Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. -

Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1388 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Қарағаш орта мектебі КММ
Физика пәнінің мұғалімі
Бейсенов Жанибек Қараұлы

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақтың мақсаты:
Тұрмыста және күнделікті өмірдегі үйкеліс күшінің маңызын анықтау
Үйкеліс күшінің табиғатын анықтау
Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянын дәлелдеу
а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
ә) Дамытушылық сабақ барысында алған білімін пысықтау және қабылдаған ақпаратты салыстыруды үйрету.
б)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың техникалық құралы: Компьютер, документ камера, интерактивтік тақта, экран.
Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық
оқулық, слайдтар .
І.Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, тексеру)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ.Жаңа сабақ;
IV.Бекіту;
V.Үйге тапсырма;
VI.Сабақты қорытындылау (бағалау).
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау
Күш және ауырлық күші тақырыптарын қайталау
а) Күш дегеніміз не ?
б )Күштің өлшеу бірлігі
в ) Ауырлық күші дегенімз не ?
г)Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі
ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
Оқушылар алдарына сабақ барысында шешетін сұрақтарды қою :
• Үйкеліс күшінің физикалық табиғатын анықтау
• Оның пайда болу себептерін
• Үйкеліс күшін азайтатын және көбейтетін тәсілдер
• Үйкеліс күштерінің түрлерін
• Үйкеліс күшінің табиғатта байқалуы және практика жүзінде пайдалануы
Оқушылар мұғалім көмегімен тіреу конспект орындайды

Тең күш түскенде Fдомаалау< F сырғанау
Пайда болу себептері жанасатын беттердің тегіс болмауы
Молекулалардың өз-ара тартылысы
Үйкеліс күштерін өзгерту тәсілдері Көбейту (жолдарға құм төсеу,
доңғалақтарға шиптар орнату)
Азайту (материалдары майлау,
Подшипниктер пайдалану)
IV Эксперименттік тапсырма
Мұғалім : Эксперименттік тапсырманы зерттеу үшін келесі тапсырманы орындау керек :
• Эксперименттік тапсырманы орындау
• Сұрақтарға жауап беру
• Қорытындысын дәптерге жазу
а) Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен кітап қозғалды?
Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен
Мұғалім : ә) Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қоямыз. Аз бұрышта білеуше орнында қалады. Неге ?
Оқушы : Көлбеу жазықтықта білеушені үйкеліс күші ұстап тұрады
Мұғалім : Динамометр көмегімен білеушені қозғалтамыз ,тыныштықтағы үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшіне айналады және ол қозғалыс бағытына қарсы бағытталған.Үйкеліс күші неге тәуелді ?
Оқушы : 1.Жанасатын бетердің тегіс еместігіне.
2.Заттар материалының тегіне

Мұғалім : Білеушенің үстіне бір, екі ,үш жүк қойып үйкеліс күшін өлшеңдер
(Оқушлардың үстелінде білеуше,динамометр,жүк, трибометр және кестесі бар бланктер)
№ Білеуше салмағы, Р (Н) Сырғанау үйкеліс күші Fүйк (H)
1
2
3
Тәжірибені орындағанан кейін оқушылар келесі қорытындыға келеді :
Дененің салмағы көбейген сайын , сырғанау үйкеліс күші көп болады.




V БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ПЫСЫҚТАУ
Үйкеліс күші дегеніміз не ,ол қалай бағытталған ?
Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?
Үйкеліс күшінің қандай түрлерін білесіңдер?
Үйкеліс күшін қандай аспаппен өлшеуге болады ?

VI РЕФЛЕКСИЯ
Мен сабақтан қандай жаңалық алдым ..........
Мен сабақтан нені үйрендім ..........
Сабақтан алған білімімді пайдалана алам ..................

VII. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.