Меню
Назад » » »
Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері
загрузка...

загрузка...
Сабақ жоспары
Сабақ реті_12 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 9.10.15
Сабақтың тақырыбы: Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
1. Заттардың әртүрлі күйлерімен таныстыру және осы күйлердегі заттардың қасиеттері, кристалдық тор ұғымдарын қалыптастыру
2. Оқушыларды өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуіңе ықпал ете отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-өзі сыйлауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: су, бояу түйіршіктері, термометр, 27-сурет ,нтерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, химия
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?
4. Диффузия дегеніміз не?
5. Диффузияның температураға байланысы бар ма?
6. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
7. Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?
8. Су молекуласының құрамы туралы не білесіңдер?
9. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге борлады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Көптеген тәжірибелер заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. Мысалы, өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұдан затты құрайтын ұсақ бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады деп жорамалдауға болады.
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп атайды.
Қатты денелерде де диффузия құбылысы байқалады.
Мысалдар айта кетемін.
Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы жануарлар дем алып, тіршілік ете алады.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Ауаның жылынуы мен салқындауы, мұздың еруі, судың буға айналуы, металдардың балқуы, газдардың сұйылуы – осылардың барлығы да денелердің жылулық күйініңі өзгерісін білдіреді.
Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады. Денелердің температурасын термометрмен өлшейді. Температураны өлшегенде Цельсий немесе Кельвин шкалалары қолданылады. Температураның өлшем бірлігін градус деп атайды.
Көптеген тәжірибелер денелердің температурасы олардың құрамына кіретін молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгеретінін дәлелдеді. Мысалы, қант пен тұз суық суға қарағанда ыстық суда тезірек ериді. Оның себебі: ыстық судың молекулалары салқын судың молекуласына қарағанда жылдамырақ қозғалады. Сөйтіп қант бөлшектерін ыстық су молекулалары жиі-жиі соққылап, тездетіп ерітеді.
Екі металды түйістіріп, балқыта қыздырсақ, олар бірімен-бірі берік тұтасасып қалады. Өйткені молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, екі металдың бөлшектерінің бір-біріне өтуі шапшаңдайды. Бұл құбылысты шеберханадағы ұсталар металдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланады.
Тәжірибенің нәтижелерін былайша қорытындылаймыз: дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады. Міне, сондықтан температура дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама болып табылады.
Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде: қатты, сұйық және газ күйлерінде болады.
Қатты: кристалл тәрізді түзіледі,молекулалар жақын орналасады, пішінін, көлемін сақтайды. Сондықтан қатты денені сығу немесе тартып созу өте қиын. Көптеген денелер қатты күйге ауысқанда оны құрайтын молекулалар кристалдық тор құрайды және жақынырақ орналасады.
Қатты дененің молекулаларының орналасуы
Сұйық: пішінін оңай өзгертеді,ыдысқа байланысты,көлемін сақтайды, аққыш, молекулалары ретсіз орналасады. Сұйықтардың бұл қасиеті күрделі пішінді металл бұйымдарын жасауға пайдаланады. Ондай бұйымдарды алу үшін балқыған металды, арнайы жасалған қалыптарға құйып, қатырады. Сұйықтың молекулаларының орналасуы
Газ: молекулалары алшақ орналасады, тұрақты көлемі,пішіні болмайды, берілген көлемді түгел алады, оңай сығылады. Ауаның бар екенін, оның газ молекулаларынан тұратын тыныстап дем алғанда, жел соққанда, жүйрік атпен жүйтки шапқанда сезінеміз.
Газдардың молекулаларының орналасуы
Мысалы: су үш күйде бола алады. Қатты күйі мұз, сұйық күйі –су,
газ тәрізді -бу. Олай болса заттың үш күйін МКТ –ның қағидаларын қолдана отырып түсіндіруге болады. МКТ-ның үш қағидасы бойынша кез-келген зат өте ұсақ бөлшектерден тұрады және олар үздіксіз қозғалыста бола отырып, бір-бірімен өзара әрекеттеседі.
IV. Жұмысы.
1. Сұйықтардағы диффуия неге газдар диффузиясына қарағанда баяу жүреді?
_____________________________________________________________________________________________

2. Неліктен біз гүлдің иісін алыстан сеземіз?
_____________________________________________________________________________________________

3. Заттың молекулалары бір-бірін тартады. Бірақ олардың арасы неге ашық?
_____________________________________________________________________________________________

4. Температура дегеніміз -________________________________________________

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды?
2. Диффузия деген не?
3. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
4. Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер?
5. Температура дегеніміз не?

VI. Сыныпта орындалатын тапсырма.
Тәжірибе:
Стақанға суық су құйыңдар да, оның түбіне бір түйір марганцовка тастаңдар. Суды араластырмай, қанша уақыт өткен соң марганцовка молекулалары судың үстіңгі қабатына жететінін анықтаңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
VII. Үйге тапсырма. § 9,10. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру
VIII. Қорытынды. Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 735 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar