Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар. Электромагниттiк толқындарды шығару. Герц тәжiрибелерi. -

Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар. Электромагниттiк толқындарды шығару. Герц тәжiрибелерi.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4342 | Размер: | Автор: гость
. Сабақ жоспары
Сабақ реті_14 Пәні физика Сынып 11 Күні__________
Сабақ тақырыбы: Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар. Электромагниттiк толқындарды шығару. Герц тәжiрибелерi.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға Максвелл теориясының идеялары туралы түсінік беру; Оқушыларға электромагниттік толқындар, ашық жабық тербелмелі контурлар, Герц тәжірибелері туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ө¬з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: геометрия, алгебра
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Эрстед (1820)
Фарадей Дж. Максвелл (1864) екі постулат:

1. Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.
Магнит индукциясы артса артса, құйынды электр өрісі кернеулік векторының бағыты сол бұранда ережесімен анықталады.
Магнит индукциясы кемігенде кернеулік векторының бағыты оң бұранда ережесімен анықталады.


2. Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.
Электр өрісінің кернеулігі артқанда пайда болатын магнит өрісінің индукция векторы векторымен оң бұранда жасайды.
Керісінше , электр өрісінің кернеулігі кемігенде магнит индукциясының векторы векторымен сол бұранда жасайды.





Электрмагниттік өріс-материяның ерекше бір түрі, электр және магнит өрістерінің жиынтығы.
Егер заряд жылдамдығы нөлге тең болса, тек электр өрісі пайда болады.
Заряд жылдамдығы тұрақты болса, электромагниттік өріс пайда болады.
Заряд үдемелі қозғалса, электромагниттік толқын шығарылады.
Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.

Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 300000000 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде таралады.


Жарық - электромагниттік толқын.
Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқын ұзындығын береді.

Электромагниттік толқын көлденең толқын.
Электромагниттік толқын электр зарядтарының үдемелі қозғалысынан туындайды.1887-1888 жылдар аралығында Г.Герц электромагниттік толқындардың бар екендігін эксперимент жүзінде дәлелдеді.

Жабық тербелмелі контур.


Егер катушканың орам сандарын да азайта бастасақ, онда индуктивтілік кемиді.


Ашық тербелмелі контур немесе Герц вибраторы.


Ашық тербелмелі контурдың сыйымдылығы мен индуктивтілігі өте аз. Сондықтан вибратордағы электромагниттік өріс тербелістерінің меншікті жиілігі аса жоғары болады.

Герц тәжірибелері.

IV. Пысықтау.
1. Фарадейдің қандай идеялары Максвелдің теориясында жалғасын тапты?
2. Құйынды электр өрісінің көзі неде?
3. Магнит өрісін тек қозғалыстағы зарядтар ғана емес, уақыт бойынша өзгеретін электр өрісі да тудыратынын қалай түсіндіруге болады?
4. Өткізгіштік ток пен ығысу тогының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
5. Максвелл теориясына кіретін негізгі физикалық шамаларды атаңдар.
6. Электр өрісі бар санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне ауысқанда неге магнит өрісі де пайда болатынын және керісінше жағдайдф қысқаша түсіндіріңдер.
7. Электромагниттік толқын деген не?
8. Электромагниттік толқынның вакуумдегі және ортадағы таралу жылдамдығы қалай анықталған?
9. Электромагниттік толқынның таралу бағытын қалай анықтауға болады?
10. Неліктен жабық тербелмелі контур электромагнитті толқынды шығарып тарата алмайды?
11. Неге ашық вибраторда электромагниттік тербеліс кезінде толқын шығарылады?
12. Герцтің электромагниттік толқынды қоздыру және тіркеу тәжірибелерін түсіндіріңдер.

Кестені толтыр.

Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.
Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.



Венн диаграммасын толтыр.


V.Есептер шығару. Кітаппен жұмыс. Есептер шығару.
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: : Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар. Электромагниттiк толқындарды шығару. Герц тәжiрибелерi. оқу, 15.3-15.6 жаттығулар, 82 бет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.