Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Архимед заңы» -

«Архимед заңы»

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1503 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Алматы облысы, Көксу ауданы,
«Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектеп.

Физика пәні мұғалімі:
Серикова А.С.

Сабақ тақырыбы: «Архимед заңы»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «Архимед заңы» тақырыбын түсіндіре отырып, білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жаттығулар арқылы оқушылардың ой-өрісін белсенді дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері:
- Тірек-сызбалар;
- Сызбалар;
- Үлестірме карточкалар;
- Венн диаграммасы;
- Динамометр, жүк, суы бар ыдыс.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ барысы:
І – кезең: Ұйымдастыру кезеңі..
ІІ – кезең: Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ – кезең: Теориялық блок.
ІV – кезең: Практикалық блок.
V – кезең: Қорытындылау.
VІ – кезең: Бағалау.
VІІ – кезең: Үйге тапсырма беру.

І – кезең: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.
ІІ – кезең: Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою арқылы.
ІІІ – кезең: Теориялық блок.
- Оқушыларға жаңа сабақты баяндау арқылы түсіндіру;
- Тірек-сызбаларды пайдалану.

Тірек-сызбалар:

F=pS=ρghS;
FЫ=F2-F1=ρgh2S-ρgh1S=ρgS(h2- h1)= ρghS= ρgV;
FЫ= ρС gVД немесе FА= ρС gVД
Архимед күші: FА= ρС gVД

- Венн диаграммасы:
Архимед күші мен ауырлық күші

І-қайталау: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою:
1. Сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әсер етеді?
2. Архимед заңын тұжырымдаңыз.
3. Архимед күшін сипаттайтын формуланы жазыңыз.
4. Архимед күшінің өлшем бірлігін қорытып шығарыңыз.
5. Архимед күшін анықтайтын формуладағы шамалар.

ІІ-қайталау: «Ойлан-тап» ойыны

Сұйық тығыздығы g кг/м3

Тұрақты шамалар V 9,8Н/кг

Дене көлемі ρ м3

ІV-кезең: Практикалық блок
Оқушылар берілген тақырып бойынша есептер шығарады (үлестірме-карточкалар арқылы).

V-кезең: Бекіту
Динамометр, жүк, суы бар ыдыс көмегімен Архимед заңын сипаттайтын демонстрация көрсету көрсету.

VІ-кезең: Бағалау
VІІ-кезең: Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.