Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Физика пәнінене ҰБТ – де кездесетін кейбір есептердің шығару жолдары -

Физика пәнінене ҰБТ – де кездесетін кейбір есептердің шығару жолдары

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 8126 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Физика пәні мұғалімі Садыкова Эльмира Тулегеновна
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп

Физика пәнінене ҰБТ – де кездесетін кейбір есептердің
шығару жолдары:
Есеп шығару – ой жұмысы. Физикалық есеп – физикадағы заңдылықтар, ережелер, формулаларды меңгеруге, оларды қолдана білуге дағдыландаруға, ойлау қабілетін
дамытуға бағытталған жағдаят. Қиындығы жоғары есептерді шығару үшін жан – жақты жүйелі білім қажет. Кейбір тараулардағы осындай есептердің шығарылу жолдарын қарастырайық.
№1 Доп көкжиекке 300 бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Лақтырылған соң 0,8 с уақыт ішіндегі доп жылдамдығының модулі ( cos 300 = 0,87 ; sin 300 = 0,5 ; g = 10 м/с2 )
А) ≈2 м/с В) ≈ 8,3 м/с С) ≈ 8,7 м/с Д) ≈ 9,2 м/с Е) ≈ 12,8 м/с
Шығарылуы: Берілгені : ϑ_0 = 10 м/с ; t = 0,8 c ; α = 300 .
Табу керек: ϑ
Шешуі : Жылдамдықтың Х осіндегі проекциясы : ϑ_х= ϑ_0∙cos⁡α =
10 м/с ∙ 0,87 = 8, 7 м/с
Жылдамдықтың У осіндегі проекциясы : ϑ_у= ϑ_0∙sin⁡α -gt =
10 м/с ∙ 0,5 – 10 м/с2∙ 0,8 = - 3 м/с
ϑ= √(ϑ_х^(2 )+ ϑ_у^(2 ) ) = √(75,69+9)= √(84,69) ≈9,2 м/с Дұрыс жауап : Д
№ 2 Ауырлық күші оның Жер бетіндегі мәнінің 36% - ін құрайды. Оның Жер бетінен биіктігі : (Жер радиусы 6300 км)
А) 5000 км В) 4000 км С) 3600 км Д) 4200 км Е) 4600 км Шығарылуы : Берілгені : F=0,36 F_ж ; R_ж =6300 км
Табу керек : һ
Шешуі: Жер бетіндегі тарту күші : F_ж =G (M m)/(R_ж^2 ) (1 )
һ биіктіктегі тарту күші : F=G (M m )/〖( R_ж+һ )〗^2 (2)
(1) және (2) формулалардың қатынасын алатын болсақ:
F_ж/(Ғ )= 〖(R_ж+һ)〗^2/R^2 ⇒ F_ж/(0,36 ∙F_ж )= 〖(R_ж+һ)〗^2/R^2 ⇒ 1/(0,36 )= 〖(R_ж+һ)〗^2/R^2 ⇒
( 1/0,6 )2 = ((R_ж+h)/R_ж )2 ⇒ 1/0,6 = (R_ж+h)/R_ж ⇒ h = R_ж/(0,6) - R_ж = 4200 км
№3. Массасы 1,5 т автомобиль көлбеулік бұрышы 300 жолмен жоғары қарай 15 кН тарту күші әрекетінен 0,5 м/с2 үдеумен жоғары көтеріледі. Автомобиль дөңгелегінің жолмен үйкеліс коэффициенті:
( cos 300 = 0,87 ; sin 300 = 0,5 ; g = 10 м/с2 )
А) 0,45 В) 0,3 С) 0,52 Д) 0,2 Е) 0,1

