Меню
Назад » » »
«Ғажайып физика»
загрузка...

загрузка...
«Ғажайып физика»

Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;
І-жүргізуші
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Кешімізді бастайық.
ІІ-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.

І-жүргізуші : Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Ғажайып физика» атты сайыс кешіне қош келдіңідер!

ІІ-жүргізуші: Біз бүгінгі кешімізді 7-9 -ші сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз. Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-Жүргізуші:
Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:
1-топ «Архимед» тобы
2-топ «Ампер» тобы
3-топ «Ньютон» тобы
4-топ «Паскаль» тобы
Сайысымыздың турларымен таныс болайық:
Сайыстың барысы:
1. І тур. «Өткел» - сұрақ –жауап.(әр топқа 10 сұрақ)
2. ІІ тур. «Физик – ғалымдар» - қабырға газетін дайындау
3. ІІІ тур «Кім жылдам?»-есептер шығару.
4. ІV тур «Қарапайым тәжірибе» - тәжірибе көрсету.
5. V тур «Ойлан тап!» -сәйкестендіру.
1-жүргізуші:
І тур. «Өткел» - сұрақ-жауап. (Әр топқа 10 сұрақ оқылады)Әр жауап 1 балл.
1-топ Архимед тобына:
1. Физика не туралы ғылым? (табиғат)
2. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
3. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
4. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
5. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
6. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
7. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
8. Табиғат туралы ғылым. физика)
9. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
10. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
11. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
12. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы (инерция)
13. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)
14. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)
15. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді (орын ауыстыру)
16. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
17. Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді?
18. Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)
19. 1969 жылы айға табан тіреген американдық ғалымдар (Армстронг пен Олдрин)
20. Ғылыми деректермен негізделген болжам (жорамал – гипотеза)

2-топ «Ампер» тобына:
1. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
3. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
4. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
5. Су неше градуста қайнайды? (100)
6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
7. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
8. Дененің температурасы артқан сайын, оның ішкі энергиясы (артады)
9. Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)
10. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)
11. Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)
12. Газдың көлемі тұрақты болып, оның температурасы мен қысымы өзгеретін болса, ол процесс қалай аталады? (изохоралық)
13. Жылу процестерінің қайтымсыздығы (термодинамиканың ІІ заңы)
14. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (электрон)
15. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
16. Мұз неше градуста ериді?, су неше градуста қатады? (Ноль)
17. Тізбек бөлігіндегі ток каүші қай заң арқылы өрнектеледі? (Ом)
18. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қай шама тұрақты болады? (ток күші)
19. Қыздыру шамының қылы қандай элемент (вольфрам)
20. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы қалай атайды? (меншікті кедергі)
3-топ «Ньютон» тобына:
1. Материяның ажырамас қасиеті (қозғалыс)
2. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)
3. Қандай жағдайда денелер бірдей уақытта жерге құлайды? (ауасы жоқ ортада )
4. Пиза қаласындағы көлбеу мұнарада тәжірибе жасаған кім? (Г.Галилей)
5. Еркін түсі үдеуінің мәне нешеге тең (9,8 м/с2)
6. Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қалай аталады? (қисықсызықты қозғалыс)
7. Бір айналыс жасауға кеткен уақыт қалай аталады? (Период)
8. Тек сан мәнімен ғана сипатталатын шама қалай аталады? (скаляр)
9. Ньютонның неше заңы бар? (3)
10. Табиғаттағы күштеді ата (ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші,т.б.)
11. И.Ньютон 1687 жылы қай заңды ашты (Бүкіләлемдік тартылыс заңы)
12. Импульс грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (соққы)
13. Қозалып келе жатқан денеде қандай энергия болады? (кинетикалық)
14. Тербелмелі қозғалысқа нелер жатады? (бесіктің, әткеншектің тербелісі, бұтақтың тербелісі, т.б.)
15. Тербеліс периодының өлшем бірлігі (с)
16. Созылмайтын салмақсыз жіңішке жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды қалай атайды? (математикалық маятник)
17. Дыбыс барлық ортада бірдей таралама? (жоқ, әртүрлі)
18. Аспанда балығы неше шоқжұлдыз бар (88)
19. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары кімдікі (Кеплер з.)
20. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын қалай атайды? (жылулық сәулелену)
2 – жүргізуші: ІІ тур. «Физик - ғалымдар» - қабырға газеттерін шығару және оны қорғау. Бағалануы: 5,4,3 ұпай
ІҮ тур. «Кім жылдам? » -есеп шығару. Әр топқа 2 есептен беріледі. Бағалануы: 5,4,3
1-топ «Архимед» тобына
№1. Мұздың ауданы 8 м2, қалыңдығы 25 см. Егер осы мұзда салмағы 600 Н адам тұрса, онда ол толығымен тұщы суға батып кетеп ме еді?
№2. Адам суда 9 м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? (теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3)
2-топ «Ампер» тобына
№1. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия шығындалған. Шамдағы ток күші неге тең?
№2. Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс жасағанда, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
3-топ «Ньютон» тобына
№1. Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10 Гц, ол 3 минутта қанша рет қанатын қағады?
№2. 4 км қашықтықтағы бақылаушы зеңбіріктің атылған дыбысын, оның жарқылынан кейін 12 с өткенде естіген. Ауадағы дыбысьтың таралу жылдамдығын табыңдар.

Көрермендерге
1- жұмбақ.
Хабар алған алыстан,
Екі өріс табысқан. (Электромагниттік өріс)

2- жұмбақ.
Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға енінбейді? (Молекула)
3- жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
4- жұмбақ.
Күш көбейсе артады,
Аукадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)
5- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)

5. V тур «Ойлан тап!» - сәйкестендіру

Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі.

Шама Белгіленуі Бірлігі Шама Белгіленуі Бірлігі
Күш F Н, Ньютон Жол S м
Жылдамдық V м/с Циклдік жиілік Гц
Жұмыс A Дж Период T С
Уақыт t с Толқын ұзындығы
М
Үдеу a м/с2 Катушка индуктивтілігі L Гн
Кернеу U В Конденсатор сыйымдылығы C Ф
Кедергі R Ом Магнит индукциясының векторы
Тл
Қуат N(P) Вт Электр өрісі кернеулігі
В/м
Жиілік Гц Толқын ағынының тығыздығы I Вт/м2
1-жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4- жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
IV. Қорытынды.
ІІ-жүргізуші: сонымен біздің «Ғажайып физика» атты сайыс кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.
Қонақтардың ішінен белсене қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Ғажайып физика» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 390 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar