Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары -

Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 12528 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі
Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары
11 сынып (68 сағат, аптасына 2 сағаттан)

Мақсаты:
- Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру.
- Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.

Міндеттері:
- Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
- Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
- Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
- Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар).

Күтілген нәтижелер:
қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;
- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;
- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;
- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;
- ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.

Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:
1. Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.
2. «Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.
3. Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.
4. Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.
5. Бейінді оқытуды ұйымдастыру (қолданбалы курс бағдарламасы). Алматы 2009ж.
6. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 8-9 сынып». Алматы 2006ж.
7. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 10-11 сынып». Алматы 2006ж.
8. Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.
9. Электронды оқулық «физика 10 сынып».
10. В.С Волькенштейн «Жалпы физика курсының есептер жинағы». Алматы «мектеп» 1980ж.
11. Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».


Күнтізбелік жоспар
№ Тақырыбы Сағат саны Ұйымдастыру формасы
Жылу құбылыстары 5
1 Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы 1 Лекция
2 Балқу және қатаю, меншікті балқу жылуы, Булану, қайнау, меншікті булану жылуы 1 Лекция
3 Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК 1 Лекция
4 Жылу құбылыстарының есептері 1 Есеп
5 Қазақстанның жылу энергетикасы 1 Оқушы рефераты
Электр құбылыстары 5
6 Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз 3 Лекция / есеп
7 Электр тізбегіне арналған есептер 1 Есеп
8 Жылу құбылыстары және электр бөліміне арналған тест 1 Емтихан
Электр – магниттік құбылыстар 2
9 Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, электро – магниттік индукция 1 Лекция
10 Электр – магнитті құрастыру және оның әсерін сынау 1 Зерт. жұмыс
Жарық құбылыстары 2
11 Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар 1 Лекция
12 Линза көмегімен кескін алу 1 Зерт. Жұмыс және есеп
Қозғалыс және денелердің өзара әсері 5
13 Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 2,1 заңдары, масса және салмақ. Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы 3 Лекция және есеп
14 Қозғалыстарды электронды бейнелеу 1 Электронды оқыту
15 Электр – магнит, жарық және механика бөліміне тест 1 Емтихан
Тербелістермен толқындар 3
16 Тербелістер, резонанс, эм тербелістер 1 Лекция
17 Маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау 1 Зерт. Жұмыс
18 «Қазсәт 2» және Қазақстан ғарыш әлемінде 1 Оқушы рефераты
Аспан сферасы 2
Жұлдызды аспан, жергілікті, белдеулік және бүкіл әлемдік уақыт. Кеплер заңы. 2 Лекция және есеп
Атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану 4
19 Фотоэффект, радиоактивтілік 3 Есеп және лекция
20 Қазақстанда атом энергиясынан пайдаланатын өндіріс орындарын құру керек пе? 1 Сөз сайысы
Механика 5
21 Кинематика, динамика, сұйықтармен газдардың қозғалысы 4 Лекция және есп
22 Үйкеліс коэффицентін әр түрлі тәсілмен анықтау 1 Зерт. Жұмыс
Молекулалық физика және термодинамика 6
23 Молекулалық – кинетикалық теория негіздері 3 Лекция және есп
24 Термодинамика негіздері 2 Лекция және есеп
25 Қазақстан жылу энергетикасы 1 Оқушы рефераты
Электродинамика 9
26 Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы 7 Лекция және есептеулер
27 Электромагниттік индукцияны зерделеу 1 Зерт. Жұмыс
28 Механика, молекулалық физика, электродинамика бөліміне арналған тест 1 Емтихан
Электродинамика (жалғасы) 6
29 Электромагниттік тербелістер, айнымалы ток, электромагниттік толқындар 5 Лекция және есп
30 Айнымалы токтың пайда болу заңдылығы 1 Зерт. Жұмыс
Оптика 3
31 Жарық толқындары, дифракция, жарықтың сынуы, линзалар 2 Лекция және есеп
32 Проекторды пайдаланып электронды оқыту 1 Электронды сабақ
Кванттық физика 5
33 Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы 5 Лекция және есеп
әлем 3
33 Жұлдыздар және күн, планеталар 3 Электронды сабақ және лекция
34 ҰБТ – ке дайындық 3 Тест
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.