Меню
Назад » » »
Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молеклалық-кинетикалық көзқарас н
загрузка...

загрузка...
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молеклалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дене температурасының жылдамдыққа тәуелділігін түсіндіру; заттың агрегаттық күйлері және олардың қасиеттері жөнінде қысқаша мәлімет беру;
Дамытушылық: өз бетімен білім алуға дағдыландыру; физикалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: жауапкершілікке, алған білімдеріне тиянақтылықпен қарауға үйрету
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сөзжұмбақ, физиалық диктант, демонстрациялық тәжірибе
Пән аралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндері
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру
А) Оқушылармен сәлемдесу, тексеру
Ә) сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
Б) сыныптың назарын сабаққа аудару

2)Үй тапсырмасын тексеру
А) сөзжұмбақ «Молекула»
1. Заттың құрылысының молекулалық-кинетикалық теориясының негізін қалаған кім?
(Ломоносов)
2. Эксперимент жүзінде молекуланың үздіксіз әрі ретсіз қозғалыста болатынын дәлелдеген кім?
(Броун)
3. Элементар бөлшектер қатарына жатады? (электрон)
4. Заттар неше түрге жатады? (екі)
5. Заттар қандай бөлшектерден тұрады? (молекула)
6. Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларының арлығындағы бос кеңістікке енуі
(диффузия)
7. «Диффузия» латынша қандай мағынаны білдіреді? (таралу)
8. Молекулалар қандай бөлшектерден құралады? (атом)


М







О



Л

Е


К


У


Л


А

Ә) Физикалық диктант
1. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы броундық қозғалыс деп аталады.
2. Молеклалар мен атомдар үздіксіз, ретсіз қозғалыста болады.
3. Кез-келген атом үштүрлі элементар бөлшектерден тұрады. Олар: электрон, протон, нейтрон
4. Әр элементтің атомы – сол элементтің химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі
5. Заттардың 99 % -ы ең жеңіл екі элементтен: сутек пен гелийден құралады.

3) Жаңа білімді игерту
«Түртіп алу» стратегиясы
Негізгі түсініктер:
1. Температура. Оның шкалалары, өлшем бірлігі
2. Заттың агрегаттық күйлері . Олардың қасиеттері
Аталған түсініктер бойынша оқулықпен жұмыстану ең негізгі мәліметтерді дәптерлеріне түсіру. Бұл тапсырма оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

4) Білімді бекіту
Есептер жинағымен жұмыстану

5) Үйге тапсырма
§ 9, 10

6) Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, күнделіктеріне баға қою Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молеклалық-кинетикалық көзқарас н можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Физикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 364 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar