысы салиқалы апай кірді. Менен есеп шығаруымды талап етіп тапсырма кітапшасын алдыма қойды. Есепті шығарып болған соң тапсырмамды алып Жаңыл апай сізге кейін хабарласамыз деп шығарып салды.
Бірер күн өткен соң телефон соғып қайта шақырып алды, бұл жолы жаңыл апайға кірдім әңгімелесі ұзаққа созылғандай болып көрінді. Сан алуан сұрақтар қойып мені жан-жақты сынағандай болды. Ақыры осылайша Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы «Дарын» мектеп-интернатының ұзтаздар құрамына еніп кеттім.
Жұмыс қызу басталып кетті. Мұндағы ұстаздардың талапшылдығы, білімділігі, көрегенділігі, жасы үлкен ұзтаздардың үлгі тұтарлығы мен жас мамандардың белсенділігі не қарап бас июге тұрарлық ұжым екендігін аңғардым.
Күнделікті жұмысқа жауапкершілікпен қарап, оқушыларға мейіріммен білім мен тәрбиені қатар беріп жүрген ұлағатты ұстаздардың еңбегі ере Жұмыс қызу басталып кетті. Ұстаздарымыздың 45,3% жоғары санатты, 32%бірінші санатты, 18,9% екінші санатты, тек 3,8% ғана санатсыз. Ішіміздегі жасы ең үлкен Игамбердиева Ташбуби химия пәнінің апайы өте білімділігі мен көрегендігі кезкелгенімізге өнеге боларлықтай. Амантаева Ботагөз апай қахарлы қыстың аязы секілді сөзі өткір жан. Абишева Гүлдар апай жұмсақ мінезді. Химия пәнінің келесі ұстазы Нұрмаханбетова Гүлдана апай байсалды. математика пәнінің мұғалімі Нұрахов Есіркеп ағай үлкен жасына қарамастан өте жан-жақты әрі белсенді. Утегенова Саодат апай кез-келген оқушыны тәртіпке шақыра біледі, кейде тіпті қызметкерлердіде орнына қойып қоятын сәттері болды. Суранова Нұрила, Үсенбаева Салтанат апайлар жаңашыл ұстаздар. Тарихшы Бекболатова Мұхабат апай шыдамды, ал Мұханова Айжан апай оқушыларды өзін-өзі тануға шақырып жүреді. Тілдер бірлестігіндегі Жүнісова Гүлнар апайымыз сабырлы. Оразымбетова Жазира апайымыз ынтымақтастықа шақырып отырады. Жамалбекова Гүлзат апай кешірімшіл. Бижанова Райка(Роза) апай нағыз совет тәрбиесін көрген жауапкершілікті жан. Ташмуратова Ұлбосын апай өз оқушысы жетістікке жетуі үшін барын салып еңбек ететін ұстаз. Чумбасова Айгүл апай қазақы болмысан жоғалтпаған, жаңашыл ұстаз. Байжанова Жадыра қамқор ана. Дауылбаева Жанат қиындыққа моймайтын тұлға. Жұманова Айгүл апай оқушылар жанашыры социологымыз. Бердіқұлов құрбанбек ағайдың жасы үлкен болғанымен көңілі жас. Төлебаев Мейіржан сабырлы, ұстамды әрі мектебіміздің түлегі. Тұрдалиева Назара апай өте көңілді сөзге тапқыр. Оралова Майра ізденімпаз. Сейданалиев Нұрлыбек ағайдың ән айтқандағы даусы жақсы. Сейданалиев Досжан ағай информатик болғанымен өнері жеті қырлы. Баратов Өміржан қалаған адамымен тіл табыса алады.Умаров Орал ағай жазғы жел секілді суығы жоқ жан. Ержанов Жаббарберген ағайға ұжымымыз үлкен сенім білдіреді. Құдабаева Гүлбану апай мектепте байсалды. Сатыбалдиева Элмира апай тәжірибелі ұстаз және табиғи болмысан жасырмайтын жан. Жолдыбаева Гүлмира апай креативті әрі жауапкершілігі мол жан. Жұбанқызы Жадыра апай инновацияны жақтаушы. Оралбаев Асылбек ағай болмысы сақ тайпасы туралы жазылған кітаптардағы жауынгер бейнесіндей. Салыбеков Нұрдаулет ағай мейірбан өздігінен соқтықпайтын жан. Аталған ұстаздарға ортақ қасиет ол іскерліктері мен білімділіктері, мен секілді ұжымға келген жас мамандарға кешіріммен қарап, қол ұшын ұсынуға даярлығы. Мұндағы ұстаздардың талапшылдығы, білімділігі, көрегенділігі, жасы үлкен ұзтаздардың үлгі тұтарлығы мен жас мамандардың белсенділігі не қарап бас июге тұрарлық ұжым екендігін аңғардым. Біз секілді ұжымға келген жас мамандарға кешіріммен қарап, қол ұшын ұсынуға даярлығы. Күнделікті жұмысқа жауапкершілікпен қарап, оқушыларға мейіріммен білім мен тәрбиені қатар беріп жүрген ұлағатты ұстаздардың еңбегі ерен. Осындай жұмыстардың нәтижесі болар қысқа ғана мен жұмыс жасаған 3 ай ішінде мен көрген мектеп жетістіктері ауыз толтырарлықтай менің көңілімді қуантты. Мектеп өзі бір әлем, ұстаздардың ұйымшылдығы, мен оқушылардың өнерлілігінің арқасында өнер фестивалінен бірінші орын алды. 2015 жылғы ҰБТ нәтижесі жоғары болып шықты. Бәсекелестік пен береке, бірлігі қатар жүрген «Дарын» мектеп-интернатының ұжымы еліміздің болашағына жалындаған мықты ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді. Бітірген оқушылардың 86%-ы грант иегері атанды. Түлектеріміздің әрқасысы ертеңгі күні мықты маман атанатынына үлкен сенім білдіремін.
Міне 2015-2016 оқу жылыда басталып қалды қайтадан бізге тарыдай болып жаңадан оқушылар іріктеліп алынды. Қайтадан алдымызда қызу жұмыс, алар асулар, үлкен мақсаттар тұр.
Жас маман, физика пән мұғалімі: Нарботаева Балжан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.