Шығарылуы: Берілгені : m = 1,5 т = 1,5 ∙103 кг ; α = 300 ;a=0,5 м/с 2 ;
Ғт = 15 ∙ 103 H . Табу керек: μ
Шешуі: Ньютонның ІІ заңын пайдаланып:
ma= F_т-mgsinα- μmgcosα Осыдан,
μ= (F_(т )-mgsinα-ma )/(mg cos⁡α ) = (15 ∙ 〖10〗^3-1,5 ∙ 〖10〗^3∙10 ∙0,5 -1,5 ∙ 〖10〗^(3 )∙0,5 )/(1,5 ∙ 〖10〗^3∙10 ∙0,87)=0,52 Дұрыс жауап : С
№4. 3 моль біратомды идеал газға изохоралық процесте 10 кДж жылу бергенде , газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса , газдың соңғы температурасы:
А) ≈500 К В) ≈100 К С) ≈ 300 К Д) ≈400 К Е) ≈200 К
Шығарылуы: Берілгені: V = const ; v=3 моль ; Q = 104 Дж ; ϑ_2=3∙ϑ_1 Табу керек : Т2
Шығарылуы: Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса , температура 9 есе артады , себебі мына формуладан ϑ= √(3RT/M) ϑ^2 ~ T , яғни Т2 =9T1 ⇒ T1 = T_2/9
Изохоралық процесс кезінде газ жұмысы А/ = 0 , ∆ U=Q= 3/2 v R ( T_2- T_1 )
T1 – ді қоятын болсақ, Q = 3/2 v R ( T_2- T_2/9) = 3/2 v R∙ 〖8T〗_2/9 = 4/3 v R T_2
Осыдан Т2 – ні табатын болсақ , Т_2= (3Q )/(4v R ) = (3 ∙ 〖10〗^4)/(4∙3 ∙8,31) (К) ≈ 300 К
Дұрыс жауап : С
№5. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с , массасы 10 г. Егер траекторияның ең жоғарғы нүктесіндегі оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан:
А) 600 В) 300 С) 1800 Д) 450 Е) 900
Шығарылуы : Берілгені : ϑ_0 = 600 м/с ; m = 10 г ; Ек = 450 Дж
Табу керек: α
Шешуі : Траекторияның ең жоғарғы нүктесінде ϑ_у=0, ал 〖 ϑ〗_х= ϑ_0∙cos⁡α
Сондықтан E_k= (m ϑ_x^2)/2 = (m ∙ϑ_0^2∙〖cos〗^2 α)/2
Бұдан, cos α = √((2 E_k)/(m ϑ_0^2 )) = √(900/3600 )= √(1/4)= 1/2 ; α = 600 . Дұрыс жауап : А
№6. Қараңғыды кедергісі R = 25 кОм фоторезисторға кедергісі r = 5 кОм резисторды тізбектей қосты. Фоторезисторды жарықтандырғанда тізбектегі ток күші ( ток көзінің бастапқы кернеуінде) 4 есе артты. Фоторезистор кедергісінің азаюы:
А) 5 есе В) 10 есе С) 8 есе Д) 4 есе Е) 6 есе
Шығарылуы: Берілгені : R = 25 кОм ; r = 5 кОм ; I2 = 4 I1 .
Табу керек: (R )/(R_1 )
Шешуі: Өткізгіштер тізбектей жалғанған . І жағдай үшін: І_1= U/(R+r )
II жағдай үшін: I_2= U/(R_1+r ) Осы екеуінің қатынасы аламыз І_2/І_1 = (R+r )/(R_1+r ) ⇒ 〖4 I〗_1/I_(1 ) = (R+r )/(R_1+r ) ⇒ 4 R_1=R-3r ⇒ R_1= (R-3r )/(4 ) = ( 25-15)кОм/4 = 2,5 кОм .
Бұдан (R )/(R_1 ) = (25 кОм )/(2,5 кОм)=10 есе Дұрыс жауап : В

№7. Тізбектің ішкі кедергісіндегі кернеу кедергісі 5 Ом жүктемедегі кернеуден 10 есе кем. Ток көзінің ЭҚК – і 11 В болса, тізбектегі ток күші:
А) 1 А В) 5 А С ) 2 А Д) 4 А Е) 3 А
Шығарылуы: Берілгені : U_жүк=10U_і ; R = 5 Ом ; E = 11 В
Табу керек : І
Шешуі : Ток көзінің E = U_жүк+ U_і ⇒ E = 10U_і+ U_і ⇒ E = 11 U_і ⇒ U_і = 1 В
U_жүк=10U_і = 10∙ 1 В = 10 В Бұдан I= U_жүк/R = (10 В )/(5 Ом )=2 А Дұрыс жауап : С
№8. Орамның кедергісі 10 Ом , индуктивтілігі 2 Гн соленоид темір өзекшесімен алғашында кернеуі 20 В тұрақты ток желісіне , содан соң әсерлік мәні 20 В , жиілігі 0,4 кГц айнымалы ток желісіне қосылған соленоид арқылы өтетін ток мәні ( бірінші жағдай үшін ) ; токтың амплитудасы ( екінші жағдай үшін ):
А) 2 А ; 2,4 мА В) 2 А ; 10 мА С) 2А ; 10 А Д) 2 А ; 5,6 мА Е) 2 А ; 3,4 мА
Шығарылуы : 1 – жағдайда :
2) Дұрыс жауап : Д
№9. Энергиясы W зарядталған кернеу көзінен ажыратылған жазық конденсатордан диэлектрик өтімділігі ε диэлектрик пластинасын суырып алу үшін жасалатын жұмыс:
А) 1/ε W В) ε W С) (( ε-1 ))/ε W Д) ( ε+1 )∙W Е) (( ε-1 ))/(ε W )
Шығарылуы: Жұмыс А = W_ - W_1
Кернеу көзінен ажыратылған конденсатор энергиясы,
ε=1 ; W = q^2/(2C ) = (q^2 d)/(2 ε_0 S ) және диэлектрик өтімділігі ε –ге тең конденсатор энергиясы
W_1 = q^2/(2C ) = (q^2 d)/(2 εε_0 S ) A = (q^2 d)/(2 ε_0 S ) – (q^2 d)/(2 εε_0 S ) = (q^2 d)/(2 ε_0 S ) (1 - 1/ε ) = (( ε-1 ))/ε W
№10. Массасы 32 г мыс кесегінің барлық электрондарының зарядын анықтаңыз. Мыстың атомдық массасы 64 г/моль , электрон заряды 1,6 •10 -19 Кл , мыстың Менделеев кестедегі реттік нөмірі 29 . ( NА = 6,02 •1023 моль -1 )
А) 2,8•106 Кл В) 1,4 •106 Кл С) 1,4•10-6 Кл Д) 4,2•106 Кл Е) 2,8•10-6 Кл Шығарылуы : q = ZeN = 1,4•106 Кл . Дұрыс жауап : В

Жалғасы бар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.